239
түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық
тәсілдерді,
оқу
материалдарын
қолдана
біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу
мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана
біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған
білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін
арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер -
педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып,
оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен
жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-
сырларын білуге жетелейді.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы
бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету
жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен
елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге
қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді
салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет» Н.Ә. Назарбаев.
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен
ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын
бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап
енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін
мәлім етті.
Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған
бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді
қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке,
жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану
болып табылады.«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен
енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-
сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен
жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады».
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –
заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және
ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-
жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман
240
талабы болып отыр. Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға
білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге
байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті
жаңашыл мұғалім қажет.
Сонымен қатар жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының
үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, АҚТ –ны
қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу , коммуникативті қарым-қатынас жасай алу, жеке,
жұппен және топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты
болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты. Білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білуі қажет. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденісі мұғалімнің
кәсіби шеберлігіне байланысты.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай
білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы қажет деп ойлаймын. Өз ісінің шебері
ғана жоғары жетістіктерге жетеді, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта
тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше
білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады,
бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді
болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған,
болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра
алатынымызға сеніміміз мол.
Әдебиеттер:
1.
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау
және ұйымдастыру» 2017ж
2.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
3.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
басшылығы Астана 2016
4.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Заманауи педагогикалық технологиялар
және инклюзивті оқыту-өмір қажеттілігі.
Айдарханова З.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет.Қазақстандағы дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-
білім.»деген болатын.
Сондықтан,қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін
технологияландыру мәселесі
басты
орынға
қойылып
отыр.Жаһандау
үрдісінде,шығармашылық ізденістегі,әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал
жасайтын негізгі тұлғаның бірі- оқушының ұстазы.