Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет112/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   262

229 

 

Сонымен бірге психологиялық қолдау үдерісінде балалар педагогтардан өзге 



адамдармен 

тиімді ынтымақтастық түрлеріне үйреніп, болашақта оларды кез келген өмірлік 

жағдайда қолдану мүмкіндігіне ие болады. 

Біздің  ойымызша  психологиялық  қолдау  балалар  мен  ересектердің  арасындағы 

өзара  қатынастарды жақсартушы  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Балаға  қамқорлық 

жетіспегенде  немесе  қолдау  көрсетілмегенде  оның  көңілі  қалып,  әртүрлі  қылықтарға 

бейім  бола  бастайды.  Біздің  ойымызша  баланың  психологиялық,  психикалық  және 

физикалық денсаулығы, оның стрестерге төтеп  беруі, өмірлік әлеуетін арттыруы, сауатты 

психологиялық  қолдауға  байланысты  болады.  Отбасында,  мектепке  ондай  қолдауға  ие 

болған  балалардың  дамуы  жақсы  болады,  стрестік  күйзелістерді  жеңілірек  кешіреді,  өз- 

өзіне сенімді болып, қамқорлықты сезінеді. 

А.Д. Андрееваның ойынша «психологиялық қолдау бұл: 

-  ересек  баланың  өзін-өзі   бағалауын  нығайту   мақсатында  оның  жағымды 

артықшылықтары мен қырларына шоғырланатын; 

- баланың өз қабілеттеріне сенім арта алатын; 

- баланың қателіктерді болдырмауына көмектесетін; 

- баланы сәтсіздіктерде қолдаутын үдеріс» болып табылады [2, с. 231-232]. 

Психологиялық қолдау үдерісінде ересектер балаға педагогикалық тұрғыдан ықпал 

етудің  едәуір  жағымды  әдіс-тәсілдерін  қолданып, онымен  қарым-қатынастың және  өзара 

әрекеттестіктің  үйреншікті  үлгісін  өлшейді,  оның  айналасында  жағымды  психологиялық 

ахуалды қалыптастыру жағдайын жасайды.Ол ересектердің бала қылықтарының жағымды 

ерекшеліктеріне назар аударып, баланың эмоциялы аумағына ықпал етіп, оның жағымды 

күйзелстері мен күйлерін бекітіп, оның әрекеттерін мақұлдайды. 

Баланы қолдау - оған сенім білдіру: 

- оны шартсыз қабылдау; 

- оның даралығын мойындау; 

- қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім арту; 

- тұлғасының жағымды қасиеттерін дамыту; 

- сенімділікке ие болуына көмектесу. 

Жоғарыда  баяндалғанның  негізінде  психологиялық  қолдаудың  адамның  жаңа 

әлеуметтік  жағдайларға  бейімделуіне  байланысты  орын  алған  қиыншылықтарды  едәуір 

жылдамырақ  және  қиыншылықсыз  кешіруге,  стресогенді  жағдарды  жеңуге, 

айналасындағылармен өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің психологиялық, 

психикалық және физикалық денсаулығын сақтауға көмектесетінін қорытуға болады. 

Психологиялық  әдебиетте  мойындау,  мақұлдау,  сену,  эмпатия,  жан  ашу,  қолдау 

(жетістік  жағдайын  қалыптастыру  арқылы),  мақтау,  қарым-қатынаста  тілектестік  білдіру 

сияқты психологиялық қолдаудың өзге де механизмдерінің сипаттамасы кездеседі. 

А.Д. Андрееваның ойынша [3, с.237], психологиялық қолдауды төмендегіше 

көрсетуге болады: 

-  жеке сөздермен («керемет», «жарайсын», «жақсы», «әдемі», «жинақы», «Мен 

мұны өте жақсы орындайсың», «Мен сені мақтан тұтамын», «Бұл шынымен де жетістік», 

«Бұл өте күрделі болғанымен, сенің қолыңнан келетініне сенімдімін»); 

-  жанасу арқылы (қолынан ұстау; иығынан қағу; баланың иегінен ұстап ақырындап 

көтеру; құшақтау; қолын қатты қысу); 

-  біріккен әрекет арқылы (баоаның жанына отыру, жанында тұру; оны тыңдау; 

бірге ойнау; қолынан ерту; бірге сурет салу); 

- бет әлпеті арқылы (жымию, көз қысу, бас шұлғу, күлу). 

И.В.  Бачков  психологиялық  қолдау  мәселесін  практикалық  психологтардың 

қызметіндегі  психологиялық  көмек  парадигмасында  қарастырады.  Ондай  көмекке  деген 

мұқтаждық  отбасы  және  мектеп  балаға  қажет  білімді,  тәрбиені,  дамуды  қамтамасыз 

етпегенде туындайды. Көмек әрдайым нақты балаға, баланың тұлғасын және оның 



230 

 

айналасындағы  социумды  зерттеу  арқылы  оның  жеке-дара  қиындықтарын  шешуге, 



баламен  қарым-қатынастың  бара-бар  жағдайларын  іздестіруге,  өзінің  проблеасын  өз 

бетінше шешуге көмектесетін құралдарды анықтауға 

бағытталып,  «мекен-жайы»  анық  белгіленуі  тиіс.  Нақты  балаға  дер  кезінде  қажет 

көмектің көрсетілуі оның әлеуметтену және даму үдерісінде туындайтын проблемаларын, 

күнделікті  қиындықтарын  шешуге  ықпал  етіп,  сол  үдерістердің  оңтайланыдырылуына 

ықпал етеді. 

Психопрофилактика ұйымдағы қызметкерлердің немесе білім беру мекемелеріндегі 

балалардың  дезадаптациясының  алдын  алу,  ағартушы  іс-әрекеті,  мекемеде  жағымды 

психологиялық  ахуалды  қалыптастыру,  адамдардың  мөлшерден  тыс  психологиялық 

жүктемелерінің алдын алу және жою жөніндегі жұмысты болжайды. 

Жалпыланған ғылыми теорияның негізінде алынған адам немесе топ жайлы, нақты 

білімдер 

мен 

нақты 


адам 

жайында 


психологиялық 

ақпаратты 

жинақтау 

психодиагностиканың маңызды мақсаты болып табылады. 

Психологиялық  түзету  бұл  -  клиент  психикасының  көрсеткіштерін  жас  ерекшелік 

нормаға сәйкес келтіруге бағдарланған қайсібір сфераларына мақсатты түрде ықпал ету. 

Психологиялық  кеңес  беру  адамды  қажет  психологиялық  ақпаратпен  қамтамасыз 

етіп, өмірлік қиыншылықтарды жеңуде және нақты жағдайларда тиімді тіршілік ету үшін 

адаммен қарым-қатынастың нәтижесінде жағдай жасайды. 

Психотерапия  психикалық  аурудың  көріністері  байқалмайтын  жағдайларда 

тұлғаның  қайта  құрылуындағы  күрделі  психологиялық  проблемалардың  шешімін  табуда 

клиентке көмек көрсетуге бағытталады. 

Практикалық  психологияның  аталған  бағыттарының  барлығы  жұмыс  барысында 

қолданылатын  құралдар  кешенінің  күделенуіне  және  психологтың  кәсіби  іс-әрекетінің 

нәтижесіне жауапкершілігін артуына байланысты ретте орналасқан. 

Әр  бағыттың  өзіндік  ерекше  міндеттері  бар.  Бағыттардың  арасындағы 

айырмашылықтарды  психологтың  құралдарды  қолдануының  стандартталу  дәрежесіне 

қарай ажыратуға болады. Неғұрлым стандартты деп психодиагностиканы айтуға болады. 

Психологиялық  кеңес  беру  мен  психотерапияны  аса  стандартты  деп  айта  алмаймыз, 

өйткені  олар  психологтың  шығармашылығы  үшін  және  әрбір  нақты  жағдайда  ерекше 

шешімдерді іздеуге зор кеңістікті ашады. 

Осылайша, 

психологтар 

әлеуметтенуде, 

мектепке 

бейімделуде 

күрделі 

қиыншылықтарды  кешіргендерге,  оқыту  үдерісінен  «шығып  калғандарға»  көмек 

көрсетеді. 

Психологиялық қолдаудың маңызды қағидалары: 

- полисубъектілік, ынтымақтастық, қолдау қағидасы; 

- тұлғалық бағдарлану қағидасы; 

-  психологиялық  қолдауға  мұқтаж  субъектінің  тұлғасын  шартсыз  қабылдау 

қағидасы; 

- құпиялылық қағидасы; 

-  баланың тұтастай өмірлік кеңістігінде құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау 

қағидасы. 

Психологиялық қолдау тиімділігінің негізгі шарттары: 

- баланың көмек пен қолдауға келісім беруі; 

- баланың жеке қиындықтарын өз бетінше шешуіне мүмкіндік беру; 

- балаға мейірімді болу; 

- оның тұлғасын бағалаусыз қабылдау; 

- тұлғаның толыққанды дамуына оңтайлы жағдайды қалыптастыруға бағыттылық; 

- ұжымда (отбасында, мектепте) жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру; 

- балаға эмоциялы жайлылықты қамтамасыз ету. 

Педагог-психологтың 

осы 

бағыттар 



бойынша 

жұмысы 


педагогтардың 

психологиялық біліктілігін арттыруға, оқушылар ата-аналарының психологиялық 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау