Үлгі бойынша саңырауқұлақтарды илеп жасау.
«Ормандағы саңырауқұлақтар» композициясын құрастыру.
Техникалық мағлұматтар. Ермексазды жұмысқа дайындау тҽсілдері (жылыту,
жұмсарту).
Қыса, жағу тҽсілдерімен бҿліктерді қосу.
Есу түсінігі.
Ермексаз илеуге арналған материал.
Ермексаздың қасиеттері. Ермексаздың түстері.
Бұйымдар жасауда сазды қолдану. Сазды жұмысқа дайындау (сулану, илеу) жұмысқа
дайындығын анықтау.
I жҽне II топтармен жұмыс тҽсілдері. Ермексазды алақан ортасында жҽне тақтайшада
илеу.
Алақан ортасында дҿңгелете илеу. Саңырауқұлақты екі тҽсілмен жасау: бүтін кесектен
жҽне екі домалақты қосу арқылы.
Бағандарды илеп, екі ұшын түйістіріп пирамиданың сақинасын жасау.
Ермексазды домалақтап, одан кейін жаншыл себеттін түбін дайындайды. Бағанды
ұзартып себеттің тұтқасын жасау.
Бҿліктерді қосу.
III жҽне IV топтармен жұмыс тҽсілі. Бағандар мен домалақтарды илеп жасау.
Саңырауқұлақты бір тҽсілмен (екі домалақтың жартысынан) жасау. Пирамиданы илеп
жасау (сақина саны аз болу керек). Мұғалімнің кҿмегімен, үлгіге қарап себет жасау.
Икемділік жҽне дағдылар. Саз жҽне ермексазбен жұмыс кезінде оқушылар үйренуге
тиісті:
-
саз бен ермексазды илеумен есуді;
-
саңырауқұлақты екі тҽсілмен илеп жасау, пирамида сақиналарын есіп, ұштарын
қосу;
-
себетті илеп жасап, композицияны құрастыру;
-
мұғалімнің сұрақтары мен берілген тапсырмаларды түсіну;
-
мұғалімнің қойған кҿмегімен бҿліктерді дұрыс орналастыру, тепе-теңдік пен
ҿлшемді (ұзын-қысқа, үлкен-кіші) бақылау;
-
геометриялық фигураларды, денелерді танып, мұғалімнің кҿмегімен жұмыс
қимылын, материалдарды, құралдарды атау.
Табиғи материалдармен жұмыс (4 сағат)
Тҽжірибе жұмыстары. Табиғатқа серуенге шығу. Табиғи материалдарды жинау, олардың
қасиеттерімен танысу.
Түсті қағаз бетіне кептірілген гүлді дҽйектілікпен жапсыру. Үлгі бойынша кептірілген
жапырақтардан «Шоқ», «Жайлауда» тақырыптарына суреттер құрастыру.
Ермексаз, күріш пен сұлыны пайдалана отырып гүл жасау.
Ермексаз жағылған тақтайша бетіне салынған нобай бойымен табиғи материалдардан
(күріш, сұлы) гүл суретін жасау.
Техникалық мағлұматтар. Жұмыста пайдаланылатын материалдардың атауы. Табиғи
материалдардың қасиеттері. Кептірілген жапырақтың, гүлдің үгілуі, кҿлемі,пішіні,түсі.
Табиғи материалдарды жинау жҽне сақтау. Желімдер: клейстер, казеин желімі, құралдар:
қылқалам, қырнауыш.
Табиғи материалдарды жабыстыру тҽсілдері (желім, ермексаз).
Гүлдің құрылысы.
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
I жҽне II топтармен жұмыс тҽсілдері. Табиғи материалдарды түріне, түсіне, пішініне
қарай таңдау. Қағаздан кесіп алынған гүлсауыт, құмыраға кептірілген гүлдер мен
жапырақтарды жапсыру
Үлгі бойынша тақырыпты сурет құрастыру. Салмақ астына қойып кептіру.
Ермексазды түсіне қарай таңдау.
Қатырма қағаз бетіне ермексазды жұқа, біркелкі етіп жағу.
Тақтайшада гүл нобайын қырнауышпен жүргізу. Сурет үлгісіне қарай гүл нобайын сұлы
жҽне күрішпен толтыру.
III жҽне IV топтармен жұмыс тҽсілдері. Қатырма қағазға кептірілген гүл мен
жапырақтарды жапсыру. Мұғалімнің кҿмегімен қағаздан жасалған гүлсауытқа сабақтарды
жапсыру.
Гүлдер мен жапырақтардан қарапайым композицияны құрастыру.
Мұғалімнің кҿмегімен ермексазды қатырма қағазға жұқалап жағу. Ермексазды сипалау.
Сурет үлгісіне қарай гүл нобайын сұлы жҽне күрішпен толтыру (IV топта күріш пен
сұлыны ірілеу жүгері мен бұршаққа жҽне т.б. айырбастау керек).
Икемділік жҽне дағдылар. Бұл сабақтарды оқушылар меңгереді:
-
табиғи материалдардың түрін айыру жҽне оларды сұрыптау;
-
мұғалімнің кҿмегімен орындалған жұмысты талдау;
-
бұйымдарды жасауда пайдаланылатын табиғи материалдарды жҽне олардың
қасиеттерін атау:
-
бұйым үлгісін тірек етіп мұғалім кҿмегімен ҿз жұмысын ұйымдастыру жҽне
мұғалімнің ауызша нұсқауын орындау;
-
ҿз бұйымына баға беру (ҽдемі, үлгіге ұқсас жҽне т.б.);
-
жұмыс түрін атау: «жағу», «желімдеу».
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс (8 сағат)
Тҽжірибе жұмыстары. Үлгі бойынша қалың қағаздан ҽр түрлі сызғыштар жасау.
Бүктелген сызық бойымен қайшымен кесу жаттығулары. Жолақтарды кесіп алу.
Түсті қағаздарды (сары, қызыл, кҿк) қабаттастырып бүктеу арқылы жасалған шаршы,
тікбұрышты киып алу (математика пҽніне 10данадан дидактикалық материалдарды
жасау).
Шаршының қарама-қарсы бұрышын түйістіргенде шығатын үшбұрыштарды бүгу
сызықтары бойымен кесіп алу.
Сызық бойынша шаршы мен тікбұрыштарды кесіп алу.
Шаршы бұрышын дҿңгелектеп кесіп, дҿңгелек жасау. Шаршы формасын дайындау.
Тікбұрыштардың бұрыштарын кҿз мҿлшермен дҿңгелете кесу. Математика пҽніне
арналған дидактикалық материалдар жасау.
Техникалық мағлұматтар. Түсініктер: калып, бүгіліс, белгілеу сызықтары. Қағаздың
негізгі түстері, қасиеттері: бүгіледі, мыжылады, жыртылады, ылғалды сіңіреді. Қағаз
сұрпыларына қарай қолданылады (газеттік, сурет салуға, жазуға, орауға, түсті).
Қағаз сұрпыларын ажырату. Қағаздың бүктелу қасиеті.
Қағазбен жұмыста қолданылатын құралдар (қайшы, қарындаш, үтіктегіш құрал).
Қайшымен жұмыстағы қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру, қағазбен жұмысты санитарлық-гигиеналық талаптарды
сақтау.
I жҽне II топтармен жұмыстар тҽсілдері. Орталық сызық бойынша, бұрыштарды
түйістіру, беттестіріп бүктеу. Ортасынан шетіне қарай жаза үтіктеу, бүгілген сызық
бойымен кесу.
Құралдарды ұстау. Екі қол кимылдарын сҽйкестендіру (оң колмен қайшыны ұстап
кеседі, сол қолмен қағазды ұстайды). Қайшымен түзу сызық бойымен, шаршы мен
тікбұрыштың бұрыштарын дҿңгелете кесу. Қалып бойынша, ҿлшегіштің кҿмегімен
белгілеу.
III жҽне IV топтармен жұмыстар тҽсілдері. Мұғалімнің сызығы бойынша қағаз бетін
бүктеу. Түзу сызық бойымен кесу.
Икемділік жҽне дағдылар. Қағазбен жұмыс барысында балалар білуге тиісті: