133
УДК 37.035
ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
Сапарова Л.Е.
(«Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 4 курс студенті)
Черниязова А.Ж.
( «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы)
Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге ие бола бастаған осынау алғашқы
қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен
өнегесін, адал тілегін бүгінгі әрбір азаматқа үйрету, санасын ояту тәрбиеші –
мұғалімдердің, ата – аналардың ең үлкен парызы болмақ. Соңғы жылдары жастарды
отбасында тәрбиелеу өте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік –
экономикалық, экологиялық, рухани жағдайлар себеп болуда. Ең бастысы, ұзақ жылдар
бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік – әкімшілдік
принциптердің ықпалына адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы,
жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайының
тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани
байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды. Сондықтан, ұлттық тәрбие
мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез –
құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек. Жасөспірімдер – болашақтың адамы,
жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің
бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің
«Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен
немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам
өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп,
үлкен үміт артты [1].
Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып,
елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес.
Тек оны өз керегіне
қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып
жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс.
Егеменді ел болып жаңа заманға бет бұрған кезімізде, біздің сол жаңа заманның тірегі
мен үміті жаңа қоғамды құрушы болашақ өсіп келе жатқан жастар екенін айту керек.
Сол жастарды дұрыс жолға түсіріп тәрбиелеуді біздің ата – аналарымызға ғана салып
қоймай, бүкіл қоғам болып осы проблемалардың шиеленіскен жағдайларын шешуге
атсалысу қажет. Жастарды бүгінгі мен ертеңі туралы ойланту, олардың өмірге деген
дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне сезім ұялату,
олардың өзін – өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- бүгінгі күннің талабы.
Болашақ ұрпаққа ұмыт бола жаздаған салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тереңінен қоса
түсіндіріп, осы заманға сай білімді, мәдениетті үйрете отырып, ата – бабамыз салған
сара жолға жүгіну дұрыс
[2].
Осы орайдағы ел басының көрегендігін айтпасқа болмас
«Рухани жаңғыру» мақаласының шығу мақсаты да тектен-тек емес, қоғам ішіндегі
субмәдениетті реттеу. Демография санының арттыруын ғана емес саналы ұрпақтар
сабақтастығын арттыруын жүктейтін
идеология
. Мектепте, жоғарғы оқу орындарында
және мектептен тыс мәдени мекемелер үйірмелерінде жастардың өзіндік
педагогикалық сипатта болуын қадағалау, инабатты, ибалы, сыпайы, адамгершілігі
мол, эстетикалық талғамы бар, жаны да тәні де бірдей таза, барлық жағынан өнерлі де,
іскерлі етіп жан – жақты рухани дамыту керек. Менің мақала тақырыбым мен