129
оқытылудың заңдылықтарын талап етеді.Егерде мақсат қарым қатынасты оқыту
болса,ал табысты оқыту шартты барабар қызметте өмір сүру мүмкіндігі болса онда
қарым қатынас аймағы өте қажетті.» - деген пікір білдіреді [1]. Ана тілін үйренуде,
байланыстырып сөйлеуге үйренуде, сөздік қорын дамытуда тілдік орта, сөйлеу үлгісі
керек пе деген сұрақ туады. Оған жауап төмендегіше: сөйлесу ортасынсыз, сөйлесу
үлгісінсіз ешбір тілді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан А.Р. Лурия: «...тілді дамыту
үшін балалардың тілдік белсенділігі мен тәжірибесін тіл үлгілерін арттыратын сөйлеу
ортасы қажет.», - дейді [2]. Демек, тілдік орта сөйлеу үлгісін үйрену үшін, сөйлесуде ол
үлгіні қолданып жаттығу үшін, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру үшін керек.
Тілдік ортасыз, сөйлеудің жақсы үлгісінсіз ана тілінде де ешкім дұрыс сөйлеуді
меңгерген емес. Олай болса, баланы байланыстырып сөйлеуге үйретуде қандай орта,
қандай үлгі керек деген мәселені шешіп алу керек. Ол үшін бала қандай ортада өмір
сүретініне, оның тілінің дамуына ақыл-ойының өсуіне, дұрыс тәрбиеленуіне не әсер
ететінін анықтап алу керек. Баланың туғаннан басталатын алғашқы ортасы - отбасы,
ата-анасы, ата-әжесі, бауырлары, туыстары. Осы ортадан сөйлеуді үйренеді, осы ортада
тәрбиеленеді, өседі, өркендейді, барлық жақсы үлгіні отбасынан бастап меңгереді.
Балабақшада әр жастағы балалар үшін сөйлеу ортасы арнайы ұйымдастырылады.
Баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне
байланысты. Педагог-тәрбиеші барлық балалардың ата-анасымен кеңесіп, бірлікте
қызмет етсе, балалардың тілін дамытудың мүмкіндігі артады. Сонда табиғи тілдік орта
(отбасы) мен жасанды тілдік орта (балабақша) бір бағытта жұмыс істейді. Мыналарды
ескерген жөн: - отбасы мүшелері балаға дұрыс сөйлеу, өздері дұрыс сөйлеулері керек.
Өйткені үлкендер қате сөйлесе бала оны қайталайды. Сондықтан сақ болу керек; - бала
қате айтқанды, оны үйдегі үлкендер түзеп отырады; - баланың ата-анасы балаға
ертегілер оқып, әңгімелер айтады, тақпақтар жаттатып, тілін сындырып отырады.
Баланың сөздік қорын байыту - жоспарлы түрде ұзақ жүргізілетін жұмыс. Ол жұмыс
жаңа сөздермен таныстыру және бұрын таныс сөздерді бекіту, яғни сөйлеуде қолдануға
жаттықтыру, дағдыландыру жолымен жүргізіледі.
Педагог-тәрбиешілер алдына мынадай мақсат қойылды баланың жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, сөздік қор мөлшері мен сөйлеу деңгейін арттыруда
нәтижелі әдістерді жүзеге асыру міндеті қойылды. Жұмыс барысында біз зерттеудің
әртүрлі әдістер - сөздік әдістер (әңгімелесу, мазмұндау, түсіндіру, көркем мәтінді
оқу,жаттау, әңгімелеу, әңгімелету), көрнекілік әдістер (саяхат, заттар мен суреттерді,
айналаны бақылау, теледидар, компьютер материалдары), дидактикалық ойындар әдісі,
тірек-сызбалар әдісі бір-бірімен байланысты қолдандық. Сөз қорын дамыту жұмысы
балалардың белсенді түрде қолдана бастаған сөздерінің санының артуын көздей
жүргізілді. Әр сабақтың тақырыбы мен мақсатына орай жұмыста ыңғайлы әдіс-тәсілдер
таңдап алынып отырды [3,4]. Естиярлар тобында сөздік жұмысын жүргізе отырып,
оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,
түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас
жасай білуге үйретеміз.
Заттың белгісін тауып қолдануға үйретуді балаға өте таныс зат пен оның
белгісі, сапасынан бастау пайдалы. Мысалы: - Қуыршақтар қандай болады? - Әдемі,
үлкен, кіші, жаман, жақсы. - Ит қандай болады? - Қабаған, жуас, кәрі, ақылды, ұлығыш,
үлкен, кіші, аңшы т.б. - Мысық қандай болады? - Сүйкімді, ерке, үлкен, кіші, ойнағыш
т.б. Заттың белгісі арқылы өзін табуға үйретуге де болады: - Қабаған, ақылды, ұлығыш,
үй күзететін не? - Ит. - Көп бұтақты, тікенек жапырақты, қысы жазы жасыл, биік не? -
Шырша. - Биік, ақ, жапырақты, бұтақты не? - Қайың. - Заттық қимылын тапқызу: -
130
Адам не істейді? - Сөйлейді, жүреді, жатады, тұрады, билейді т. б. - Жел не істейді? -
Шаңды бұрқыратады, ағашты қозғайды, жапырақтарды ұшырады т.б. Эксперимент
жұмысымызда баланың жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле
отырып, сөз санын белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту
керектігі ескерілді. Осылайша баланы үйренген сөзді саналы қолдана білуге, жаңа
сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізуді мақсат еттік. Үйренген сөзді
қолдана білуге үйрету, сабақта және сабақтан тыс әр алуан серуен, ойын, еңбек
процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асырылды . Арнаулы сабақтарда жұмбақ
ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен
ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын
табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Біз балалардың сөздік қорын
дамыту, білім деңгейін молайту мақсатында төмендегідей жұмбақтарды пайдаландық:
киімдер туралы «Барады, барады, аузын ашып қалады» (кебіс), жануарлар туралы
«Таптым, таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (түйе), тағы басқа .
Сөздік қорын дамыту мақсатында пайдаланылған жұмбақ суретінің шешуі Бұл
жұмбақ ойындар сабақтарда жарыс түрінде көрнекі құралдарды пайдалана отырып
өткізілді. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың тапқырлыққа үйретеді, ой-
қиялдарының өсуіне көмектеседі, қызығуы мен белсенділігін арттырады. Сондай-ақ
тәрбиеленушілердің тілін дамытып, өз бетімен шығармашылық ізденісін, әстетикалық
талғамын жетілдіреді.
Әдебиеттер тізімі
1. Пассов Е.И. Методология методики: теория и опыт применения. ЛГПИ, 2002. - 228с.
2. Лурия А.Р. Речь и мышление / А.Р Лурия.- М., 1975.- 120 с
3. Савенков А.И. Методика проведения учебных исследований в детском саду. Учебная
литература. Самара. 2004 г
4. «Активные методы обучения». Электронный курс. Международный Институт Развития
«ЭкоПро», Образовательный портал «Мой университет», http://www.moi-universitet.ru/
УДК 372.878
ВОПРОСЫ ОСВОЕНИЯ СОВРЕМЕННОЙ ЭСТРАДНОЙ МУЗЫКИ В
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЕ
Садаев А.А.
( Студент группы МО-15)
Колесникова Г.А.
( Кафедра «Музыкальные дисциплины», СКГУ)
В своей статье «Семь граней Великой степи» Н.А. Назарбаев отмечает, что
«Помимо классических форматов также важно задействовать и креативный потенциал
альтернативного молодежного искусства» [1]. В Республике Казахстан, наряду с
функционированием академических форм музыки – европейских, традиционных,
синтетических, лидирующее положение занимает новая область культуры – эстрадное
искусство. Популярная эстрадная музыка, получает всё более широкое
распространение как область культуры музыкально-эстрадного исполнительства в
детской и подростковой среде. Исследователь Мусагулова Г.Ж. отмечает, что
«вокально-эстрадное искусство в Республике обладает особыми возможностями в
воспитании людей, так как именно оно позволяет в процессе художественно-
коммуникативного общения с аудиторией постигать основы мировой музыкальной
Достарыңызбен бөлісу: |