66
мектепке дайындайтын тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін қажетті білімнің,
іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын
жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қараумен сипатталады. Мектепке дейінгі
балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды
негізі болып
табылады. Оқу іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып
оқушысы күннің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи
ма немесе алғашқы қоғамдық тапсырмасын орындай ма - бәрінде де дербестік көрсету
қажет болады. Таңертең ол өзі гимнастика жасайды, мектепке керектің бәрін алуды
ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеудің дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап
шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырманы орындаған кезінде
өте-мөте қажет. Бірінші сынып оқушысы өзінің жұмысын жоспарлай, бақылай білуге,
өзнің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге, бір міндеттерді шешкен кезде
үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін қолдана білуі қажет. Мектепке
дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар
белгілейді. Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және
дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге
ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда
балалардың қарапайым іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу
сағаттары ерекше маңызды роль атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін
түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен
нұсқауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-
әрекетте пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бақылау,
бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік беру. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық
мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Балаларды мектепке жан-жақты
дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың отбасында бала өмірінің
дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі
баланың шамамен қай көлемде білімі болуы тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын,
ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілетін қалай дамыту
керек екнімен, бірінші сыныпта баланың оқу әрекетіне қойылатын талаптармен
таныстырады, балалардың ой еңбегінің мүмкіндіктері, олардың еңбек нәтжелерін
көзқарасы туралы айтып береді. Мектептің бірінші сыныбындағы оқу-тәрбие жұмысы.
Мектептің
оқу-тәрбие
жұмысының
маңызы
оқу
жоспарында
және
бағдарламасында анықталынады.Оқу жоспары – мемлекеттік құжат, онда оқу орнының
қайсыбір типінің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес сол үшін міндетті оқу пәндерінің
тізбегі беріледі. Ол оқу пәндерінің өзара байланысын, оларды оқыту жүйелігін, әр
пәннің берілетін білім мен іскерліктің жалпы жинағындағы үлес салмағын анықтайды.
Мектептің бірінші сыныбындағы басқа да оқу пәндерінің бағдарламалары:
«Математика», «Еңбекке үйрету», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Дене шынықтыру»
осылайша құрылған.Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы сабақ болып
табылады. Сонымен бірге мұғалім баланы одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған
сыныптан тыс тәрбие жұмысының алуан түрлерін пайдаланады.Мектептегі тәрбие
жұмысының үлгі мазмұны бар. Онда балалардың жас ерекшелігін ескеретін және әрбір
баланың белсенді іс-әрекетін көздейтін тәрбие жұмысының міндеттері мен мазмұны
көрсетілген.Тәрбие жұмысының мазмұны жоспарларда нақтыланады, олар мына
бөлімдер бойынша жасалады: «ұжымдық тұрмысты жолға қою», «Саяси-тәрбие
жұмысы», «Кітаппен жұмыс істеу», «Дене шынықтыру, сауықтыру жұмысы»,
«Табиғатта жұмыс істеу», «Техникаға ықыластандыру», «Көркемдік тәрбиесі»,
«Ойындар». Барлық бөлімдер өзара байланысты тәрбиелеу мен дамытудың тиісті