Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша, Халықаралық Қаржылық
Есептілік Стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) мен оның
еншілес кәсіпорындары (бұдан әрі бірлесіп «Топ» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ деп аталады) үшін дайындалды
Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік қоғам болып табылады.
Компания Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 3593 «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компани-
ясын құру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1148 «Қазатомөнеркәсіп»
ұлттық атом компаниясының мәселелері» қаулысына сәйкес жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар
жабық акционерлік қоғам ретінде құрылды.
2017 жылдың 31 желтоқсанында Компания акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі –
«Самұрық-Қазына» АҚ) арқылы мемлекетке тиесілі.
2018 жылғы 13 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ» жаһандық депозитарлық қолхаттарды немесе ЖДҚ қоса 38,903,491 акция
ұсынды, бұл Компанияның Лондон қор биржасы (LSE) мен Астана халықаралық биржасындағы (AIX) қосарлы листинг түріндегі
акционерлік капиталының 15% құрайды. Әрбір ЖДҚ бір акцияны білдіреді. Ұсыныстың бағасы тиісінше ЖДҚ үшін 11.60 АҚШ
долларын және жай акция үшін 4,322.74 теңге құрады. 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша Компания акцияларының 85%-ы
«Самұрық-Қазына» АҚ-ға және 15%-ы басқа акционерлерге тиесілі.
Компания Қазақстан Республикасы, Астана қ, Қонаев к., 10 мекенжайы бойынша тіркелген. Қызметінің негізгі орны Қазақстан
Республикасы болып табылады.
Топтың негізгі қызмет түрі – уран өндіру және уран өнімдерін өткізу. Топ әлемдегі жетекші уран өндіруші компаниялар қа-
тарына кіреді. Бұдан басқа, Топ сирек және сирекжер металдарды өндіру; бериллий және тантал өнімін шығару және өткізу;
ғылымды көп қажетсінетін технологияларды әзірлеу қызметтерін жүзеге асырады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ядролық отын циклының бастапқы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының атынан өкілеттік
ететін Компания болып табылады. Топ оның ағымдағы және болашақтағы табыс көздерін генерирлеуші бірқатар бірлескен
және қауымдастырылған кәсіпорындардың қатысушысы болып табылады (25және 26 Ескертулер). Жаңартылған даму стратеги-
ясына сәйкес топ фокусы ұзақмерзімдік қосылған құн өсімін қамтамасыз ету үшін уран өндірумен және оның құн тізбегі эле-
менттерімен байланысты негізгі қызметке бағытталған. Топ өндіру көлемдерін нарық жағдайын ескерумен оңтайландыратын
және маркетинг функциясын Топтың нарыққа анағұрлым бағытталған жұмысының көрінісі ретінде күшейтетін болады.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ уран өндіру және барлау жөніндегі мына келісімшарттардың тарапы болды:
1.
«Қазатомөнеркәсіп» Тобы және оның
қызметі туралы жалпы мәліметтер
Кен орны/телім
Әзірлеу
кезеңі
Келісім-шарт
күні
Келісім-шарт
мерзімі
Жер қойнауын пайдаланушы
Сервис компаниясы
Қанжуған
Өндіру
27.11.1996
25 жыл
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС -
Уванас
Өндіру
27.11.1996
25 жыл
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС -
Мыңқұдық, Шығыс телімі
Өндіру
27.11.1996
25 жыл
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС -
Мойынқұм, № 1 телім
(Оңтүстік) (оңтүстік бөлігі)
Өндіру
26.09.2000
20 жыл
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС -
Мыңқұдық, Орталық телім
Өндіру
08.07.2005
28 жыл
«Орталық» ЕК» ЖШС
-
Мыңқұдық, Батыс телімі
Өндіру
08.07.2005
30 жыл
«Аппақ» ЖШС
-
Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын
Өндіру
15.11.1996
25 жыл
ЖШС «РУ-6»
-
Мойынқұм, № 3 телім
(Орталық) (солтүстік бөлігі)
Өндіру
31.05.2010
31 жыл
Компания
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran»
ЖШС
Инкай, №1 телім
Өндіру
13.07.2000
45 жыл
«Инкай» БК» ЖШС
-
Инкай, №2 телім, 3
Барлау
25.06.2018
4 жыла
Компания
-
Жалпақ
Барлау
31.05.2010
12 жыл
«Орталық» ЕК» ЖШС
-
Солтүстік Хорасан, №2 телім
Өндіру
01.03.2006
48 жыл
«Байкен-U» ЖШС
-
Буденовское, №2 телім
Өндіру
08.07.2005
35 жыл
«Қаратау» ЖШС
Буденовское, №1 телім
Өндіру
20.11.2007
30 жыл
«Ақбастау» БК» АҚ
-
Буденовское, №3, 4 телім
Өндіру
20.11.2007
31 жыл
«Ақбастау» БК» АҚ
-
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 161
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топқа Қазақстан Республикасының алты өңірінде – Оңтүстік Қазақстан (2018
жылғы 19 маусымнан бастап - Түркістан), Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында
орналасқан қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорыныдарды қоса, 30-дан аса кәсіпорын кіреді (2017 ж.: 40 кәсіпорын).
2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша Топ қызметкерлерінің жалпы саны 21 мыңнан аса адам құрайды (2017 ж.: 25 мың адам).
Төменде топ құрылымындағы жыл ішіндегі елеулі өзгерістер көрсетілген.
«Инкай» БК» ЖШС
2017 жылғы желтоқсанда Топ және Cameco «Инкай» БК» ЖШС қайта құрылымдау бойынша мәмілені аяқтады (Ескертпе 45).
Келісім шарттарына сәйкес Топ өзінің «Инкай» БК» ЖШС-ындағы қатысу үлесін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтты және 2018
жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорынға бақылау алды. Топ «Инкай» БК» ЖШС-ындағы үлесінің ұлғаюын ХҚЕС 3 стандартына
сәйкес сатып алу әдісімен тәуелсіз бағалаушы есебінің негізінде көрсетті (Ескертпе 45). Топ «Инкай» БК» ЖШС-ын 2018 жылғы
1 қаңтардан бастап шоғырландырады.
«Ақбастау» БК» АҚ және «Қаратау» ЖШС
2018 жылы Топ пен Uranium One Inc. «Қаратау» ЖШС және «Ақбастау» БК» АҚ бойынша бірқатар келісімшарттарға қол қойды
(Ескертпе 45). Нәтижесінде, осы бірлескен кәсіпорындар ҚЕС 11 стандартына сәйкес бірлескен операциялар ретінде жіктелді.
Топ бірлескен кәсіпорындарға инвестицияларды мойындауды тоқтатты және өзінің бірлескен кәсіпорындарға жататын ак-
тивтер мен міндеттемелердегі өз үлесін мойындады. Иемденулер активтер, міндеттемелерді сатып алу күнінен бастап осы
кәсіпорындардың кірістері мен шығыстары иелік ету үлесі мөлшерінде жол бойынша шоғырландырылады. Топ жіктеудің
бұл өзгерісін ХҚЕС 3 және ХҚЕС 11 стандарттарына сәйкес бизнесті біріктіру ретінде есепке алады.
«Байкен-U» ЖШС,»Қызылқұм» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС
2018 жылғы желтоқсанда Топ Energy Asia (BVI) Limited 40.05% акциясын және Energy Asia Holdings (BVI) Limited компани-
ясынан «Хорасан-U» БК» ЖШС жарғылық капиталында 16.02% сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. Жасалған мәміленің
нәтижесінде Топтың «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-ындағы иелік ету үлестері тиісінше о
52.5%, 50% және 50% дейін ұлғайды (Ескертпе 45). 2017 жылғы 31 желтоқсанға иелік ету үлестері тиісінше 14.45%, 33.98% және
33.98% құрады.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ байқау кеңесінде көпшілік дауыс пен өкілдік алу жолымен «Байкен-U»
ЖШС-ын бақылауға алды. Топ сатылып алынған активтер мен міндеттемелерді есепке алу үшін баланстық құнды қолданды,
өйткені бизнесті сатып алу туралы есеп есептік кезең аяғында аяқталмаған болды.
Топ 2018 жылғы 31 желтоқсан кезінде «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-дағы елеулі ықпалын сақтап қалды. Топ
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Хорасан-U» БК» ЖШС-ына бақылау компанияның құрылтайшылық құжатта-
рындағы Топтың көпшілік дауысқа иелік етуіне мүмкіндік беретін өзгерістерді акционерлердің мақұлдауы алынғанға дейін
алынған жоқ деп қорытындылады. Топ осы компаниялардағы өзінің қатысу үлестерін үлестік қатысу әдісін қолданумен
есепке алуды жалғастыруда.
«MAЭK-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС
2018 жылғы 25 маусымда Топ «Самұрық-Қазына» АҚ-мен «MAЭK-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесін сату
туралы келісімге қол қойды (Ескертпе 46). Сату 2018 жылғы маусымда үкіметтің келісімі алынғаннан кейін аяқталды. Осы
шоғырландырылған қаржылық есептілікте «MAЭK-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС тоқтатылған қызмет ретінде көрсетілген.
Жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде активтерді өткізу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы
30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес, Топ KazPV жобалары: «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және
«MK KazSilicon» ЖШС қоса, бірқатар бейінді емес активтерді өткізуді жоспарлап отыр. Топ осы кәсіпорындарды 2019 жыл
ішінде өткізудің жоғары ықтималдылығы бар деп есептейді және Топ, тиісінше, 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша осы топ-
тың активтері мен міндеттемелерін сатуға арналған деп көрсетті (Ескертпе 47).
1.
«Қазатомөнеркәсіп» Тобы және оның
қызметі туралы жалпы мәліметтер
(жалғасы)
162 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Достарыңызбен бөлісу: |