Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет70/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113

құрамында мойындалады.
Сатып алынған кәсіпорын үшін берілген өтеу тапсырылған активтердің, капиталдағы шығарылған қатысу үлестің және 
туындаған немесе қабылданған міндеттемелердің әділ құны бойынша бағаланады, бұған активтердің әділ құны және 
шарттық өтеу туралы келісімдер нәтижесінде туындаған міндеттемелер кіреді, бірақ сатып алуға байланысты мына кон-
сультациялық қызмет көрсетуге, заң қызметтеріне, бағалауды жүргізу бойынша және ұқсас кәсіби қызметтерге төлеу сияқты 
шығыстар кірмейді. Мәміле бойынша үлес құралдарын шығару кезінде шеккен шығындар капитал сомасынан шегеріледі, 
мәміле бойынша бизнесті біріктіру шеңберінде қарыздық құнды қағаздардың шығарылуына байланысты шеккен шығындар 
олардың баланстық құнынан шегеріледі, ал мәміле бойынша сатып алуға байланысты барлық қалған шығындар шығы-
старға жатқызылады. 
Топ кәсіпорындары арасындағы операциялар тиісті шоттар бойынша қалдықтар және Топ кәсіпорындары арасындағы 
операциялар бойынша іске асырылмаған пайда өзара есептілікке алынбайды. Іске асырылмаған шығын да өзара есептілікке 
алынбайды, тек шығыстардың өтелуі мүмкін болмаған жағдайлар бұған жатпайды. Компания және оның барлық еншілес 
кәсіпорын есебі Топтың саясатына сәйкес бірегейесептілік саясаты қағидаттарын қолданады.
Бақыламайтын үлес – бұл, Топ тікелей немесе жанама түрде иеленбейтін капиталға қатысу үлесіне келетін, еншілес кәсіпо-
рынның қызметі мен капиталының таза қорытындысының бөлігі. Бақыламайтын үлес Топтың бөлек капиталының құрамбір-
лігін білдіреді.
(ii) Бақыламайтын үлестерді сатып алу және сату
Топ бақыламайтын үлестің иелерімен мәмілелерді есептілікке алу үшін экономикалық бірліктің моделін қолданады. Сатып 
алынған бақыламайтын үлестің тапсырылған өтеуі мен тепе-тең құны арасында қандай-да айырмашылық болса, ол тікелей 
капиталда капиталмен операция ретінде көрсетіледі. Топ бақыламайтын үлестің сатылғаны үшін алынған өтеумен және 
оның тепе-тең құны арасындағы айырмашылықты капиталдағы өзгерістер туралы есепте капиталмен жасалған мәміле 
ретінде мойындайды.
(iii) Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес кәсіпорынды сатып алу
Жалпы бақылаудағы тараптан еншілес кәсіпорындарды сатып алу алдыңғы кәсіпорынның бағалау әдісі бойынша есеп-
теледі. Осы әдістемеге сәйкес біріккен кәсіпорынның шоғырландырылған қаржы есептілігі, кәсіпорындар шоғырланды-
рылған қаржы есептілігінде көрсетілген ең ерте кезеңнен бастап, немесе, кешірек болса, бірігейін деп жатқан кәсіпорындар 
алғашқы рет жалпы бақылауға түскен күнінен бастап біріккен тәрізді ұсынылған. Еншілес кәсіпорынның, жалпы бақылау-
дағы, тараптар арасында тапсырылатын активтер мен міндеттемелер алдыңғы кәсіпорынмен белгіленген тепе-тең құны 
бойынша көрсетілген. 
Алдыңғы кәсіпорын ең жоғары деңгейдегі есептілік беруші кәсіпорын болып саналады, онда еншілес кәсіпорынның ХҚЕС 
сәйкес дайындалған қаржы ақпараты шоғырланған болатын. Алдыңғы кәсіпорынмен бастапқы алынған зат кезінде пайда 
болған гудвил де аталған шоғырланған қаржы есептілікте көрсетіледі. Алдыңғы кәсіпорынның гудвилімен қоса, таза актив-
тердің тепе-тең құны және алынған затқа өтеу арасындағы айырмашылық аталған шоғырланған қаржы есептілікте капитал 
құрамындағы бөліп берілмеген пайда түзету ретінде көрсетіледі.
(iv) Қауымдастырылған кәсіпорындар
Қауымдастырылған кәсіпорындар – ол Топ елеулі ықпалын тигізе алатын(тікелей немесе жанама), бірақ оларды бақыламай-
тын кәсіпорындар; әдетте, бұл кәсіпорындардағы дауыс құқығының үлесі 20%-дан 50%-ға дейін құрайды. Қауымдастырылған 
кәсіпорындарға деген инвестициялар қатысу үлесінің әдісі бойынша ескеріледі және бастапқы өзіндік құны бойынша көр-
сетіледі. Қауымдастырылған кәсіпорындардан алынған дивидендтер қауымдастырылған кәсіпорындарға құйылған инвести-
циялардың тепе-тең құнын азайтады. Топтың сатып алудан кейінгі қауымдастырылған кәсіпорындардың таза активтеріндегі 
үлесінің өзге өзгерістері мына түрде көрсетіледі: (i) Топтың қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы және шығын-
дағы үлесі қауымдастырылған кәсіпорынның қаржы қорытындысы ретіндегі жылдағы шоғырландырылған пайда мен шығын 
құрамында көрсетіледі, (ii) Топтың өзге де жиынтық табыстағы үлесі бөлек жолмен өзге жиынтық табыстың тепе-тең құнында 
көрсетіледі, (iii) Топтың қауымдастырылған кәсіпорындардың таза активтерінің тепе-тең құнындағы иелік үлесінің өзгерістері 
қауымдастырылған кәсіпорындардың қаржы қорытындысы үлесінің құрамындағы пайда мен шығында көрсетіледі. 
Алайда, Топтың, кез келген дебиторлық берешегімен қоса, қауымдастырылған кәсіпорындардың шығындағы үлесі оның қа-
уымдастырылған кәсіпорындағы үлесіне тең немесе одан асатын болса, Топ болашақ шығындарды мойындауды тоқтатады, 
бұған ол аталған қауымдастырылған кәсіпорын атынан өзіне міндеттемелерді алу немесе төлемдерді жасау жағдайлары 
кірмейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 165


3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
Топ және қауымдастырылған кәсіпорындар арасындағы операциялар бойынша іске асырылмаған пайда Топтың осы қа-
уымдастырылған кәсіпорындардағы үлесіне тең өзара алынып тасталады; іске асырылмаған шығындарда өзара алынып 
тасталады, бұған берілген активтердің құнсыздануоперациялары кірмейді.
(v) Бірлескен қызмет туралы келісімдер
Егер де ол басқа тараптармен бірлесіп әрекет етіп, келісімдерге жалпы бақылауды жүргізсе, және егер де тиісті әрекеттер 
туралы шешімдерді қабылдау, бірлескен бақылаудың жүзеге асырылуына қатысушы тараптардың бір ауыздан келісуін талап 
ететін болса, Топ бірлескен қызмет туралы келісімнің қатысушысы болып саналады. Бірлескен қызмет туралы Келісім осын-
дай келісімнің қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелеріне қарай бірлескен қызмет немесе бірлескен кәсіпорын 
болып көрсетіледі. 
Топ бірлескен қызметке өзінің қатысуына қарай мынаны: (i) кез келген бірлесіп бақыланатын активтердегі өз үлесімен қоса, 
өз активтерін, (ii) кез келген бірлесіп өзіне қабылдайтын міндеттемелердегі өз үлесімен қоса, өз міндеттемелерін, (iii) бірле-
скен операция нәтижесінде шығарылған өнімдегі үлесін сатудан түскен өз пайдасын, (iv) бірлескен операция нәтижесінде 
шығарылған өнімді сатудан түскен пайдадағы өз үлесін; және (v) кез келген бірлесіп шеккен шығыстардағы өз үлесімен 
қоса, өз шығыстарын мойындайды. 
Топтың бірлескен кәсіпорындарда қатысуы үлес әдісі бойынша есептеледі және бастапқы алынған зат құны бойынша 
көрсетіледі. Бірлескен кәсіпорындардан алынған дивидендтер бірлескен кәсіпорындарға құйылған инвестициялардың 
баланстық құнын азайтады. Топтың бірлескен кәсіпорындардағы алынған заттан кейінгі таза активтердегі үлесінің өзге өз-
герістері мына түрде көрсетіледі: (i) Топтың бірлескен кәсіпорындардың пайдасындағы және шығындарындағы үлесі бірле-
скен кәсіпорындардың қорытындысындағы үлесі ретінде жылдағы шоғырландырылған пайда мен шығындарда көрсетіледі, 
(ii) Топтың өзге де жиынтық табыстағы үлесі өзге жиынтық табыстың құрамына енгізіледі және бөлек жолмен ұсынылады, 
(iii) Топтың бірлескен кәсіпорындардың таза активтерінің баланстық құнындағы үлесінің барлық өзге өзгерістері бірлескен 
кәсіпорындардың қорытындысы үлесіне енгізіледі. 
Топтың, кез келген қамтылмаған дебиторлық берешекпен қоса, бірлескен кәсіпорындардың залалындағы үлесі оның 
аталған бірлескен кәсіпорнындағы қатысу үлесіне тең немесе артатын болса, Топ, өзміндеттемелері туындамайынша немесе 
ол бірлескен кәсіпорын атынан төлемдерді жасамайынша, болашақ шығындарды мойындамайды. Топтың бірлескен кәсіпо-
рынның өзге де жиынтық табысы мен шығындағы үлесі өзге жиынтық табыс құрамында Топтың шоғырландырылған қаржы 
есебінде көрсетіледі.
Егер де Топ және оның бірлескен кәсіпорындар активтерінің құнсыздануынан пайда болмаса, Топ және оның бірлескен 
кәсіпорындар арасындағы операциялар бойынша іске асырылмаған табыстар Топтың бірлескен кәсіпорындағы үлесіне 
тепе-тең өзара алып тасталады; іске асырылмаған шығыстар да өзара алып тасталады. Бірлескен кәсіпорындардың есептілік 
саясаты Топ қабылдаған есептілік саясатымен сәйкестірілген.
(vi) Еншілес кәсіпорындардың, қауымдастырылған кәсіпорындардың немесе бірлескен кәсіпорындардың істен шығып кетуі
Топ бақылаудан немесе елеулі ықпалдан айырылған болса, онда кәсіпорындағы сақталынатын үлес әділ құны бойын-
ша қайта бағаланады, ал баланстық құнының өзгеруі пайдада немесе залалда көрсетіледі. Әділ құны қауымдастырылған 
кәсіпорындағы, бірлескен кәсіпорындағы немесе қаржы активтеріндегі қалған үлесті одан әрі есептілікке алу мақсаты үшін 
бастапқы баланстық құны болып табылады. Бұдан басқа, аталған кәсіпорынға қатысты өзге жиынтық табыс құрамында 
бұрында мойындалған соманың барлығы Топтың тиісті активтердің немесе міндеттемелердің тікелей істен шығып кетуін 
жүзеге асырды деп мойындалады. Бұл өзге жиынтық табыстың құрамында көрсетілген сомалар пайдаға немесе шығынға 
ауысатынын білдіреді. 
Қауымдастырылған кәсіпорындағы қатысу үлесі азаятын болса, бірақ сонымен қатар елеулі ықпалы сақталса, өзге жиынтық 
табыс құрамында бұрында көрсетілген соманың тепе-тең үлесі ғана қажетті жағдайларда пайдаға немесе шығынға аудары-
лады.
Шетелдік валюталарды қайта санау
Топтың шоғырландырылатын кәсіпорындарының әрқайсысының функционалдық валютасы осы кәсіпорын өз қызметін жү-
зеге асыратын экономикалық ортаның валютасы болып табылады. Компания мен оның Қазақстандық еншілес кәсіпорында-
рының функционалдық валютасы және Топтаың есептілігі ұсынылатын валюта Қазақстанның ұлттық валютасы – Қазақстан 
166 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау