«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ басшылығы, директорлар
кеңесі мен акционерлеріне
ПІКІР
Біздің пікірімізше, шоғырландырылған қаржылық есептілік «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (бұдан әрі «Компания») және оның ен-
шілес ұйымдарының (бірлесіп «Топ» деп аталады) 2018 жылдың 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ жоғарыда
көрсетілген күнмен аяқталатын жыл ішіндегі оның қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын Халықаралық
қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес барлық маңызды жақтарынан анық көрсетеді.
Аудит тақырыбы
Біз Топтың шоғырландырылған қаржы есептілігіне аудит жүргіздік, ол келесілерді қамтиды:
• кірістер туралы шоғырландырылған есеп;
• 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайы туралы шоғырландырылған есеп;
• жоғарыда көрсетілген күнмен аяқталатын жыл ішіндегі капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп;
• жоғарыда көрсетілген күнмен аяқталатын жыл ішіндегі ақша қаражаттардың қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп;
• есеп саясатының негізгі ережелеріне және басқа да түсіндірме ақпаратты қоса алғанда, шоғырландырылған қаржылық
есептілігіне ескертпелер.
ПІКІР БІЛДІРУ ҮШІН НЕГІЗ
Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік (ХАС). Осы стандарттарға сәйкес біздің жауапкершілігіміз
«Аудитордың шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитіне жауапкершілігі» бөлімінде төменде сипатталған.
Біз
алған аудиторлық дәлелдер, аудиторлық пікірімізді білдіру үшін негізді қамтамасыз ету үшін жеткілікті әрі тиісті болып
табылады деп есептейміз.
Тәуелсіздік
Біз халықаралық бухгалтерлер этика стандарттары Кеңесінің профессионалды бухгалтерлер этика Кодексіне (ХБЭСК) сәйкес
Топқа тәуелсізбіз. Біз ХБЭСК Кодексіне сәйкес өзге этикалық міндеттерді орындадық.
Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есебі
«ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС
Әл-Фараби д-лы 34, А ғимараты, 4-қабат
A25D5F6 Алматы, Қазақстан
Т: +7 (727) 330 3200,
Ф: +7 (727) 244 6868,
www.pwc.com/kz
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
147
Жалпы Топтың маңыздылығы: 4,000 миллион теңге, бұл сома 2018
жылдың 31 желтоқсанымен аяқталған бизнес бірлестіктерден таза
пайданың және құнсызданудан болған шығындарды қалпына кел-
тіруден таза пайдаға түзетілген жылдық салық салынғанға дейінгі
табыстың 5%-ын құрайды.
• Біз Компания және оның Қазақстан аумағында орналасқан 11
еншілік кәсіпорынына, 8 бірлескен және қауымдасқан кәсіпо-
рындарына және Швейцария аумағында орналасқан 1 еншілік
кәсіпорыны бойында аудитерлік шаралар жүргіздік.
• Біздің аудиттың көлемі жалпы табыстың 99% және Топтың таза
пайдасының абсолюттік мөлшерінің 95% қамтыды.
• Уран өндірісімен байланысты негізгі
құралдар мен өзге ұзақ
мерзімді активтердің құнсыздануы мен қалпына келтіру;
• Бизнес бірлестіктерін сатып алғандарын есепке алу;
• Экологиялық міндеттемелерді есепке алу.
БІЗДІҢ АУДИТ ТӘСІЛІМІЗ
Қысқаша шолу
Біздің аудит әдіснамамыз маңыздылықты анықтау және шоғырландырылған қаржылық есептің маңызды бұрмалануының
тәуекелдерін бағалауын қамтиды. Атап айтқанда, біз қай жерлерде басшылық субъективті пайымдау жасағанын талдадық,
мысалы, жорамалдар мен табиғатына байланысты белгісіз болашақтағы оқиғаларды талдауды талап ететін маңызды бух-
галтерлік бағалауларды жасағанда. Біз сондай-ақ басшылықтың ішкі бақылауларды елемеу тәуекелін қарастырдық, соның
ішінде, басқа да мәселелермен қатар, алаяқтық себептерінен туындалған елеулі бұрмалау қауіп белгілерін бағаладық.
Маңыздылық
Аудит көлемін анықтауға маңыздылықты қолдануымыз септігін тигізді. Аудит қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың
болмауына жеткілікті сенімділік алу үшін жобаланған. Бұрмалау алаяқтық немесе қателіктер салдарынан туындауы мүмкін.
Егер олар жеке немесе жиынтығында шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде қабылданған пайдаланушылардың
экономикалық шешімдеріне ықпал етуіне негіз бар деп күтілсе, олар маңызды болып саналады.
Біз өзіміздің кәсіби пікірімізге сүйене отырып, маңыздылық үшін, соның ішінде тұтастай алғанда шоғырландырылған қаржы
есептілігі үшін жалпы топтық маңыздылық үшін, қажет төмендегі кестеде көрсетілгендей белгілі бір сандық мөлшердегі
шектер орнаттық. Осы мөлшерлердің арқасында, және де сапалы
факторларды есепке ала отырып, біз аудиттің көлемін,
түрін, мерзімін және біздің аудиторлық шаралардың ауқымын анықтадық, сондай-ақ бұрмалаулардың жеке немесе жиын-
тығында шоғырландырылған қаржылық есепке тигізетін септігін бағаладық.
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің
деңгейіндегі маңыздылық
4,000 миллион теңге
Берілген деңгей қалай анықталды
Бизнес бірлестіктен таза пайданың және құнсызданудан болған
шығындарды қалпына келтіруден таза пайдаға түзетілген салық
салынғанға дейінгі табыстың 5%.
Маңыздылық белгілерін
қолдану негіздері
Біз бағдарлық көрсеткіш ретінде салық салынғанға дейінгі табысты
таңдадық. Біз табыс көрсеткіші шоғырландырылған қаржылық
есептіліктің пайдаланушылары қолданатын көпшілік мақұлдаған
бағдарлық көрсеткіш болып табылады деп сенеміз.
Біз табыстың 5% тең болатын маңыздылықты орнаттық.
Бұл маңыздылық осы секторда қолданылатын
қолайлы сандық шек-
темелер ауқымына кіреді.
Маңыздылық
Аудит
көлемі
Аудиттың
негізгі
мәселелері
148 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Аудиттің негізгі мәселелері
Негізгі аудит мәселелері, біздің кәсіби пікіріміз бойынша, ағымдағы кезеңнің шоғырландырылған қаржылық есептілікке
жүргізілген аудит үшін маңызды деп есептелінетін мәселелер болып табылады. Біз бұл мәселелерді шоғырландырылған
қаржылық есептілікке жүргізілген аудит мәтінінде біртұтас алып қарастырдық, және бұл мәселелерге байланысты бөлек
пікір білдірмейміз.
Аудиттің негізгі мәселелері
Аудит барысында аудиттың негізгі
мәселелері қалай ескерілді
Уран өндірісімен байланысты негізгі құралдар мен өзге
ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануы мен қалпына
келтіру
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің 4 мен 13
ескертпелері
Уран бағасының тұрақты
құбылмалылығы мен уран қорла-
рын бағалау Топтың уран өндірісімен байланысты актив-
терінің баланстық құнына әсерін тигізді. Топ басшылығы
2018 жылғы 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы ак-
тивтердің құнсыздану белгілерінің (және қалпына келтіру-
дің белгілерінің) талдауын жүргізді, ол келесіні көрсетті:
• 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құнсызда-
ну белгілері анықталған жоқ: (а) 2018 жылы уран бағала-
ры өсіп, алдыңғы жылдағы болжамдарынан асып түсті
(Топ Ux Consulting Company жариялаған баға болжамда-
рын қолданды); (ә) уран қорлары 2018 жылы тұрақты
болып қалды және 2017 жылға қарағанда, бірқатар кен
орындарында өсті (JORC SRK Consulting Inc есептемесіне
сәйкес).
• 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2017 жылы
Қарамұрын, Қанжуған және Заречное кен орындарын-
дағы құнсызданудан шығындарға әкеліп соқтырған
құнсыздану белгілері болмады. Тиісінше, 2018
жылы Топ
бұрын құнсызданудан болған шығындарды толығымен
қалпына келтірді. Уванас пен Оңтүстік Мойынқұм кен
орындарына қалпына келтіру орын алған жоқ, себебі осы
кен орындарындағы өндіру құны сату бағасынан жоғары
болып қалады.
• Құнсыздануды талдау және сынау мақсаттары үшін Топ
әрбір салымды (келісімшарттық аумақты) бөлек генера-
циялау бірлігі ретінде анықтады.
Болашақ ақшалай қаражаттар ағындары нақты анықтауға
қиын болжамдарды пайдаланады. Сондай-ақ, басқа негізгі
енгізу деректерін анықтау кезінде қолданылатын баламалар
деңгейі де бар.
Біз әрбір ақшалай қаражаттарды өндіруші бірліктің өте-
летін сомасын, сондай-ақ сынауға енгізілген активтердің
елеулі баланстық құнын айқындау кезінде жоғары деңгей-
дегі пікірдің арқасында біз осы мәселеге назар аудардық.
Аудиттеуге біздің көзқарасымыз:
• Біз басшылық дайындаған
құнсыздану модельдерін
алып, оларды зерттедік және бағаладық. Біз нарықтық
деректермен салыстыруды қоса алғанда, уран бағалары,
дисконттау мөлшерлемелері, инфляция деңгейі, елдегі
тәуекелдер коэффициенті және айырбас бағамы сияқты
үлгілерде қолданылатын әдіснамалар мен жорамалдар-
ды бағалауға көмектесу үшін бағалау мамандарымызды
тарттық.
• Біз ағымдағы және болашақтағы капиталдық шығындар-
ды, сондай-ақ кен орындар мерзімін, бекітілген соңғы
жоспарлар мен бюджеттерге салыстырдық.
• Құнсыздану модельдерінде қолданылатын негізгі жора-
малдарды тиісті өндіруші бірліктердің көрсеткіштерімен
салыстырдық.
• Біз Топтың құнсыздану сынақтарға
енгізілген уранның
баға болжамдарын бағалап, оның ішінде нарықтағы
деректермен салыстырдық.
• Біз сынауда пайдаланылған кен қорларын бағалау
есептілікті дайындаған тәуелсіз сарапшының құзырет-
тілігі мен объективтілігін, олардың кәсіптік біліктілігін,
тәжірибесін және өнеркәсіпте қабылданған әдіснаманы
ескере отырып, бағаладық.
• Біз құнсыздану нәтижелеріне ықтимал әсерді және
өтелетін құнның ықтимал салдарын бағалау үшін негізгі
болжамдар бойынша сезімталдық талдауын жүргіздік. Біз
басшылықтың өндіруші бірліктерін құнсыздануы үшін
уранға баға қаншалықты азайғаны туралы бағалауды
зерттедік және басқа өзгерістер мен жорамалдардан
бөлек мұндай даму ықтималдығын қарастырдық.
• Біз ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржы есептілігін-
дегі ақпаратты ашып көрсетуді бағаладық.
Біздің жұмысымыздың негізінде, шоғырландырылған
қаржылық есептілікте немесе
тиісті қосымшадағы ескертпе-
лерде көрініс тапқан, уран өндірісімен байланысты актив-
тердің баланстық құнына елеулі түзетулер енгізуге әкелетін
қандай да бір жайлар анықталмады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
149