ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
147
тың көзқарасын қабылдауға бейім болып келеді (Levine, 2007; Wilier,
Kuwabara & Масу, 2009).
Екіншіден, адамдар топтың көзқарасын оның әжуа қылуынан не
одан қол үзіп қалудан қорыққан кезде қабылдайды (Levine, 200; Wilier,
Kuwabara & Масу, 2009). Мұндай қорқыныш ауызбірлігі жоғары топтар
ушін тиімді. Бірақ, өзіміз көргендей, бұл тіпті бөтен адамдар арасында
да орын алуы мүмкін.
Топтық шешімдер қабылдау
Әлеуметтанудағы шағын топтарды зерттеу бағыты топтың сипаты
шешім қабылдауға қалай эсер ететінін жіті қарастыруда. Мұндай
зерттеулер әртүрлі топтарда, атап айтқанда, үшақ экипажында, сүң-
гуір қайықтың экипажында, наразылық білдіруші топтарда, іскер-
лік кездесулерде және қазылар алқасы арасында жүргізілген (Gas til,
Burkhalter & Black, 2007; Ghaziani & Fine, 2008).
Эдетте, топтар келісімге келуге ұмтылады. Олар өздерінің барлық
шешімдері топтың әрбір мүшесіне қолайлы болғанын қалайды. Деген-
мен топтың ауқымы кеңейген сайын келісімге келу қиындай түседі,
алайда топ мүшелері түгелдей бірлесе наразылық білдіруге айтар-
лықтай уақыт не күш жұмсағанымен олардың өзара әрекеті түсініксіз
болады, әрі бір жерден шықпайды. Мәселен, топ көлемі артқан сайын
топ мүшелері көбінесе басым бөлігінің саясатын қабылдайды. Бұл са-
ясат тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай мүм-
кіндік көбінесе топтың кейбір мүшелерін қанағаттандырмайды. Сон-
дықтан топтың тұтастығына сызат түседі.
Таңдауды өзгерту
Шағын топтарға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «топ мүшелерінің
пікірлері уақыт өте келе бір-біріне үқсас болып кетеді» деген дәйекті
түжырым жасалған. Бұл процесс таңдауды өзгерту деп аталады. Мыса-
лы, достарыңызбен қай фильмдегі актер «ең үздік» деп талқылағанда ең
үздік деген бір немесе екі жұлдызға тоқталар едіңіздер.
Ton мүшелері әдетте конвергенцияға (өзара жақындау) үшырауына
қарамастан, қалыпты жагдайда еш уақытта ортақ байламга келмейді.
Оның орнына, топтар тәуекелді нүсқа (қатерлі шешімге келу) немесе кон-
сервативті нүсқа (конверсиялық ауысым) бойынша келісімге жетуі мүм-
кін. Кейде таңдауды өзгерту бір немесе бірнеше топ мүшесінің сендіре
білетін дәлелдеріне байланысты болады. Бірақ олар топтағы жалпы нор-
малардан ауытқып консерватизмге немесе тәуекелге жиі барады (Jackson,
2007). Мысалы, шіркеу басшылығы комитет шешімінің ең қауіпсіз нұсқа-
сын, ал террористік топ ең қауіпті нүсқасын таңдауға шақырады.
Таңдау жасаудың өзгеруінің бірден бір себебі - топтық ойлауда
бірліктің, яғни жеке бір пікірдің болмауы (Street, 1997; Jackson, 2007).
Топтық ой топ мүшелеріне жоғарыдан қысым көрсетілгенде, сыни
тұрғыдан ойлау жойылғанда пайда болады.
Мәселен, 1986 жылы жарылысқа ұшыраған Чэлленджер ғарыш
кемесінде жұмыс істейтін инженерлер ұшу кезінде ұшақтың О іспет-
тес сақинасына зақым келуі мүмкін екенін білген болатын.
Алайда қауіпті екеніне қарамастан, тәуекелге баруды талап
ететін НАСА-дағы саясаттың ықпалымен ғарыш кемесін жіберуге
көрсетілген саяси қысым салдарынан инженерлер, шын мәнінде, О
іспегтес сақинаға зақым келу ықтималдығы өте томен деп бірін-бірі
жұбатқан (Vaughan, 19%). Келтірілген мысалдан топтық ойлаудың ке-
леңсіз шешімдерге жиі әкеп соқтыратынын көреміз.
148
5-ТА РАУ
Әлеуметтік тораптар
Біздің әрқайсысымыз әртүрлі негізгі және қосымша желілерге кіреміз.
Осы топтық байланыстар арқылы әлеуметтік тораптарды дамытамыз.
Әлеуметтік торап - біздің қарым-қатынасымыздың жиынтығы. Ол біздің
отбасымызды, сақтандыру агентімізді, көршілерімізді, сыныптастары-
мыз бен кейбір әріптестерімізді және біз араласатын ортаның адамда-
рын қамтиды. Әлеуметтік тораптар бізді қоғамдастықтардағы жүздеген
адамдармен және бүкіл елмен тіпті бүкіл әлеммен байланыстырады.
Әлеуметтік тораптар жеке адамдар үшін және қоғам үшін маңыз-
ды қызмет атқарады. Күшті әлеуметтік тораптар адамдар арасындағы
өзіне-өзі қол жұмсау мен депрессия деңгейін төмендетеді. Денсаулықты
жақсартуға және өмірді үзартуға оң ықпал ете алады (Bearman & Moody,
2004; Smith & Christakis, 2008). Олар, сондай-ақ адамдардың саяси және
азаматтық проблемаларға қызығуын күшейтеді. (Putnam, 2000; Wellman,
1999). Сонымен әлеуметтік тораптар әлеуметтанудың маңызды саласы
болып саналады.
Тораптағы ортаға тартылыс
Торапқа мүше болудың жеке тұлғаларға тигізетін әсері сол торап мү-
шесінің тораптан қандай орын алатынына байланысты. Тораптан
орын алудың маңызды шарты - ортаға тартылыс.
Ортаға тартылыс тораптағы бір адамның басқалармен тура неме-
се жанама байланыстарының санын білдіреді; байланыс саны неғүр-
лым көп болса жеке адамның ортаға тартылысы соғұрлым жоғары бо-
лады (Faris, Robert & Felmlee, 2011).
Адамдар тораптағы орталық орынға қалай және не себепті ие болга-
нына қарамастан, сол орнын ұстап тұру олардың әлеуетін көтереді. Егер
Падма өз тобындағы ең танымал қыз болса ол курстастарының кейбірін
мүлде елемеуі мүмкін, себебі оның басқа достары көп. Оның тораптан
орталық орынды иемденуі онымен дос болғысы келетіндердің қата-
рын көбейтеді. Падмаға онымен дос болғысы келетіндер әңгіме-дүкен
құру, алдағы емтихандарға көмектесу, концерт билеттерін беру сияқты
ұсыныстар жасайды. Сөйтіп, ол өз әлеуетін арттыруға көмектесетін түрлі
ресурстармен жарақтануға мүмкіндік алады.
Тораптағы орта үғымы, әсіресе білім беру мекемесінде болагын
қорлаудың және физикалық агрессияның себептерін түсінуде пай-
далы (Faris, Robert & Felmlee, 2011). БАҚ көбінесе зорлық-зомбылық
жасайтын маргиналданған тұлғаларды жиі көрсетсе де әлеуметтік
зерттеулер бүларда басқа адамдарды қорлауға қажетті ресурстардың
аздығын, қолжетімділік деңгейі төмендігін, сондықтан айтарлықтай
қауіпті еместігін түсіндіреді. Керісінше, тораптан орталық орынды
иемденген тұлғалардың басқаларға зорлық-зомбылық жасауға айтар-
лықтай мүмкіндіктері бар, өйткені бүл адамдар өздері қалаған нәрсе-
лерінің көпшілігіне қол жеткізе алады, алайда олар ондай іс-әрекетке
мүқтаж емес. Қорыта келгенде, физикалық агрессия тораптан орта-
Әлеуметтік желі - жеке
адамдардың арасындағы
қатынастардың жиынтығы.
Ортаға тартылыс - адамның
басқалармен тікелей немесе
жанама байланыстарының
санын білдіреді.
лық орынды иемденушілер арасында жиі кездеседі және жеке тұлға-
лар ең басты үстанымдарға (және бәсекелестікке) ұмтылған сайын
арта түседі (Faris, Robert & Felmlee, 2011; Gould, 2003).
Қуатты және әлсіз байланыстар
Сақтандыру агентіміз бен анамыз - екеуі де әлеуметтік тораптың бір
бөлігі болып саналғанымен, олардың әрқайсысының бізбен байланы-
Достарыңызбен бөлісу: |