Кодекс әрбір қызметкер кмг беделі және қызметінің нәтижелері үшін



жүктеу 471,73 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата24.12.2019
өлшемі471,73 Kb.
#24890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

20 

 

7.2.1.2.  Атқарушы  орган  мүшелерінің  тарапынан  Іскерлік  этикасы  кодексі 



нормаларының  бұзушылық  оқиғасы  КМГ  Директорлар  кеңесіне  мәлімет 

ретінде жеткенге дейін атқарушы органның басшысына жеткізілуі тиіс.    

7.2.1.3.  Іскерлік  этикасы  кодексі  нормаларының  бұзушылығына  жол  берген  

атқарушы  органның  мүшесі  дауыс  беруші  акцияларының  (жарғылық 

капиталда қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Самұрық-Қазына» 

АҚ-қа тиесілі басқа ұйымдардың атқарушы органына мүше бола алмайды. 

 

7.3. Қызметкерлердің міндеттері: 

7.3.1.  Кез-келген  адамның  және  азаматтың  шығу  тегіне,  әлеуметтік, 

лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына,  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне, 

діни  көзқарасына,  наным-сеніміне,  тұрғылықты  мекенжайына,  жұмыс 

орнына,  жұмысының  бар  болуына  немесе  кез-келген  басқа  жағдайларға 

қарамастан абырой мен қадір-қасиетін құрметтеу;   

7.3.2.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне:  Мемлекеттік 

Елтаңбаға, Мемлекеттік Туға, Мемлекеттік Әнұранға құрметпен қарау;  

7.3.3.КМГ  корпоративтік  рәмізіне,  сондай-ақ  КМГ  Мүдделі  тараптарының 

рәмізіне құрметпен қарау; 

7.3.4.  жалпыға  ортақ  моральдық-этикалық  нормаларды  сақтау,  мемлекеттік 

және  басқа  тілдерге,  барша  халықтың  және  діни  конфессиялар  өкілдерінің 

салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау; 

7.3.5. сыпайы және әдепті болу; 

7.3.6. салғырттыққа және дөрекілікке төзбеу; 

7.3.7. жәрдемдескені үшін, ол толық көлемде орындалмаса да әрқашан алғыс 

айту;  

7.3.8. басқаның пікіріне зейін қою; 



7.3.9. іс пен сөздің бірлігін қамтамасыз етуге және уәдені орындауға тырысу; 

8.2.10. өзінің дұрыс еместігін және/немесе қателерін мойындай білу; 

7.3.11.  ашық-шашықтыққа,  ерсілікке  және  артық  көзге  түсуге  жол  бермей; 

киімде  және  сыртқы  бейнеде  ұқыпты,  іскерлік  және  корпоративтік  киім 

үлгісін ұстану.  

 

7.4. Қызметкерлерге келесілерге тыйым салынады: 

7.4.1.  КМГ,  оның  қызметкерлерінің,  КМГ  Мүдделі  тараптарының  жұмысын 

немесе  КМГ-дағы  дербес  жұмысын  жалған,  жағымсыз  немесе  бұрмаланған 

негізде жеткізетін көпшілік алдында сөз сөйлеуге.  

7.4.2. есірткі және рұқсат етілмеген психотропты заттарды пайдалануға; 

7.4.3.  іскерлік  этикет  нормаларын  сақтау  жағдайлары  кезінде  арнайы                  

іс-шараларды  қоспағанда,  жұмыс  орнында,  КМГ  аумағында  немесе  КМГ 

атынан  жұмыстар  жүргізу  орындарында  ішімдік  ішуге,  мас  күйінде  жұмыс 

орнында болуға; 

7.4.4. арнайы бөлінген орындардан тыс жерде шылым шегуге; 



21 

 

7.4.5.  агрессивті,  кемсіту  немесе  қорлау,  дұшпандық,  қорқыту  әрекеттеріне, 



басқалардың осындай жүріс-тұрысына қатысуға немесе басқалардың мұндай 

мінез-қылығын бетімен жіберушілікке; 

7.4.6.  намысқа  тиетін  материалдарды,  соның  ішінде  суреттерді  таратуға 

тыйым салынады. 

7.4.7.  Егер  қызметкер  өзінің  лауазымдық  міндеттеріне  қатысы  жоқ                  

саяси, діни, мәдени немесе басқа қызметті жүзеге асыратын болса, КМГ өкілі 

ретінде емес (білім беру сипатындағы КМГ  ЕТҰ ұйымдастырған білім беру 

қызметін қоспағанда), тек қана жеке тұлға ретінде әрекет ете алады.  

7.4.8.  КМГ  атынан  сөз  сөйлеуге,  егер  бұл  оның  құзыретіне  кірмейтін  болса 

және оның оған тиісті қызметтік құзыреттілігі жоқ болса.  

7.4.9.  КМГ  беделіне  және  мәртебесіне  тікелей  немесе  жанама  әсер  ететін  

әрекеттер. КМГ атынан кез-келген пікір айтуды қатаң түрде регламенттелген 

тәртіптегі  қызметкерлер  және  (немесе)  осы  тәртіппен  белгіленген  тұлғалар 

жүзеге асырады;  

7.4.10.  жарғылық  капиталдағы  басымдық  қатысу  жағдайын  немесе 

қызметкердің өзінің, оның жақын туыстарының немесе отбасы мүшелерінің 

осындай  ұйымдарының  басқару  органдарындағы  жағдайын  қоса  алғанда 

(бірақ  онымен  шектелмейтін),    КМГ  мүдделерінен  ерекшеленетін, 

қызметінде  қызметкердің    нақты  жеке  мүддесі  бар  ұйымдармен  іскерлік 

қарым-қатынастарда КМГ-ны көрсетуге тыйым салынады.   

 

 

7.5. Басқарушы қызметкердің жауапкершілігі: 



7.5.1.Қызметкерлер  өз  құқықтары  мен  міндеттерін  түсінетін  және 

қудалаушылықтан 

қорықпастан, 

қағидалардың 

мүмкін 

болатын 


сақталмауына  алаңдаушылығын  еркін  білдіретін  жүріс-тұрыс  мәдениетін 

қалыптастыру;  

7.5.2.Жеке  бастық  үлгісімен  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

сақталуын және этикалық жүріс-тұрысты көтермелеу;  

7.5.3.Қызметкерлердің  жүріс-тұрыс  қағидаларына  бейілділігін  олардың 

жұмысын  бағалау  және  көтермелеу  кезінде  ескеру;  қызметкерлердің  

этикалық  жүріс-тұрысы  КМГ  қызметінің  нәтижелерінен  кем  емес  дәрежеде 

маңызды екенін қызметкерлердің түсінуі үшін барлық мүмкіндікті жасау;   

7.5.4.  Қызметкерлердің  Кодекс  ережелерімен  таныстырылуын,  олардың 

Кодекс қағидаттарын түсінуін және сақтауын қамтамасыз ету.   

 

7.6. Басқарушы қызметкердің тікелей міндеттері: 

7.6.1.бағыныштылардың  олар  атқаратын  лауазымдарға  және  еңбекті 

нормалаудың объективті ой-пікіріне сәйкес міндеттерін және функционалдық 

міндеттерінің  көлемін  нақты  анықтау,  сондай-ақ  оларды  бағынышты 

қызметкерлердің арасында тең дәрежеде бөлу;    

7.6.2.  өз  міндеттемелерін  орындау  кезінде  төрешілдіктің  көрініс  табуына 

мүмкіндік  туғызбау,  сондай-ақ  өзі  жұмыс  процесіне  жәрдемдесудің  қолдан 



жүктеу 471,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау