Кодекс әрбір қызметкер кмг беделі және қызметінің нәтижелері үшін



жүктеу 471,73 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата24.12.2019
өлшемі471,73 Kb.
#24890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 



3.2.4.  Әдепті жүріс-тұрыс 

3.2.4.1.  КМГ Акционерлердің, Мүдделі тараптардың және жалпы алғанда кең 

жұртшылықтың  лайықты  сеніміне  ұмтылады.  Сенім  жоғары  әдеп 

нормаларына жүйелі бейілділік салдарынан туындайды.    

3.2.4.2.  КМГ  қызметкерлерінің  шешімдері  мен  әрекеттерінің  негізінде 

құрмет,  адалдық,  ашықтық, командалық рух  және сенім,  адамгершілік және 

әділдік  тәрізді  жоғары  моральдық  құндылықтар  болуы  тиіс.  КМГ 

қызметкерлері  өз  қызметін  құрмет  көрсетушілік,  толеранттық,  ізгі  ниеттілік 

және тәртіптілік негізінде жүзеге асырады.     

3.2.4.3.  Қызметкерлер  мемлекеттік  тілге  және  басқа  тілдерге,  өзі  орналасқан 

өңірлердің  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарына  құрметпен  қараудың 

айрықша  үлгісін  көрсетеді,  қазіргі  таңда  және  болашақта  КМГ  беделіне 

нұқсан келтіретін, қоғамға қарсы және әдепсіз жүріс-тұрысқа жол бермейді. 

 

3.2.5. Құрмет 

3.2.5.1.  КМГ 

барлық  Мүдделі  тараптардың  заңнамамен,  жасалған 

шарттармен немесе іскерлік өзара қарым-қатынас шеңберінде жанамаланған 

құқықтары мен мүдделерін құрметтейді. 

3.2.5.2.  КМГ  адам  құқықтарын  сақтайды,  олардың  маңыздылығын  және 

жалпыға  бірдейлігін  түсінеді,  Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ 

декларациясында,  Адам  құқықтарын  қорғау  және  негізгі  бостандықтар 

туралы  конвенцияда,  адам  құқықтары  саласындағы  Халықаралық  еңбекті 

ұйымдастыру  декларациялары  мен  конвенцияларында  және  басқа  да 

танылған  халықаралық  құжаттарда  белгіленген,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы  мен  заңнамасынан  туындайтын  маңызды 

қағидаттарды толықтай сақтайды. 

3.2.5.3. Қызметкерлер  жынысына,  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне,  шығу  тегіне, 

мүліктік  және  лауазымдық  жағдайына,  тұрғылықты  мекенжайына,  діни 

көзқарасына  және  саяси  пікірлеріне  қарамастан  адал  және  әділ  қарым 

қатынасқа құқығы бар. 

 

3.2.6. Заңдылық 

3.2.6.1. КМГ-ның  және  оның  қызметкерлерінің  шешімдері,  әрекеті  және 

жүріс-тұрысы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  басқа  да 

қолданылатын 

халықаралық 

заңнамаға, 

КМГ 

Жарғысына, 



КМГ 

стратегиясына  және  Акционерлер  шешімдеріне  толықтай  және  мүлтіксіз 

сәйкес болуы тиіс.   

 

3.2.7. Кәсібилік 

3.2.7.1. Қызметкерлер  –  КМГ  басты  құндылығы  және  негізгі  қоры. 

Қызметкерлердің  кәсіби  деңгейіне  қызмет  нәтижелері  және  Акционерлер 

және Мүдделі тараптар үшін жасалған құн тікелей байланысты болады.   



 

3.2.7.2. КМГ қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, кәсіби және 



жеке  даму  үшін  мүмкіндік  ұсына  отырып,  қызметкерлердің  біліктілік 

деңгейін арттыруға ұмтылады. 

3.2.7.3. Қызметкерлер  барлық  қажетті  біліктілік  талаптарына, өз  лауазымдық 

нұсқаулықтарына  сәйкес  болулары  тиіс,  өз  құзыреттерінің  деңгейін 

арттыруға  тырысуы,  ақылға  салынған  және  жауапты  шешім  қабылдау 

қабілетіне ие болуы, сондай-ақ өзінің кәсіби жеке қасиеттерін және әдептілік 

мәдениетінің деңгейін арттыруға және дамытуға бағытталуы тиіс.   

 

3.2.8. Әділеттілік 

3.2.8.1.  КМГ-ның меритократия, әділеттілік және объективтілік қағидаттарын 

қолдайды; әрбір қызметкерге жаңа жетістіктерге жету үшін оңтайлы жағдай 

жасайды  және  әрқайсысының  КМГ  қызметіне  үлесін  әділетті  бағалайды; 

барлық  деңгейдегі  қызметкерлердің  түсіністік,  мүдделілік  және  қолдау  

мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

3.2.8.2.  КМГ-да  барлығына  тең  мүмкіндіктерді  міндетті  қамтамасыз  ету 

кезінде,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  және/немесе  ішкі 

құжаттардың  негізіндегіден  басқа  жекелеген  қызметкерлерге  қандай-да  бір 

артықшылықтар және жеңілдіктер ұсынуға жол берілмейді.      

 

3.2.9. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік 

3.2.9.1.  КМГ  сыбайлас  жемқорлықтың  кез-келген  көріністеріне  қарсылық 

танытады.  Барлық  Мүдделі  тараптармен  өзара  әрекеттесу  кезінде  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  әрекет  ету  шеңберінде  қолданылатын  КМГ  әрекеттері 

туралы  олардың  хабардар  болуын  арттыру  мақсатында,  сындарлы  сұхбатты 

дамытуға ұмтылады.    

3.2.9.2.  КМГ-ның  жоғары  беделін  қолдау  мақсатында  қызметкерлер 

күнделікті  жұмыста  сыбайлас  жемқорлық  қызметінде  болған  немесе 

тартылуы  мүмкін  контрагенттермен  іскерлік  қарым-қатынасты  азайту  үшін 

қисынды  түрде  күш  салуы  тиіс.  Сыбайлас  жемқорлық  істеріне  тартылған 

қызметкерлер қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте жауапкершілікке 

тартуға жатады.     

3.2.9.3.  КМГ  ішкі  бақылау  жүйесі  сыбайлас  жемқорлықтың  құқық 

бұзушылықтарына жол бермеуге,  болдырмауға  және  анықтауға  бағытталған 

шараларды енгізуі тиіс.  

 

3.2.10. Мүдделер қайшылығына жол бермеу 

3.2.10.1.  КМГ 

Мүдделі 

тараптармен 

қатынастарда 

фидуциарлық 

қатынастарды орнатуға және сақтауға үміт артады, бұл тұрғыда тараптар бір 

біріне  қатысты  барынша  шынайы,  адал  ниетті,  әділ  әрекет  етуге  және 

мүдделер  қайшылығының  алдын  алу,  анықтау  және  болдырмау  бойынша 

шараларды түзу ниетпен қолдануға міндетті.  

3.2.10.2.  КМГ  қызметкерлер  мен  КМГ  арасында  мүдделер  қайшылығы 

туындауының 

кез-келген 

мүмкіндігін 

болдырмауға 

ұмтылады. 




жүктеу 471,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау