18
6.4.2. КМГ экономиканың әлеуметтік маңызы бар салаларын дамытуға
бағытталған бағдарламаларға, егер бұл КМГ Жарғысына, КМГ
Акционерлерінің күтулері мен талаптарына және КМГ басқа ішкі
нормативтік құжаттарына қайшы келмейтін болса, қолдау көрсетуге
тырысады.
6.4.3. КМГ іскерлік және инвестициялық белсенділіктің өсуіне жәрдемдесу
есебінен тікелей немесе жанама түрде халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне
жәрдемдеседі, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын
енгізеді.
6.4.4. КМГ өз қызметін жүзеге асыратын орындарда жергілікті атқарушы
органдармен бірлесіп қызмет жасау арқылы, жергілікті халықтың өмір сүру
сапасын және денсаулығын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік
жобаларды тікелей немесе жанама іске асыра отырып, өңірлердің әлеуметтік
инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетеді.
6.4.5. КМГ қоғамдық қарым-қатынасты жетілдіру, қоршаған ортаны
жақсарту және халықтың өмір сүру, денсаулық қауіпсіздігін және КМГ-ның
және оның Мүдделі тараптарының активтерінің тұтастығын қамтамасыз ету
мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес, коммерциялық емес
және басқа) сындарлы қатынастарды орнатуға тырысады.
6.5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас
6.5.1. КМГ көпшілікке арналған КМГ туралы ақпаратқа еркін қолжетімділік
алу мүмкіндігін құруды қарастырады. КМГ-ның корпоративтік интернет-
ресурсында (http://www.kmg.kz) жалпыға ортақ режимде КМГ туралы,
КМГ қызметі және негізгі маңызды оқиғалар, корпоративтік басқару,
ЕТҰ қызметі туралы, сондай-ақ кадрлық саясат, байланыс деректері және
басқалар туралы ақпарат орналасқан.
6.5.2.
КМГ басшылығы және уәкілетті құрылымдық бөлімшелер
КМГ қызметіне қатысты мәліметті белгіленген тәртіппен БАҚ-қа ұсынады.
6.5.3. Белгіленген тәртіппен БАҚ-қа мәлімет ұсынатын КМГ жауапты
тұлғалары олардың сенімділігіне және оларда қызметтік және коммерциялық
құпияны құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ құпиялылық сипаттағы
мәліметтердің болмауына дербес жауапкершілік жүктейді.
6.5.4. Әрбір қызметкер олардың КМГ қызметкері ретінде айтқан кез-келген
көзқарасы немесе таратқан ақпараты КМГ-мен, оның беделімен тікелей өзара
қатынаста болатынын және іскерлік қоғамдастықтағы оның беделіне әсер
ететінін түсінуі және әрқашан ұмытпауы тиіс.
6.5.5. Барлық қызметкерлер үшін әлеуметтік желілерде, корпоративтік және
жеке блогтарда, БАҚ-тағы жариялынымдарға пікір білдіруде ақпарат
орналастыру бойынша ұсынымдар Кодекске №2-Қосымшада ашып айтылған.
19
7. Қызметкерлердің жүріс-тұрысы
7.1. Кодексті сақтау
КМГ қызметкерлері келесілерге міндетті болады:
7.1.1. Кодекс қағидаттары мен ережелерін, Кодекске тиісті Қосымшаны
толтырумен расталатын, Кодекспен белгіленген жүріс-тұрыс қағидасын
мұқият зерделеуге, түсінуге және адал ниетпен қолдануға міндетті болады.
7.1.2. Қызметкерлер өздерінің стратегиялық және оперативтік қызметі
барысында шешімдер қабылдау кезінде Кодекспен көзделген этикалық
құндылықтарды, қағидаттар мен нормаларды басшылыққа алуы тиіс.
7.1.3. Кодекс қағидаттары мен ережелерінің бұзушылық фактілері туралы
хабарлауға, тиісті шаралар қабылдау үшін Омбудсменге және/немесе
комплаенс мәселелері жөніндегі жауапты құрылымдық бөлімшеге жүгінуге
міндетті. Бұл ретте КМГ қызметкерлердің құқығына қысым жасалмауына,
ал
осындай
жүгіну
жағдайларында
олардың
анонимділігінің
бұзылмайтындығына кепілдік береді
7.1.4. Корпоративтік этика мәселелері және/немесе корпоративтік этика
қағидаттарының бұзушылық оқиғасы қызметкерлермен сондай-ақ тікелей
басшымен талқылануы мүмкін. Егер талқылау нәтижелері бойынша
жауап/қолайлы шешім табылмаса, онда тиісті проблема бойынша КМГ
Омбудсменіне және/немесе комплаенс мәселелері жөніндегі жауапты
құрылымдық бөлімшеге ұсынымдар алу және/немесе тиісті шаралар
қабылдау үшін жүгіну керек.
7.2. Осы Кодекспен көзделген жүріс-тұрыс қағидаларын сақтаудағы
кез-келген күмән туғызу ішкі құжаттармен белгіленген тәртіпте
қарастырылуы тиіс.
7.3. Қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан, Кодекс қағидаттары
мен талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ осы қағидаттарды бұзатын
және олардың келісімінсіз талап еткен не болмаса бетімен жіберген, оларға
бағынышты тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін дербес жауапкершілік
жүктейді.
7.4. Кодекс талаптарының бұзатын әрекет (әрекетсіздік) жасаған немесе жол
берген қызметкерлер негіздер болған жағдайда, белгіленген тәртіппен
жауапкершілікке тартуға жатады.
7.2. Қызметкерлер мен басшылардың жүріс-тұрыстық міндеттері
7.2.1. Келесі талаптар атқаратын лауазымына қарамастан, барлық
қызметкерлерге қатысты:
7.2.1.1.
Қызметкерлер өзінің жұмысқа деген қатынасымен және
жүріс-тұрысымен ұжымда адал ниетті және құрметті орта қалыптастыруға
мүмкіндік жасауға міндетті. Әрбір қызметкер корпоративтік іскерлік
этикасын қағидаттарына бейілділікті қолдай отырып, ұжымда және Мүдделі
тараптармен өзара әрекеттесуде жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға
үлес қосады.