А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет47/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103

110 
 
Әдіскер  мәтін  талдау  бағытындағы  сұрақтарды  алдын-ала  даярлап,  үйге 
тапсыруды ұсынады. Сұрақтардың ӛзін  үш топқа жіктейді:  

жалпы бағдар түріндегі сұрақтар; 

аналитикалық сұрақтар; 

жинақтаушы, нақтылаушы немесе жалпылау сұрақтары.  
Әдіскердің  шығарма  талдауда  қолданатын  белсенді  әдістерінің  бірі  - 
әңгіме әдісі. Әдіскер әңгіме әдісін екі жұмыс бағытында жүргізуді ұсынады. 
Біріншісі  -  алғаш  шығарманы  үйде  оқып  сыныпта  дайындалған  сұрақтар 
бағытында талдау жүргізу. Екіншісі - еркін әңгіме әдісі. Еркін әңгіме әдісінде  
жалпы сыныпқа не сыныпты  топтарға бӛле отырып ӛзіндік тапсырма түрінде 
еркін  әңгіме  жүргізуді  ұсынады.  Сабақ  соңында  талдаудың  қорытындысын 
шығару  керектігін  айтады.  Алайда,  әдіскер  сынып  оқушыларын  еркін 
әңгімені  ұйымдастыру  амалдарын,  бағытын,  жұмыс  түрлерін  ашып 
кӛрсетпеген. Тек оқушылардың шағын тобында немесе оқушылардың сынып 
ішілік  тәртіпті жақсы сақтаған жағдайында  осы  әдіспен  ӛту  тиімді  екіндігін 
айтады. Әдіскер талдауға баяндама мен диспутты жатқызады.  
Ал әдіскер В.Г.Маранцман талдаудың екі түріне мән береді.
1
 Оның бірі 
-  автор  ізімен  талдау,  екіншісі  -  проблемалық  талдау.  Талдаудың  «Автор 
ізімен»  деген  түрін  ең  алғаш  М.А.Рыбникова  атап,  ӛз  тәжірибесінде 
қолданған болатын. Автор ізімен талдау түрі  әдебиеттік оқу сыныптарының 
алғашқы  кезеңіне  тиімділігімен  ерекшеленеді.  Мәтінді  оқи  отырып, 
жекелеген  бӛліктеріне  тоқталу,  авторлық  баяндау,  суреттеулерді  жүйесін 
сақтай  отырып  талдау,  шығармаға  бірте-бірте  бойлатуға  мүмкіндік  береді. 
Дегенмен, автор баяндауындағы оқиға ізімен ілесе талдау кейде түсіндірмелі 
оқуға ұласып, мотивтік белгілердің қалтарыста қалатын  немесе шығарманың 
идеялық  мәнін  танытатын  тұстардың  еленбей  қалатын  кездері  де  болады. 
Сондықтан  автор  ізімен  талдағанда  шығарманың  идеялық,  тақырыптық, 
танымдық,  тәрбиелік  бірлігін  сақтау  маңызды.  Автор  мұнан  ӛзге  мәтін 
талдаудың  үш  түрін  атайды.  Әдіскер  Қ.Бітібаева  В.Г.Маранцман  атаған 
әдістерді  «Жан-жақты,  толық  талдау,  сұрыптап  талдау,  шолу  бағытындағы 
талдау»  дей  отырып,  мынадай  түсінік  береді:  «Жан-жақты  толық  талдау 
кӛркем  туындыны  тұтастай  қарастырып  талдайды.    Жан-жақты    талдау 
уақытты кӛп алады, дегенмен, оның  тиімділігі кӛркем туындыны жанды бір 
организмдей    тұтас  қарастырады.  Шолу  бағытындағы  талдауда  мұғалім  
кӛркем  туындыны  жалпылама,  шолу  бағытында  қарастырады.  Кӛркем 
шығарма  сюжеті,  композициясы,  тілі    кӛтерген  тақырыбы  тұтастай 
қамтылады.  Сұрыптап  талдауда    талдау  кӛбіне    проблемалық  сұрақтар, 
проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады»
2

Әрине, талдау түрлерін бұлай атауда шарттылық басым. Себебі талдау 
түрлері шығармамен жүргізілетін жұмыстың ауқымына немесе шығарманың 
қамтылу  аясына  қатысты  атау  талдаудың  негізгі  әдіс-тәсілдерін 
айқындамайды.  
                                                           
1
 Методика преподавания литературы. Под ред.З.Я.Рез. –М., Просвещение, 1985.-119 с. 
2
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан 1997.  –47 б. 


111 
 
Ә.Қоңыратбаев  талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше 
шығарма бірліктерін атайды: 
-тақырыбы мен идеясы;  
-басты  образдары,  характер  композициясы,  олардың  типтілігі,  мүддесі 
арқылы кӛрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар;  
-шығармадағы  ұсақ  образдар  табиғаты,  олардың  бас  кейіпкерлермен 
қарым-қатынасы;  
-ұнамсыз образдар, солар арқылы  кӛрінетін қайшылықтар;  
-композициялыық  құрылыс,  олардың  формалары,  қызметі(пролог, 
эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.);  
-шығарманың сюжеті;  
-шығарма  тілі  (баяндау,  афоризм,  мақал-мәтелдер);  ондағы  кейіпкер 
тілі (диалог, монолог);   
-шығарманың  жанрлары,  олардың  табиғаты  мен  анықтамалары,  эпос,  
поэзия, драма бӛлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте кӛрінетін орны;  
-жазушының ӛзіндік стилі, әдісі, кӛзқарасы;  
-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы. 
 А.Кӛшімбаев  талдауға  жататын  құрамды  элементтерді  (тақырыбы, 
идеялық  мазмұны,  кейіпкерлері,  сюжеті  мен  композициясы,  тіл  ерекше-
ліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп, 
меңгерту жолдарын әдіс-тәсілдерін кӛрсетеді.
1
 Әдебиетті оқыту әдістемесінде 
қалыптасқан  әңгіме  әдісінің  жүргізу  тәсілдеріне  тоқталған  әдіскер 
шығарманы  оқи  отырып  талдау  жасауды  ұсынады.  Кӛлемі  жағынан  шағын 
шығармаларды мұғалімнің ӛзі түсіндіріп, тиісті жерінде мәтіннен мысал оқи 
отырып  талдайтынын  айтады.  Әрине,  ӛткен  уақыт  үдесіне  жараған  бұл 
әдістер  бүгінгі  талап  деңгейінде  оқушыны  дамыту  ӛрісінің  шектеулі, 
оқушының белсенді ойлауына ықпал етпейтінін байқатады.  
Шығарманың  идеялық  бағыты  мен  образдарын  талдауда  А.Кӛшімбаев 
дара,  салыстырмалы  және  кейіпкерлерді  топтау  түрінде  мінездеме  беру 
тәсілінің тиімділігін айтады. Әдіскер образдық талдауда бірнеше элементтің 
маңыздылығына тоқтала отырып, ӛзіндік белгілерін саралайды: 
Бірінші  белгісі  -  кейіпкердің  әлеуметтік  тегі,  қоғамдық  ортасындағы 
орны. 
Екінші белгісі - қоғамдық, үй-ішілік тұрмысы, дүниеге кӛзқарасы, әдет-
ғұрпы. 
Үшінші қосымша белгісі ретінде - кейіпкердің келбеті,  тұлға-тұрпаты,  
мүсіні,    сӛз  сӛйлесі,    іс-әрекетіне  байланысты  берілген  табиғат  суреттері, 
тілшілік жағдайлары. 
Тӛртінші  белгісі  -    кейіпкердің  ӛмір  шындығынан  жинақтап,  түйіндеп 
кӛрсеткен бейнесі, жазушының идеялық кӛзқарасы. 
Бесіншіден, мінездеме мен сипаттаулардың ӛзара байланыстылығы деп 
кӛрсетіледі.  М.Әуезовтің  «Бүркітші»  әңгімесіндегі  Бекболға  берілген 
мінездемеде  әдіскер  кейіпкердің  бірнеше  ерекшелігін    санамалап  кӛрсетеді. 
                                                           
1
 Кӛшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп, 1969. -96 б.
 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау