107
пал ететін оқу-таным үдерісі. Шығарманың жекелеген із жолдарын талдау да
қабылдаудан басталады. Шығарманы қабылдау үдерісін дұрыс ұйымдастыру,
оқушының оқырмандық тәжірибесінің алғашқы «жемістерін» орынды есепке
алу алдағы талдау жұмыстарының нәтижелі болуының да шарты. Түтпеп
келгенде, шығарманы оқу, қабылдау жұмыстарының барлығы оқушыны
дамытуға бағытталады.
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:
1. Кӛркем шығарманы қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
2. Кӛркем шығарманы қабылдау мен талдаудың арақатысы қандай?
3. Кӛркем мәтінде қабылдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерудің
маңызы қандай?
4. Әдеби мәтіннің тектері мен түрлеріне, жанрларына қатысты мәнерлеп
оқытудың ӛзгешеліктерін сипаттаңыз.
5. Бір кӛркем мәтінді мәнерлеп оқытудың әдіс-тәсілдерін жүйелеңіз, оның
тиімділігін түсіндіріңіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962. – С. 69).
2. Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и
его анализ в школе
//Вопросы анализа литературных произведений. –М,. 1969
3. Маранцман В.Г. Анализ литературного
произведения и читательское
восприятие школьников. –Л.,1974
4. Никифирова О.И. Психология восприятия художественной литературы. –
М., 1972.
5. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. –А., 1992.– 67 б.
6. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. - Алматы, Қазақ университеті. 1992.
Қосымша:
1. Тілешова С. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының
жүйесі /5-6 кл./ пед.ғыл.канд.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дис-
сертация. –А., 1969.
2. Якобсон П.М. Психология художественного восприятия.–М., 1964.
108
ІІ. 4. КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ — ОҚУШЫНЫҢ
БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІ
1.Талдауға жататын құрамды элементтер.
2.Талдаудың әдіс-амалдары.
3.Әдебиеттану саласындағы талдау түрлерін мектепте қолдану мүмкін-
діктері.
4.Талдаудың интербелсенді әдістері.
Кӛркем шығарманы талдау күрделі үдеріс. Ӛзінің күрделілігі жағынан
оқушының кӛркем шығарманы оқуы мен талдау әрекеті суретшінің күрделі
шығармашылық үдерісімен пара-пар. Мұғалім кӛркем шығарманы оқу мен
талдаудың ғылыми заңдылығымен қатар шығармашылық қиялмен әрекет
еткенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Мұғалімнің шығарманы
оқытудағы мақсаты мен міндеті кӛркем шығарманы оқушының ӛздігінен
оқып тануға деген талпынысы мен әрекетін оятуға бағытталуы керек. Егер
оқушы шығарманы ӛздігінен оқып, кӛркем шығармадан тікелей әсер
алмайынша, барлық талдауға деген барлық іс-әрекет нәтиже бермейді.
Кӛркем шығарманы талдау әдебиеттік оқу сыныптары мен шығар-
малары монографиялы оқытылатын сыныптарда түрліше талаппен жүргізілуі
тиіс. Ә.Қоңыратбаев: «VІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде
толық не бӛлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады.
Әдетте методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан VІІІ-Х
кластарда да текст класта, үйде жеке бӛлімдері бойынша оқылып, мазмұн-
далып, V-VІІ кластардағыдай әдебиет сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы бір
себеп — оқушылардың дайындығының тӛмендігі. Кейбір мұғалімдер үлкен
романдарды да жеке бӛлімдері бойынша талдауға, дәлірек айтқанда,
мазмұндауға бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи курс мето-
дикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын-ала оқылып,
лекция бағдарлаушы әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс. Басқаша
айтқанда ҮІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі»
1
деп жазады.
Мектепте шығарманы талдап тану оқушы мен оқытушының ынтымақ-
тастығымен жүзеге асырылатын шығармашылық жұмыс болып есептеледі.
Мектепте әдеби мәтінді талдау тікелей әдеби білім мазмұнына сәйкес
жүргізілетіні белгілі. Мұғалім тарапынан оқушылардың жас ерекшелігі мен
сол сыныпқа сай берілетін білім мазмұны, қалыптастырылатын әдеби-
теориялық ұғым назарға алынады.
Кӛркем шығарма табиғаты күрделі. Кӛркем шығарманың басты
мақсаты — табиғат бейнесін, ӛмір құбылыстары мен заңдылықтарын кӛркем-
дік заңымен бейнелеу арқылы оны қабылдаушының танымы мен түйсігіне
кӛркемдік жолмен ұсыну, әсер ету. Бұл мақсат адамзат мәдениетінің әр
кезеңінде ӛз уақытына сай әр деңгейде жүзеге асырылып келе жатқандығы
мәлім. Біздің кӛңіл аударып отырғанымыз кӛркем дүние мен оны қабылдау-
1
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. (9-10 сынып
мұғалімдеріне арналған
кӛмекші құрал). –А., Мектеп. –1966 ж.
109
шының ара қатынасы туралы. «Сӛз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
сендерге де келейін енді аяңдап» дегендей кӛркем шығарманы қабылдаушы
оқырманға бүгінде кӛркем дүниені танудың, танытудың да ӛз ережелері мен
заңдылықтары, қарапайым түрде айтқанда, «алтын сандықтың кілттері» бар.
Мектепте әдебиеттен кӛркем шығарманы талдау – аса маңызды үдеріс
болып саналады. Кӛркем шығарманың кӛркем әлемін тану оны оқудан
басталады. Кӛркем дүниенің бейнесін кӛзбен кӛріп, ой түйсігінен ӛткізу, адам
миының терең «айнасында» оның кӛрінісін жасау маңызды үдеріс екендігіне
дау жоқ. Кӛркем шығарманы оқуға қатысты туындап отырған кейбір
қиындықтар кӛптеген шешімін іздейтін мәселелерді туындатуда. Кӛркем
мәтінді оқуға деген ынтаның жыл санап бәсеңдеуі қоғамдық-экономикалық
ӛзгерістердің, ғылыми-техникалық жаңалықтардың адамзатқа тигізіп отырған
әсерінің бір қыры деуге болады. Уақыт, заман ӛзгерісінің ғаламдық бейнесін
аңғартады. Құндылықтарымыздың бірі саналатын кітаптың техникалық
дамудың басқа «перзенттерімен» бәсекелестіктегі салмағын танытады. Осы
уақыт сынында кӛркем шығарманың басымдық қырын танытатын кӛп
жетістігі барына талас жоқ. Ол танымдық, тағылымдық, эстетикалық, тәрбие-
лік құндылығымен айқындалады. Сондықтан да кӛркем мәтінді оқу, қай
заман болсын, ең маңызды мәселе болып қалары даусыз.
Қаламгердің дүниетанымы мен кӛзқарастары, ұстанымдары мен
түйсігінен жинақталып шыққан тұтас дүниені тану, жекелеген із жолдарын
саралау тек талдау арқылы жүзеге асады. Талдау — талдап алу, тарату,
тарамдау деген ұғымға саяды, оның терминдік мағынасы – «зат пен
құбылысты танып, білу» екендігі белгілі. Кӛркем шығарманы талдау арқылы
саралай тану, кейбір ерекшеліктері мен қырларын даралай қарастыру,
сараптау, қолданылу мақсаты мен міндеттерін айқындау кӛзделеді. Талдау да
әр тарапты болуы мүмкін. Ол шығарманы танытудағы мақсат, мүддемен
сабақтасып жатады. Талдаудың кӛптеген бағыттары осы мақсаттан
туындайды. Кӛркем шығармаға әдеби талдау жасау қандай бағыттарда
жүзеге асуы мүмкін?
Ӛткен ғасырдың 60 жылдарында әдіскер-ғалым В.В.Голубков
талдаудың құрамды элементтері ретінде бірнеше мәселені атап кӛрсетеді.
Олар: шығарманың тарихилық жағы; жазушының ӛзіндік кӛзқарасы мен
ұстанымдары; шығарманың тақырыбы мен идеялық бағыты; шығарманың
басты кейіпкерлері, олардың ӛмірдегі типтік бейне ретіндегі сипаты;
шығармадағы қосалқы кейіпкерлер; шығарма сюжеті; шығарманың диалог,
портрет, пейзаж, кіріспе эпизодтары, авторлық шегіністер, кейіпкердің ӛзіне
тән тілдік ерекшеліктері; жазушының тілдік ерекшелігі; шығарма жанры;
жазушының дәстүр мен жаңашылдыққа қатысы; жазушының ӛмір сүрген
кезеңі мен
кейінгі әдебиеттегі маңызы
1
.
Автордың мәтін талдауда негізгі нысан болатын мәселелерді саралай
отырып, талдау жұмыстарының бағыт-бағдарына, әдіс-тәсілдеріне тоқталады.
1
Голубков В.В. Методика преподавание литературы М., Учпедгиз, 1962.-107 с.