«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
54
дәстүр бойынша диалог түрінде сөйлеуге үйрету үшін оқушыларды
сұрақтар қоюға және басқаның қойган сұрақтарына жауап беруге үйрету
керек. Әрине, диалогта сұрақтар мен жауаптар үлкен орын алады. Алайда
бүкіл диалогты тек сұрақтар мен жауаптар деп карау дұрыс емес.
Диалогтық бірлестікке кіретін репликалар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы,
біреуді қонаққа (киноға, театрға т. б.) шақыру мен шақыруды қабылдау
немесе қабылдамау: Komm zu uns! – Gern (неміс тілінде), Come to us! –
Sportingly (ағылшын тілінде) шақыруға келісімді білдіреді. Немесе Komm,
wir spielen Fuβball! – Ich Kann leider nicht. Ich muβ der Mutter helfen (неміс
тілінде). Come on, Let’s play football! – I’m afraid, I can’t. I have to help my
mother (ағылшын тілінде). Бұл шақыруға бас тартуды білдірсе, біреуді бір
нәрсемен құттықтау және оған алғыс айту үшін: Wir gratulieren dir zum
Geburt stag – Vielen Dank (Danke schön) (неміс тілінде). We congratulate you
on your birthday. – Thank you very much. (ағылшын тілінде); біреуге бір
нәрсе туралы хабарлау – ол фактіге өз ойын айту: Assan ist ein fleiβiger
Schüler – Das stimmt nicht. Assan ist wirklich fleiβig. немесе Das stimmt nicht.
Assan ist Faul. (неміс тілінде). Assan is a diligent student. – That’s not true. He
is really hardworking. немесе That’s not true. He is a lazy student. (ағылшын
тілінде); біреуден бір мәлімет сұрау-мәлімет беру: Wo warst du im
Sommer? – Im Sommer war ich meinen Groβeltern auf dem Lande (неміс
тілінде). Where were you in summer? – In summer I visited with my
grandmother in the country (ағылшын тілінде) т. б.
Н.И.Гез және басқалардың шетел тілдерін оқыту методикасында екі
жақты диалогтық бірлестіктерді негізге алуды ұсына отырып, ең көп
тараған диалогтық бірлестіктерді тізіп береді: сұрақ-жауап; сұрақ-сұрақ;
хабар-соған байланысты туған сұрақ; хабар-оған байланысты туған жаңа
хабар; хабар - сол хабарды жалғастыратын немесе айтылған ойды
толықтыратын іліп-алма реплика (реплика-подхват); өтініш-хабар; өтініш-
сұрақ [5].
Шетел тілдерін оқыту методикасының теориялық негіздерінде
сөйлеушілердің репликаларының функционалдық арақатынасын мынадай
негізгі үш топқа бөледі:
Ақпаратты хабарлау - оған сөзбен жауап қайыру; ақпаратты хабарлау
(толықтыру, айтылған хабарға өз қатысын білдіру); қосымша ақпарат
сұрау, бір іс-әрекетке түрткі болу.
Ақпарат сұрау-оған сөзбен жауап беру; ақпарат беру; ақпарат беруден
бас тарту; қарсы ақпарат сұрау.
Өтініш, ұсыныс, кеңес түрінде бір іс-әрекетке қозғау салу – оған
сөзбен жауап беру; ақпаратты хабарлау (өкініш білдіру, ұсынысты
қабылдаудан бас тарту, қарсы пікір айту, күмәндану); қосымша ақпарат
сұрау; қарсы ұсыныс жасау.
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
55
Бұл айтылғаннан диалогтық бірлестіктер түріне сұрақ-жауап та
жататынын аңғарамыз. Бірақ сұрақ пен жауап толық диалог бола алмайды,
өйткені диалогтық бірлестіктің сұрақ-жауаптан басқа да түрлері бар. Олай
болса, студенттерді диалогтың негізгі түріне - сұрақ-жауап бірлестігіне
үйретумен қатар, басқа да диалогтық бірлестіктерді үйрету қажет.
Диалогтық бірлестіктерге кіретін репликалар тіл жағынан әр турлі
болып келеді. Мұнда сөз материалының негізгі екі түрін атауға болады: а)
сөз үлгілері (речевые образцы) және ә) дайын штамптар немесе сөз
клишелері (речевые клише). Сөз үлгілері дегеніміз - түрлі сөйлемдердің
үлгілері. Егер біреуге бір нәрсе туралы
хабарлау, мәлімет беру керек болса,
онда сөз үлгісі ретінде хабарлы сөйлемдердің үлгілері қолданылады.
Біреуден ақпарат сұрау, мәлімет алу керек болса, онда сөз үлгісі ретінде
сұраулы сөйлемдердің үлгілері қолданылады.
Біреуді бір нәрсе істеуге жұмсау үшін, біреуден бір нәрсе өтіну үшін
бұйрық райлы сөйлемдердің үлгілері қолданылады. Мұндай сөз үлгілерін
меңгеру үшін студенттер сөйлемнің әр түрінің үлгілерін игеруге, сол
үлгілерді басқа керекті лексикамен толтыра алуға тиіс. Тек сонда ғана олар
сөз үлгілерін өз сөзінде қолдана алады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
С.С. Құнанбаева «Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен
методикасы» Алматы, 2011.
2.
Ю.А. Воронин Технические и аудиовизуальные средства обучения:
учебное пособие / Ю.А№ Воронин. Воронеж: ВГПУ, 2001.-79с.
3.
И.Л. Бим Концепция обучения второму иностранному языку
(немецкому на базе английского). – М.: Титул, 2001.
4.
Ж.А.Караев. Трехмерная методическая система обучения основа
формирования функциональной грамотности учащихся. «Учитель
Казахстана» №15, 2013. средней школе. Под редакцией А.Д.Климентенко,
А.А.Миролюбова. М., «Педагогика » 1981.
5.
Н.И. Гез и др. Методика обучения иностранным языкам в средней
школе. М., « Высшая школа », 1982.
6.
А.И. Домашнев, К.Г.Вазбуцкая, Н.Н.Зыкова и др. Методика
преподавания немецкого языка в педагогическом вузе М., «Просвещение»,
1983.