153
мәдениеттерді тану мен ӛзара сыйластық негізінде ғана мүмкін
екендігін кӛрсетіп отыр.
Мәдениеттердің кӛп түрлілігі олардың дамуында ортақ
заңдылықтар бар ма немесе әрбір мәдениеттің ӛзіңдік даму жолы
бар ма деген сұрақ тудырады.
Неміс ойшылы Гегельдің айтуынша барлық халықтар
еуропалықтардың даму жолын қайталайды. Еуропа мәдениетін ол
адамзат мәдениетінің шоқ жұлдызы, мәдени бағдар деп санайды.
Гегель адамзат мәдениетінің даму туралы кӛп құнды пікірлер
айтқанмен оның кӛзқарасы еуроорталық шеңберде қалып қойған.
Оның тұжырымында тек абсолютті рух қонған халық қана тарихи-
мәдени кӛшті бастайды.
Маркстік философияға сәйкес әрбір қоғамдық-экономикалық
формацияға соған тән мәдениет түрі сай келеді. Мәдениеттің
дамуы сайып келгенде қоғамның экономикалық хал-аXVалына
байланысты. Алайда, мәдени дамудың ӛзіндік ерекшеліктерін де
ұмытпаған жӛн. Мәдени даму экономикалық факторға қаншама
тәуелді десек те, экономикалық даму дәрежесі тӛмен қоғамдарда да
мәдениеттің жарқын беттері жазылғанын жоққа шығаруға болмас.
Жалпы алғанда, Гегель мен Маркстің тұжырымдарында жалпы
жалқыдан жоғары тұрып, мәдени дамуды тураландырып жібереді
және әрбір мәдениеттің ӛзіндік ерекшеліктерін ескере бермейді.
Ойшылдардың басқа бір тобы (О.Шпенглер, Н.Данилевский.
А.Тойнби және т.б.) мәдениет дамуында ортақ зандылық жоқ,
әрбір мәдениет оқшау дамиды, олардың тек ӛзіне тән даму жолы,
тарихы, тағдыры бар деп санайды.
Қазіргі кезде мәдениетті батыстық және шығыстық деп жіктеу
кең таралған. Алайда, олардың ӛзін біртұтас құбылыс деп
қарастыруға болмайды. Себебі, бұл тұтастықтардың ӛздері де
кӛптеген мәдени типтердің синтезі болып табылады.
Әрбір мәдениет қайталанбастығымен, ӛзіндік құндылығымен
дараланады. Ұлттық мәдениеттердің дамуы адамзат ӛркениетінің
ӛркендеуінің кепілі, ұлттық оқшауланушылыққа ұмтылу, ұлттық
мәдениетті ғана дәріптеп, оны басқалардан жоғары қою мәдениет
үшін қауіпті сарын. Ӛйткені, бұл халықтардың экономикалық,
саяси, мәдени жақындасуына, яғни, объективті тарихи процеске
қайшы келеді.
154
Қоғамдағы нақты мәдениет салаларына тоқталатын болсақ,
олардың тӛмендегідей түрлерін атап ӛтуге болады: саяси мәдениет,
құлықтылық мәдениет, эстетикалық мәдениет, экологиялық
мәдениет, құқықтық мәдениет және т.б.
Мәдениетке жақын ұғым ӛркениет. Ӛркениет латынның
«civilis» – азаматтық, мемлекеттік, қалалық деген сӛзінен бастау
алады.
Қазіргі философиялық әдебиетте ӛркениет ұғымын бірнеше
тұрғыдан қарастырады:
1. Ӛркениет мәдени даму сатысы, оның сипаты қалыптасқан
ӛндірістік қатынастарға байланысты (мысалы, «антикалық
ӛркениет»,
«буржуазиялық ӛркениет» т.б.)
2. Ӛркениет – варварлықтан кейінгі қоғамдық даму сатысы.
Ол таптардың, мемлекеттердің, жазудың пайда болуымен және
халықтың қалаларда шоғырлануымен сипатталады (Л.Морган,
Ф.Энгельс).
3. Ӛркениет
жалпыадамзаттық
мәдениеттің
бірлігін,
тұтастығын
білдіреді.
4. Ӛркениет – мәдениеттің материалдық жағының дамуы,
техника мен технологияның ӛркендеуі.
Мәдениет пен ӛркениет арақатынасын түсінуде қалыптасқан
ортақ кӛзқарас жоқ. Кейбір философтар мәдениет пен ӛркениетті
синонимдер деп санаса, басқалар олардың арасында үлкен
айырмашылық бар деп есептейді. Техникалық білім ӛкілдері
ӛркениет мәдениеттің дамуына игі ықпал етеді десе, гуманитарлық
ғылым ӛкілдері ӛркениеттің дамуы мәдениетке орны толмас
нұқсан келтіреді деген пікірді ұстанады.
3. Рухани құндылықтардың қазіргі қоғамдағы орны.
Қазіргі замандағы адамзат қоғамы сан қилы қайшылықтарды,
дағдарыстарды бастан ӛткізіп жатқаны баршаға мәлім. Қоғамның
нарықтық қатынастар негізінде экономикалық дамуы, ғылыми-
техникалық прогрестің қарқынды ӛріс алуы бұрын – соңды
болмаған ауқымды, бүкіл дүние жүзілік проблемаларды алға
қоюда. Олар: ядролық қару жарақтардың жетіле түсуі және оның
халықаралық бақылаудан шығып бара жатуы, табиғи ресурстарды
ӛлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаның шектен тыс ластануы,
155
материалдық қор мен энергетика, азық-түлік, халық санының ӛсуі
проблемалары т.б. Бұл ауқымды проблемаларды шешу, әлемді
қорғап, болашақ тіршілікті сақтап қалу күллі адамзаттың бірігіп
күресуін қажет етеді.
Дамыған елдердің кейбір ӛмір сүру салттары, одан туындаған
нашақорлық, жезӛкшелік, бір жыныстық неке т.б. құбылыстардың
басқа халықтардың ӛмірлік, рухани құндылықтарына қайшы келуі
бүгінгі таңда қоғамда рухани- адамгершілік дағдарыстарды
тудыруда.
Жалпы адам ӛмір сүретін әлем екі үлкен әлемге бӛлінеді.
Олардың біріншісі материалдық дүниені құраса, екіншісі
руханилық қатынастар әлемін қамтиды. Материалдық дүние адам
тіршілігі үшін ең қажетті іргетас десек, ал, рухани әлемнің
адамның адам болып қалыптасуындағы орны ерекше деуге
болады. Бүкіл халықтың, ӛркениеттің болашағы – рухани
құндылықтарды бағалаумен, оны дамытумен байланысты екені
бүгінгі күні айқын кӛрінуде. Ӛйткені, адам ӛмірінің мәнін ашатын,
қоғамға шынайы адамгершілік, нәр беретін дүниелер – рухани
құндылықтар болып табылады. Егер, қоғамдағы рухани
құндылықтардың орны тӛмендеп, құнсыздана бастаса, онда сол
қоғамның түрлі экономикалық, саяси дағдарыстарға түсе
бастағаны.
Рухани құндылықтарды жасайтын да, оған мән беретін де
адам. Үлкен ғұлама ойшылдар ӛздерінің шығармашылық
еңбектерінде адамдардың игі қасиеттерін, ел үшін жасаған жан
пида ерліктерін, салт-санасын жазып, келер ұрпаққа ӛсиеттерін
қалдырады. Олардың еңбегі ӛз кезегінде рухани құндылықтарға
айналып, келер буынның рухани дамуына үлес қосады. Рухани
даму – адамды адам ететін ең басты қасиет деуге болады.
Рухани дамудың діні алғышарттына келсек, сопылық ілім
бойынша адам баласы кӛп жағдайда байлықтың, ӛз нәпсісінің
құлы. Сондықтан ол рухани науқас. Оның нәтижесінде адамның
ойлары мен түсініктері әлсіреп, сезімдері, ар-ұяты мұқалады.
Адамның иманы (сенімі), түсінігі ақиқаттан аулақтайды. Орта
ғасырда ӛмір сүрген әйгілі ғұлама Қожа Ахмет Яссауи бабамыз
«нәпсіңді тізгінде, жаның мен діліңді тазарт» деген нақыл сӛз
қалдырған екен. Сондықтан адам, ең алдымен, тура жолға түсу
үшін ӛзінің ой – пиғылын, ниетін тазарту керек. Арам ойдан аулақ
Достарыңызбен бөлісу: |