Экономика және қҰҚЫҚ


Тақырып № 14. Мәдениет философиясы



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет49/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61

 
150 
Тақырып № 14. Мәдениет философиясы 
 
1. Мәдениетті философиялық талдау. 
2. Мәдениеттің бірлігі мен кӛп түрлілігі. 
3. Рухани құндылықтардың қазіргі қоғамдағы орны. 
 
1. 
Мәдениетті  философиялық  талдау.  Мәдениет  – 
философиялық  талдаудың  аса  күрделі  салаларының  бірі. 
Мәдениетті  кӛптеген  ғылымдар  –археология,  тарих,  этнография, 
әлеуметтану, ӛнертану және т.б. зерттейді. Мәдениеттің сан алуан 
анықтамалары  мен  тұжырымдары  бар.  Американ  ғалымдары 
А.Кребер  мен  А.Клакхон  1964  ж.  мәдениеттің  257  анықтамасы 
барын анықтаған еді. Қазіргі кезде олардың саны 500-ге жуық. 
Біздің мақсатымыз 501 анықтаманы беру емес, мәдениеттің әр 
түрлі  анықтамаларын  талқылап,  сол  арқылы  бұл  құбылыстың 
мәнін және әлеуметтік қызметтерін айқындау. 
Мәдениет  сӛзін  алғаш  рет  римдік  сӛз  шешені  Цицерон  адам 
санасына  әсер  ету  мағынасында  қолданған.  Мәдениет  латынның 
«cultura» –ӛңдеу, күту, бағу дегенінен бастау алады. Бұл мәдениетті 
адамның мақсатқа сай әрекет барысында ӛзгерткен, қайта ӛңдеген 
нәрсесі  деп  түсінумен  ұштасады.  Әрине,  мәдениеттің  қоғамнан, 
адамнан  тыс  болуы  мүмкін  емес.  Ол  тек  адам  болмысына  тән. 
Мәдениет  адам  дамуының  ӛлшемі  десек  болады.  Мәдениет 
адамның  саналы,  мақсатты  іс-әрекетінің  кӛрінісі.  Адам  қолымен 
жасалынған  барлық  материлдық  және  рухани  байлықтар 
мәдениетке жатады. Осыған орай мәдениет – материалды мәдениет 
және рухани мәдениет болып екі үлкен топқа бӛлінеді. Мәдениетті 
табиғатқа  қарсы  қоюға  болмайды.  Тарихи  процесте  табиғат  пен 
мәдениет ажырамас бірлікте болады. Табиғат пен қоғамның ӛзара 
қатынасы адамның мәдени болмысының кӛрінісі болып табылады. 
Табиғат  объективті,  адам  санасынан  тәуелсіз  мәдениеттен  бұрын 
пайда  болған.  Мәдениеттің  пайда  болып  дамуының  алғы  шарты. 
Оның дамуына әсерін тигізеді, ал мәдениет ӛз кезегінде табиғаттың 
мәдени  ӛзгеруіне,  гүлденуіне  алып  келеді.  Адам  мәдениет 
субьектісі  ретінде,  табиғатқа  белсенді  әрекет  етеді.  Егер  ол 
белсенділік  табиғат  заңына  қарсы,  тек  жеке  бастың  мүддесінен 


 
151 
туатын болса, онда табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіріп, 
орны  толмас  экологиялық  апаттар  туғызады.  Мәдениетті  осылай 
түсіну  оның  әлеуметтік  табиғатын  айқындау  мақсатымен 
байланысты. 
Күнделікті  тұрмыста  мәдениет  ұғымына  құңдылық  сипат 
беріледі. Ол идеал, адам ӛмірінің мұраты ретінде қарастырылады. 
Мәдениеттің  құндылық  сипаты  тек  жеке  адамға  ғана  емес,  тұтас 
халықтарға  қатысты  қолданылады  (мысалы,  «мәдениетсіз  адам» 
«мәдениетсіз халық»). Мәдениетке құндылық мағына беру әрекеті 
ХVІІІ  ғ.  мәдениетті  адамның  тәрбиесімен,  ӛмір  салтымен, 
парасаттылық  деңгейімен  ұштастырудан  бастау  алады.  Бұл 
кӛзқарастың  ӛзіндік  ерекшелігі  –  мәдениетті  құндылық  ретінде 
түсіну (аксиологиялық тұрғыдан қарастыру). Кемшілігі – қоғамдық 
құбылыстарды  субъективті  тұрғыдан  қарастыруға  жол  ашады. 
Оның  тарихи  мысалы  мәдениетке  еуроорталык  кӛзқарас. 
Мәдениетті түсінудегі келесі бір кӛзқарас Э.Кассирердің есімімен 
байланысты.  Ол  мәдениетті  рәміздер  жиынтығы  ретінде 
қарастырады.  Ал,  олардың  мәнін  ашу,  танып,  түсіну  адамдарға 
сұхбаттасуға жол ашады. 
Мәдениеттің  кез  келген  анықтамасын  қарастырғанда 
тӛмендегідей жайттарды есте ұстаған жӛн: 
1.  Мәдениет  қоғамның  бір  бӛлігі,  саласы  емес,  оның  мәнді 
құндылық сипаты. 
2. Адамсыз  мәдениеттің,  мәдениетсіз  адамның  болуы  мүмкін 
емес. 
3. Мәдениет  мазмұнында  адамдық  әрекет  тәсілі,  оның 
нәтижелері,  адамның  қалыптасып,  дамуындағы  олардың  маңызы 
кӛрініс табады. 
Адамзат  тарихына  кӛз  салып  қарасақ,  мәдени  игіліктерді 
жасау барысында адамның адам болып қалыптасқанын кӛреміз. 
Біз  жоғарыда  мәдениет  қоғамның  мәнді  құндылық  сипаты 
дедік, дәлірек айтсақ, мәдениет – қоғамның қасиеті, оның ӛмір сүру 
әрекетінің  ауқымды  да  кӛлемді  міндеті.  Қоғамның  дамуында 
мәдени  жасампаздық  пен  дәстүрдің  алатын  орны  ерекше.  Дәстүр 
қоғамдағы  сабақтастықты  қамтамасыз  етсе,  жасампаздық  оның 
шығармашылықпен  дамуының  алғышарттарын  жасайды.  Дәстүр 
мен 
жасампаздық 
диалектикалық 
байланыста 
болады. 
Жасампаздықтың ӛзі – дәстүрді игеру, сана мен сын таразысынан 


 
152 
ӛткізу  барысында  қалыптасады..  Шамадан  тыс  дәстүршілдік 
қоғамдық прогреске кері әсер етуі мүмкін. 
Мәдениет  –  адам  мен  оның  еңбегінің  жемісі.  Мәдениетті 
адамзаттың  ӛңдірген  заттарымен  ғана  шектеуге  болмайды. 
Қоғамдық  қатынастар,  рухани  ӛңдіріс  ӛнімдері  де  мәдениеттің 
ажырамас  бӛлігі  болып  табылады.  Кез  келген  мәдениет 
феноменінде  адамның  ақыл-ойы,  арманы  мен  еңбегі  заттанады. 
Мәдениет – қоғам мен адамның тіршілік ету тәсілі. 
Мәдениеттің  коғамда  атқаратын  қызметтері  де  сан  алуан. 
Солардың ішіндегі ең бастыларын атап ӛтейік. 
1. Адамдандыру. 
2. Мәдени мұрагерлік. 
3. Танымдық. 
4. Коммуникативтік (қарым-қатынастық). 
5. Реттеушілік. 
Ғалымдар  бұдан  басқа  мәдениеттің  герменевтикалық, 
аксиологиялық, футурологиялық қызметтерін атап кӛрсетеді. 
2.  Мәдениеттің  бірлігі  мен  кӛп  түрлілігі.  Шартты  түрде 
мәдениетті материалдық және рухани деп жіктейді. Бұл жіктеудің 
негізінде  адамдық  қажеттіліктер  жатыр.  Материалдық  мәдениет 
ӛнімдері  адам  қажеттіліктерінің  бір  тобын  қанағаттандырады 
(мысалы, еңбек құрал-жабдықтары адамның тіршілігін қамтамасыз 
ететін ӛнімдерді ӛндіру үшін қажет). Алайда, адам тек ішіп-жеумен 
ғана  ӛмір  сүрмейді,  ол  алдына  мақсат  қойып,  соған  жетуге 
ұмтылады,  жақсылық  пен  жамаңдықтың  ара  жігін  ажыратып, 
дүниенің  сұлулығын  танып,  оның  қыр-сырын  ашуға  талпынады. 
Бұл адам бойында рухани қажеттіліктерді қалыптастырады. Яғни, 
адамға  ӛмір  сүру  үшін  азық-түлік  қандай  қажет  болса,  рухани 
ізденіс,  арман-мұрат  та  сондай  қажет.  Мәдениеттің  бұл  екі  жағы 
бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, екеуі де адам ақыл-
ойының,  сана-сезімінің  жемісі  болып  табылады.  Материалдық 
мәдениет  үлгілерінде  адамның  ақыл-парасаты  заттанса,  рухани 
мәдениет материалдарда кӛрініс табады. 
Тарихқа  кӛз  салып  қарасақ,  әрбір  халықтың  тек  ӛзіне  тән 
мәдениетті қалыптастырып, дамытқанын кӛреміз. Мәдениеттің кӛп 
түрлілігі  –  адамзаттың  асыл  қазынасы.  XX  ғасырда  мәдени 
оқшаулану  мен  мәдени  басымдылықтың  орнын  мәдениеттер 
сұхбаты  идеясының  басуы,  халықтар  арасындағы  түсіністік 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау