Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет45/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61

 
138 
философтар  конвенциональды  (келісімді)  типтерді,  К.Маркс 
материалды типтерді атап кӛрсетеді. 
Адамдар 
арасындағы 
байланыстарды 
және 
олардың 
зандылықтарын түсіндіруде үш түрлі кӛзқарас бар. 
1. Натуралистік кӛзқарас. Оның мәні адам қоғамы табиғаттың, 
ғарыштың  ажырамас  бӛлігі  деп  қарастыруда.  Бұл  тұрғыда 
қоғамның  құрылымы  мен  тарих  дамуы  күн  белсенділігінің 
артуына,  ғарыштың  сәулелерге  (А.Чижевский,  Л.Гумилев), 
географиялық, 
табиғи-климаттық 
жағдайларға 
(Монтескье, 
П.Мечников),  адамдардың  генетикалық,  нәсілдік,  жыныстық 
ерекшеліктеріне байланысты (Э.Уилсон, Р.Докинс т.б.). 
2 Идеалистік кӛзқарас. Мұнда адамдар арасындағы байланыс, 
оларды  біріктіріп  тұрған  нәрсе  идеялар,  наным-сенімдер,  мифтер 
жиынтығы деп саналады. 
3.  Тарихты  материалистік  тұрғыдан  түсіну.  Оның  мәні  – 
адамдардың  топтасуының  негізі  ӛңдіріс  тәсілі.  Адамдарды 
әлеуметтік  организмге  біріктіретін  нәрсе  идея  да,  құдай  да  емес, 
ӛндіргіш  күштері  мен  ӛндірістік  қатынастар,  олардың  ӛзгеруі 
қоғамдық экономикалық формациялардың негізін құрайды. 
2. Қоғам ӛздігінен дамитын жүйе ретінде. XX ғ. ғылымының 
теориялық жетістіктерінің бірі – әлеуметтік жүйе туралы кӛзқарас. 
Әлеуметтік жүйе -біртұтас құрылым, оның негізі элементі адамдар, 
олардың  байланысы,  ӛзара  әрекеттері,  қарым-қатынастары. 
Әлеуметтік  жүйе  ерекшеліктерін  түсінуде  табиғилық  пен 
әлеуметтіктің,  мәдениеттіліктің  арақатынасын  талдаудың  маңызы 
зор. Кӛптеген кӛне мәдениеттердің дамуында жер жағдайы үлкен 
әсер  етті.  Алайда,  ол  дамудың  анықтаушы  факторы  болмады. 
Қоғам  дамуының  кепілі  ӛндіргіш  күштер  мен  ӛндірістік 
қатынастардың дамуы. 
Адамдардың табиғи заттар мен күштерді игеруге жұмсалатын 
қабілеттері мен күштері, құралдары олардың ӛндіргіш күштері деп 
аталады. 
Ӛндіргіш  күштерге  адамдардың  ӛздерінің  тікелей  жұмысқа 
қабілетінен басқа да ӛндіріс құрал жабдықтарын жатқызады. 
Адамдардың  табиғатқа  қатынасы  –  ӛзгерту,  игеру,  ӛндіру 
қатынасы болып кӛрінеді. Бұл қатынастар – адамдардың қоғамдық 
ӛндірістік  қатынастары.  Қоғамдық  ӛндірістік  қатынастар  –  бүкіл 
қоғамның  дамуынын  негізі  қозғаушы  күші  болып  табылады. 


 
139 
Ӛндірістік 
қатынастар 
барысында 
рухани 
іс-әрекеттер 
қалыптасады.  Рухани  іс-әрекеттер  ӛз  негізінде  қоғамдық 
қатынастарға, адамдар арасындағы қатынасқа белсенді әсер етеді. 
Қоғамдық  практика  –  адамдардың  екіге  бӛліну  процесін 
кӛрсетеді: бірі – іс-әрекет етуші адамдарға және екіншісі – олардың 
заттық  формалары.  Ӛздері  жасаған  заттар,  объективтенген 
формалар  адамдардың  ӛз  формасы,  ӛздерінің  бӛліну  тәсілі.  Ол 
формалар адамдардың белгілі даму дәрежесін бейнелейді. 
Практика  ӛзінің  жан-жақты  сипатын  дамудың  неғүрлым 
жоғарғы  сатыларында  айқындайды.  Философия  практика  арқылы 
практиканың  объективтік  дамуын,  мазмұнын  зерттей  отырып, 
табиғаттың,  қоғамның  және  ойлаудың  ең  жалпы,  ең  маңызды 
заңдарын аша алады. 
Қоғам эволюциясында мәдени мұраны мирас етудің үш негізгі 
бітімі бар: 
1.  Ӛмірлік тәжірибені, еңбек ету тәсілін тікелей атадан балаға 
беру. 
2.  Қоғамда  қалыптасқан  мәдени  дәстүрді  принциптер  мен 
тиым салулар арқылы беру (ауызша немесе жазбаша). 
3.  Аксиологиялық.  Қоғамда  қалыптаскан  идеялар  мен 
зандылықтар  белгілі  принциптерде  кӛрініс  табуы  арқылы 
мұраланады. 
Қоғам  үшін  рәміздер  ретінде  кӛрініс  тапқан  идеалдар 
жүйесінің  маңызы  зор.  Қоғамның  ӛздігінен  дамуының  бірінші 
бастауы  мәденилік  пен  табиғилықтың  қарама-қайшылығы  деп 
айтуға  болады.  Әлеуметтенудің  қай  бітімін  алып  қарасақ  та  адам 
табиғаттың,  ғарыштың  бір  бӛлігі.  Сондықтан,  адам,  қоғам  және 
табиғат  қарым-қатынасы  XX  ғ.  мәдениетінің  ӛзекті  мәселелерінің 
біріне  айналып  отыр.  Қоғамдык  ӛмірдің  маңызды  мәселелерінің 
бірі  –  еңбек  бӛлінісін  де  осы  тұрғыдан  қарастырған  жӛн.  Еңбек 
бӛлінісі қоғам дамуында елеулі рӛл атқарады. Алғашқы қауымдағы 
еңбек  бӛлінісі  барысында  адамдар  табиғатқа  бейімделіп  қана 
қойған  жоқ,  олар  ӛндірісті  тиімді  жолмен  дамытты.  Ӛндіріс 
барысында  адам  материалдық  игіліктерді  қоршаған  ортаны 
ӛзгертті және соның барысында ӛз табиғатын да ӛзгертті. 
Қоғам  дамуының  екінші  бастауы  еңбек  әрекеті  барысында 
қалыптасатын  қоғамдық  қарым-қатынастар.  Қоғамның  шығуы, 
дамуы  табиғатпен  органикалық  байланыста.  Қоғам  табиғаттың 


 
140 
ұзаққа  созылған  эволюциялық  дамуының  қорытындысынан 
шықты.  Қоғам  –  материя  қозғалысың  ең  жоғарғы  формасы, 
әлеуметтік  формасы  болып  табылады.  Адам  да  жануарлар  да 
табиғатпен  тығыз  байланыста  болады.  Жануарлар  табиғатпен 
бағынышты сипатта, оның дайын жемісін қолданады, оны ӛзгерте 
алмайды.  Ал,  адам  табиғатты  қайта  ӛңдеп,  белгілі  мақсатқа 
пайдалана  алады.  Адамдардың  іс-әрекеті  әрқашанда  қоғамдық 
сипатта болады. 
Адамдардың  еңбек,  табиғатпен  қатынасының  дамуы  адам 
қоғамының  шығуына  негіз  болды.  Қоғам  бір-бірімен  іштей 
байланысты,  және  бір-біріне  бағынышты  қоғамдық  құбылыстар 
мен қоғамдық қатынастардың жүйесі. Маркска дейінгі философтар 
қоғамдық  ӛмірді  шын  мәнінде  түсіндіре  алмады.  Қоғамдық 
дамудың  объективті  заңдарын  аша  алмады.  Олар  кӛбіне 
адамдардың  іс-әрекетінің  тек  идеялық  жағына  ғана  мән  берді. 
Халық бұқарасының ролін жете бағаламай, жеке адамдардың ролін 
тарихты жасаушы деп асыра бағалады.. 
Қоғам  дамуының  негізі,  анықтаушысы  материалдық  ӛндіріс 
тәсілі  болып  табылады.  Мұны  ашқан  К.Маркс  болды.  Тарихты 
материалистік  тұрғыдан  түсіну,  материализмді  қоғам  ӛміріне 
еңгізу  болып  табылады.  Осылайша  қоғам  дамуының,  ӛзгеруінің 
объективті заңдары ашылды. 
Қоғамдық  қатынастар  –  адамдардың  тек  қоғамда  ӛмір  сүріп, 
олардың  ӛндіріс,  саясат,  рухани  ӛмір  саласындағы  іс-әрекетте 
пайда  болатын  байланыстардың  ерекше  түрі.  Қоғамдық 
қатынастардың  ішінде  бірінші  анықтаушы  ретінде  ӛндірістік 
қатынастарды  алуға  болады.  Осы  әр  формациядағы  ӛндірістік 
қатынастардың  жиынтығы  экономикалық  базисті  құрайды.  Осы 
ӛндірістік,  экономикалық  қатынастарды  негізгі  екенін  кӛрсету 
үшін ғылымға базис және қондырма ұғымдары еңгізілді. 
Базис  –  дегеніміз  қоғамның  экономикалық  құрылымы,  сол 
қоғамның ӛндірістік қатынастарының жиынтығы. Ал, қондырма – 
дегеніміз  әр  түрлі  қоғамдық  мекемелер  мен  ұйымдардың, 
идеялардың, теориялардың белгілі базис негізінде пайда болатын, 
олармен тығыз байланыста болып, ӛз кезегінде оған ықпал ететін 
идеологиялық қатынастардың жиынтығы. 
Адамдар  саясатпен,  ғылыммен,  ӛнермен  т.б.  шұғылданбас 
бұрын оның жейтін тамағы, тұратын үй-жайы, киетін киімі болуы 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау