Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет6/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
18 
1.  Самхиттер – құдайларға арналған гимндер жинағы; 
2.  Брахмандар – бұлар әдеп- ғұрыптар мен дұғалар бойынша 
жазылған әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар. 
3.  Араньяктар  –  орман  кітаптары  –  құдайға  құлшылық  ету, 
медитация  және  әдеп-  ғұрып  т.б.  туралы  пікірталас.  Оларда 
дүниетанымдық мазмұн басымдарақ болды. 
4.  Упанишадтар 
– 
философиялық 
мазмұны 
терең, 
рациональдық  сипаты  басым  негізгі  бӛлім.  Упанишадтар  – 
ұстаздың  шәкіртпен  диалог  –  әңгімесі.  Оның  тақырыбы  – 
болмыстың  алғашқы  бастауы,  сол  арқылы  табиғат  пен  адамның 
бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. 
Ежелгі  Үнді  жерінде  алғашқы  қауымдық  құрылыс  ыдырап, 
құлдық  қоғам  қалыптасқан  кезде  қоғам  4  варнаға  бӛлінген.  1. 
Брахмандар  –  әулиелер,  ой  еңбегімен  айналысатын  адамдар.  2. 
Кшатрийлер  –  әскери  қызметпен  айналысатын  адамдар.  3. 
Вайшьилер  –  саудагерлер,  қолӛнермен  айналысатын  адамдар.  4. 
Шудралар – қара жұмыспен айналысатындар, құлдар. 
Үнді  қоғамының  осындай  даму  кезеңіне  сай  мифологиялық, 
философиялық кӛзқарастар қалыптаса бастады. Ол кӛзқарастар әр- 
түрлі болды. Философиялық даналықтары негізінен адам ӛміріне, 
тағдырына  бағытталды.  Жақсылық  пен  жамандық  табиғатын 
ажыратуға  кӛмектесті.  Философия  тек  теория  ғана  емес,  ӛмір 
салтына 
айналды. 
Ӛмірде 
болатын 
түрлі 
қайғы, 
қиыншылықтардың  себебтерін  және  олардан  шығу  жолдарын 
іздестіреді. 
Үнді  философиясы  бойынша,  адамның  барлық  іс-  әрекеттері 
карма  заңдылығымен  кӛрінеді.  Карма  ұғымы  тағдыр  деген 
мағананы  білдіреді.  Карма  бойынша,  адамның  барлық  жасаған 
«жақсы»  немесе  «жаман»  іс-  әрекеттері  соған  сәйкес  салдар 
туғызады.  Ол  салдар  адамның  ӛз  ӛмірінде  келмесе,  онда  «о 
дүниеде»  келеді  немесе  оның  келер  ұрпағына  беріледі.  Ӛмірде 
адам  басында  болып  жатқан  түрлі  жағдайлар,  қайғы  – 
қасіреттердің  ешбірі  кездейсоқ  емес,  қажеттілік.  Кейде  адамдар 
жазықсыз жапа шегеді. Оған кінәлі оның ӛткен ата- бабаларының 
іс-әрекеттері. 
Тағдар бар, ол адамдардың ӛткен іс- әрекеттерінің салдарынан 
қалыптасады. Қазақта «адам пешенеге жазғанын кӛреді» деген сӛз 
бар. Адам, әрине, алдына мақсат қояды, соған жетуге талпынады, 


 
19 
іс-  әрекеттер  жасайды,  бірақ  тағдыр  соған  сәйкес  түрлі  жолдарға 
салады, ӛмірін белгілі бір арнаға бұрады. 
Осылайша,  карма  ұғымы  адам  тағдарын  ерекшелейді.  Карма 
ұғымы сансара (қайта туылу жүйелері) ілімімен тығыз байланысты 
болып  келеді.  Осы  қайта  туылу  жүйесін  бұзу,  яғни  сансарадан 
шығу мокша (босану, азат болу) деп аталады. Мокшаға жету үшін 
құбандықтар  шалу  керек  екен.  Бостандыққа  ұмтылған  адамдар 
алдымен  әдептілік  қағидаларларын  сақтап,  драхмаға  (ӛмір  жолы, 
салты) жүгінуі керек. 
Кӛне үнді философиясының негізгі мектептері: 
Буддизм – ежелгі үнді философиясының басты бағыттарының 
бірі.  Бұл  -  философиялық  ілімнің  негізін  қалаған  Сиддхарта 
Гаутама  (б.э.д.  563-483).  Гаутама  жастық  шағында  бақытты  ӛмір 
сүрген.  Кейіннен  ӛмірдің  қайғы,  ауру,  қиыншылық  секілді 
жағамсыз құбылыстарына тап болғаннан кейін, адам ӛмірінің азап, 
қайғыға  толы  екеніне  кӛзі  жетіп,  оны  қайғы  –  қасіреттен  құтқару 
жолын  іздейді.  Буддизм  ілімі  негізі  бойынша,  ӛмірдегі  азап, 
қасіреттен құтылу үшін тӛрт қасиетті ақиқатты білу керек. 1. Ӛмір 
– қасірет. 2. Қасіреттің себебі бар. 3. Қасіретті жеңуге мүмкіндіктер 
бар. 4. Қасіретті жоюдың әдісін кӛрсететін жол бар. 
Қасіреттің басты себебі – құштарлық. Адам қасіреттен құтылу 
үшін  алдымен,  құштарлықтан  құтылудың  жолын  тауып,  нәпсісін 
тию керек. 
Ол  үшін  адам  әр  түрлі  әдетілік  қағидаларды  сақтап,  жанды 
тазарту керек. 
Адам  адал  еңбек  етіп,  дүниенің  жалған,  уақытша  екенін 
түсініп,  ӛтірік  айтпай,  біреуге  жамандық  жасамай,  адам  туралы 
жаман ойламай, ӛзін-ӛзі тазарту керек. Ӛзімен – ӛзі күресу керек. 
Сонда  адам  құштарлықты  жеңіп,  нәпсісін  тазарып,  ең  жоғарғы 
деңгей  –  нирванаға  жетеді.  Нирвананы  -  мокшаның  (яғни 
босанудың)  бір  түрі  деуге  болады.  Нирвана  жанды  осы  дүниеде 
қасіреттен азат етеді. Оған жеткен адам ең құрметті, қадірлі адам. 
Нирвана  –  ең  жоғарғы  ләззат.  Оны  сезім  мүшелерімізбен  танып, 
сезе  алмаймыз.  Нирвананы  тек  дұрыс  жолмен  жүрген,  алдамшы, 
ӛткінші  қызықтан  бас  тартқан,  ойын,  жанын  тазартқан  адам  ғана 
танып, сезе алады. 
Жайнизм 
– 
кӛне 
үнді 
философиясының 
маңызды 
бағыттарының бірі. 


 
20 
Оның негізін салушылардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі VІ-
V ғасырларды ӛмір сүрген Жеңімпаз деген атқа ие  болған ойшыл 
Махавира. 
Жайнизм  мынадай  тӛрт  нәрсеге  тиым  салды:  ахимса  –  жаны 
бар  мақұлықтарға  ешқашан  тиіспе;.  астейя  –  ұрлық,  зорлық 
жасамау;  сатья  –  әділ,  шыншыл  болу;  апариграха  –  үйірсектікке, 
кӛрсе қызарлыққа тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін 
– брахмачарья – некеден бас тартуды қосқан. Жайнизм монахтары 
осы  тиым  салуларды  екі  мың  жарым  жыл  бойы  қатал  сақтап 
келген. 
Жайнизм  ілімі  материалистік  ілімге  жақын  келеді. 
Материалды  заттарды  санадан  тыс,  одан  тәуелсіз  ӛмір  сүреді  деп 
түсінді.  Оларды  біз  түйсік  аркылы  қабылдаймыз.  Бес 
субстанцияны  атап  кӛрсетті.  Олар:  1.  Джива  –  тірі  жан,  рухани 
субстанция;  2.  Зат;  3.  Кеңістік;  4.  Қозғалыс  пен  тыныштық;  5. 
Уақыт.  Субстанциялар  мәңгі,  тек  олардың  кӛріністері  ғана 
ӛзгереді. Барлық субстанциялар кеңістікте ӛмір сүреді. Сондай ақ, 
жайнизм  дүниені  тіршілігі  бар  және  тіршілігі  жоқ  дүние  деп 
бӛлген. Тіршілігі жоқ әлем атомдардан тұрады. Атомдар белсенді 
және  қозғалыста  болып  тұрады.  Ал,  тіршілігі  бар  әлемге  жаны 
барлар жатады. Жанның ӛзі әр түрлі болады. Дживаға – яғни жаны 
барларға ауа, жер, су, от, ӛсімдік те жатады. Олар тек сезіне алады, 
ал  құстарда,  жануарларда,  адамдарда  сезім  арқылы  түйсіне  алу 
қасиеті бар. Адамның жаны ең жоғарғы болып саналады. Тіршілік 
мәңгі, жандар бір денеден екінші денеге ауыса алады. 
Адам және оның ӛмірі мәселесінде жайнизм ӛмір – дегеніміз 
азап  деген  ұғымды  ұстанады.  Азап  –  карма  заңының  нәтижесі. 
Ӛткен  ӛмірдегі  жаман  істерді  адам  үш  нәрсені  орындау  арқылы 
жеңе алада. Олар: дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс мінез- құлық. 
Адам  азаптан  толық  құтылу  үшін  жан  денеден  бӛлек,  тәуелсіз 
тұруы  керек.  Дене  құрсауында  жан  құмарлыққа  нәпсіге  икем 
болады, сӛйтіп бейнет шегеді. Моральдық азғындауға ұшырайды. 
Азаптан құтылу адам ӛмірінің мақсаты. Олар ӛмірді аса қадірлеген. 
Жалпы  ӛмір  атаулылы  құнды  деп  есептеген.  Жан-жануарлар 
ӛміріне  зиян  келтермеген.  Адал,  шыдамды,  ӛзіне  талабы  қатты, 
жан-жануарға  мейірімді  аскет  адам  ғана  ӛмір  мәніне  жетеді  деп 
пайымдаған. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау