15
жауап береді. Философиямен танысу оны игеру- жалпы
адамзаттық мәдениетке жақындау болып табылады.
Гуманистік қызметі – адамды жоғарғы моралдық қасиетке
тәрбиелейді. Адамгершілік, адам мәселесі философияның бүкіл
тарихи дамуында қарастырылып отырды. Адам дамуына,
еркінділігіне жан жақты жол ашады. Философиямен айналысқан
адам жақсы, пайдалы іспен айналысады деуге болады. Адам
мәселесі арқашанда бірінші орында тұрады.
Гносеологиялық қызметі – ғылыми таным шығуы мен даму
заңдылықтарын анықтаумен кӛрінеді. Дүниені танып білуге
болады. Таным процесі шындық дүниенің адам санасында идеалды
бейнеленуі болып табылады. Адамның танымдық іс-әрекетінің
даму заңдылықтарын зерттей отырып, философия ойлаудың
ақиқатқа жақындауын, оған жетудің жолдарын талдайды. Алынған
білімдердің растығын білдіретін кӛрсеткіштерді негіздейді.
Әдістемелік қызметі – философия бізді қоршаған дүниедегі
құбылыстарды, оқиғаларды талдауға жалпы әдіс шығарады. Жеке
ғылымдарға күрделі теориялық фундаментальды мәселелерді
шешуге, оларды алдын алуға философиялық әдіс кӛп кӛмек береді.
Ғылыми теория, гипотеза жасауға философияның қатысуы
маңызды роль атқарады. Ғылым мен практиканың даму барысында
философияның әдістемелік қызметі де дамып тереңдей түседі.
Болжамдық қызметі – философия қоршаған дүние мен
адамдардың оған қатынасы туралы білімдерді негізге ала отырып,
ғылыми танымның қазіргі замандағы жетістіктеріне сүйене,
адамзаттың
болашағына,
табиғат
пен
қоғамның
даму
тенденцияларына болжамдар жасайды.
Тәрбиелік қызметі – философия барлық қоғамдық ғылымдар
секілді тәрбиелік қызмет атқарады. Адам тәрбие мен қоршаған
орта жемісі. Барлық адам тәрбиеші. Философия біріншіден адам
болуға
тәрбиелейді.
Әрбір
адам
ӛзін-ӛзі
тәрбиелеуші,
қалыптастырушы болу керек.
Философияның адам мен қоғам ӛміріндегі орны ерекше.
Философия әрбір жеке адамның, маман болу үшін білім алып
жүрген жастардың тұлға болып қалыптасуна үлкен ықпал етеді.
Оларға мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар бере отырып, дұрыс,
ӛзіндік шығармашылық ойлауға үйретеді. Ӛзіне сыни тұрғыдан
қарау дағдыларын қалыптастырады. Қоғам адамдардың бірлігі
16
негізінде тарихи қалыптасқан күрделі организм. Адам қоғамда
ӛмір сүріп, қоғамнан тыс қалуға болмайды.
Негізгі ұғымдар:
Дүниетаным. Миф және мифология. Дін. Философия. Таным. Материализм және
идеализм. Метафизика және диалектика.
Бақылау сұрақтары:
1.
Дүниетаным дегеніміз не және оның құрылымы қандай?
2.
Мифологиялық кӛзқарастардың пайда болу себебі?
3.
Діні қӛзқарастардың ерекшеліктері неде?
4.
Философия мен ғылымның айырмашылықтары бар ма?
5.
Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы
қандай?
6.
Таным дегеніміз не? Дүниені танып, білуге бола ма?
7.
Философия қоғамда қандай қызметтер атқарады?
Реферат тақырыптары:
1.
Философиялық дүниетаным ерекшеліктері.
2.
Философия мәдениет жүйесіңде.
3.
Философия және ғылым.
4.
Философия және дін.
5.
Философия және миф.
6.
Қазіргі заманның ауқымды мәселелерін шешудегі философияның рӛлі.
7.
Философияның әлеуметтік қызметтері.
17
Тақырып № 2. Ежелгі Шығыс
философиясы
1. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.
2. Ежелгі Қытай философиясының негізгі бағыттары мен
мектептері
1. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері.
Философияның пайда болғанына үш мың жылдай болды
дейміз. Философия кӛне ғылым болғандықтан оның ұзақ тарихы
бар. Біздің мақсатымыз – әлемдік философиялық ойдың қалыптасу
кезеңдерін кӛрсету. Философия б.э.д. 1 мыңыншы жылдардың
ортасында ежелгі ӛркениеттің үш ошағы болған – Үнді, Қытай
және Грек елдерінде бір мезгілде пайда болған. Осы елдерде
философияның пайда болына экономикалық, саяси, әлеуметтік
және рухани алғы шарттар пісіп жетілді. Олар – қоладан темірге
кӛшуге байланысты ӛндірістік күштердің ӛсуі, сауда-саттықтың
дамуы, алғашқы мемлекеттердің пайда болуы, ғылымның, білімнің
ӛркендеуі және т.б.
Үнді философиясы адамзатты осы күнге дейін толғандырып
келе жатқан мәселелерді кӛне заманның ӛзінде – ақ қоя білді. Үнді
философиясының пайымдау объектісі – жеке адамның ӛмірі, оның
ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым – қатынасы мәселелері
болды. Сондай–ақ, Үнді философиясы мифологиялық оймен тығыз
байланыста болып, ғылыми оймен байланысы мардамсыз болды.
Философиялық ұғымдардың мән-мағанасы күрделі де, сан-түрлі
сипатта болды.
Үндістанға б.э.д. 2-ші мыңжылдықтың ортасында солтүстіктен
арийлер тайпасы басып кіреді. Арийлердің қасиетті жазулары –
Ведалар – қасиетті аян жолымен келген білімдер, кӛне әдеби
ескерткіштер болып табылады. Веда сӛзі білім деген мағананы
білдіреді. Ведалардың құрамына қасиетті жазулар, құдайға
құлшылық етуге бағытталған сӛздер, философиялық трактаттар
кірді.
Ведалар бірнеше бӛлімдерден тұрған. Олар философиялық
ойлардың қалыптасуына үлкен рӛл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |