Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет7/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61

 
21 
Локаята  (Чарвака)  б.э.д.  1-мыңыншы  жылдардың  ортасында 
пайда  болған.  Лока  –  аймақ,  әлем,  жер  деген  мағананы  білдіреді. 
Бұл  ілімнің  негізін  қалаушы  әйгілі  дана  Брихаспати  болған. 
Чарвака  ежелгі  үнді  философиясында  пайда  болған  алғашқы 
материалистік  мектеп  деуге  болады.  Олар  Веда  ілімдеріне  қарсы 
болып,  дінбасыларының  халықты  алдап  жүргенін  сынға  алады. 
Сезімдік қабылдау арқылы қол жеткізетін нәрселер ғана бар болып 
табылады.  Құдайды  сезім  мүшелеріміз  арқылы  қабылдау  мүмкін 
емес, сондықтан оның бар екеніне кӛз жеткізу қиын. Біздің сезімдік 
қабылдауға  негізделген  тәжрибеміз  бір  ғана  дүниенің  – 
материалды  дүниенің  бар  екендігін  кӛрсетеді.  Әлемдегі  барлық 
денелер,  заттар  4  элементтен  тұрады.  Олар:  от,  ауа,  су,  жер.  Бұл 
элементтер  белсенді  және  әрекетшіл  болып  келеді.  Ӛзара 
байланысқа  түсіп,  бірігіп  сананың  пайда  болуына  алып  келеді. 
Сӛйтіп,  құраушы  элементтерде  болмаған  қасиет,  одан  құралған 
элементте  бар  болып  шығады.  Осы  элементтерден  құралған  адам 
тәнінде  сана  пайда  болады.  Сана  денеден  тыс  тіршілік  ете 
алмайды. Дене ӛлгенде қайтадан ӛзін ӛмірге әкелген элементтерге 
бӛлінеді, сонымен бірге сана да жойылады. 
Чарвака  ілімі  бойынша,  ӛмірдің  мәні  –  ӛмірден  лаззат  алу. 
Ӛмірде  болатын  азап,  қайғы-қасіреттен  құтылуға,  оны 
болдырмауға тырысу керек. Адамды рахатқа бӛлейтіндердің бәрін 
жақсы  нәрсеге,  ал,  адамға  қиындық,  азап  әкелетіндердің  бәрін 
жаман нәрсеге жатқызады. Байлық, дәулетті адамды жақсылыққа, 
рахатқа жетуге кӛмектесетін құрал ретінде ғана қарау керек дегенді 
ұстанады. 
2. Ежелгі Қытай  философиясының негізгі бағыттары мен 
мектептері. 
Ежелгі  Қытай  елінің  әлеуметтік  ӛміріндегі  әр-түрлі 
ӛзгерістердің  бола  бастауы,  ақшалай  тауарлық  қатынастардың 
қалыптасуы  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың,  жіктердің  пайда 
болуына  алып  келді.  Ежелгі  Қытай  мемлекеті  шығыстық 
деспоттық мемлекет болды. Мемлекет басшысы қоғамдық ӛмірде 
барлығынан  жоғары  тұрды.  Аристократтар  әртүрлі  мемлекеттік 
қызметте болды. Олардан кейін рубасылар орын алды, ал, құлдар 
әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Оларда ешқандай құқық болмады. 
Адамдар арасындағы қатынастар әртүрлі ритуалдық қатынастарға 
негізделді. 


 
22 
Қытайлардың  дүниетанымдық  кӛзқарастары  «Бес  кітап»  (У 
Цзин) деген кітапқа жазылды. Математика, астрономия, медицина 
секілді ғылымның кейбір салалары пайда болып, күнтізбені, уақыт 
есептеуді  ойлап  тапты.  Ай  мен  күннің  тұтылу  мезгілін  анықтай 
алды. 
Қытай  философиясы  негізінен  этика  және  саясат  тӛңірегінде 
ой  қозғайды.  Білім  адамгершілікті  жетілдіруге  апаратын  жол  деп 
бағаланды.  Ең  жоғарғы  білім  ұлы  адамдардың  қайырымдылығы 
және  қоғамның  барлық  сатысындағы  жүріс-  тұрыс  ережелері 
туралы білім болып табылады. Мемлекетті басқару ӛнеріне, әскери 
ӛнерге  үлкен  мән  берді.  Қытай  философиясы  дінге  бағынышты 
болмады.  Алайда,  мифологиямен  тығыз  байланыста  дамыды. 
Мифологиямен  тығыз  байланысы  қытай  философиясындағы 
жүйеліліктің  және  ғылыми  ойлаудың  біраз  жетіспеушілігінің 
негізгі себебі болды. 
Кӛне  Қытай  философиясының  негізгі  мектептері:  даоцизм, 
конфуций мектебі, легизм, моизм, натурфилософия мектебі. 
Даоцизм.  Даосизмнің  негізін  қалаушы  қытай  философы  – 
Лао-цзы. ( б.э.д.  VІ-V ғғ.) Ол  ӛзінің  «Дао және дэ  туралы кітап» 
деген  негізгі  еңбегінде  дүниенің  ӛмір  сүруі,  болмыс  және 
бейболмыс, адам және қоғам, тұлға мәлелелерін қарастырды. 
Философиялық ой толғау «дао» терминін түсіндіру тӛңірегінде 
болды.  Дао  кӛп  мағананы  білдіретін  ұғым.  Оның  алғашқы 
мағанасы  –  жол  деген  ұғымды  білдірді.  «Дао»  сондай-ақ,  барлық 
нәрселердің  негізі,  әрбір  заттың,  табиғаттың,  қоғамның  және 
адамның  ӛзінің  табиғи  жолы.  Сол  жолмен  жүру  заңдылық.  Ол 
алғашқы түпнегіз және барлық заттардың бірлігі және соңы. Бәрі 
даодан пайда болады, содан соң қайтадан даоға айналады. 
Даодан пайда болған заттар мен құбылыстарды Лао-Цзы «Де» 
деген ұғыммен бейнелейді. Даодан заттар пайда болса, Де оларды 
қоректендіреді. 
Адам ӛмірін, бүкіл дүниені рухтар немесе аспан еркі емес, дао 
басқарып  отырады.  Дао  кӛзге  кӛрінбейді,  ӛздігінен  субстанция 
ретінде  ӛмір  сүрмейді,  ол  заттардың,  құбылыстардың  ішкі 
дүниесіне  жатады.  Сондықтан  да  ол  бір  мезгілде  болмыс  және 
бейболмыс бола алады. Ол затпен бірге тұрады, бірақ біздің сезім 
мүшелерімізге, түйсігімізге сезілмейді. 


 
23 
Дао мәңгі ӛмір сүре отырып,  «ян» және «инь» деген оң және 
теріс  бӛлшектерді  шығарады.  Одан  жер  мен  аспан  құралады,  ал 
олар  ӛз  кезегінде  «ци»  деген  бӛлшекті  шығарады.  Жердегі  және 
аспандағы  «ци»  қосыла  отырып  адамды  және  дүниенің  бәрін 
жаратады.  Даоцизм  дүниенің  пайда  болуын  осылай  түсіндіреді. 
Барлық заттардың, құбылыстардың дамуы шеңбер түрінде жүзеге 
асып  отырады.  Олар  даодан  пайда  болады,  ӛседі,  дамудың 
шарықтау  шыңына  жетеді.  Содан  соң  бейболмысқа  айналады. 
Бейболмыстан соң қайтадан болмыс пайда болады. Барлық әлем – 
Даоның жемісі. 
Даоцизм  ілімінде  дүниенің  бәрі  қарама-қарсылықтан 
тұратынын,  оның  бір-біріне  айналып  жататынын  кӛрсетеді.  Ал, 
адамдар  оны  ӛздерінің  іс-әрекетінде,  ӛмір  сүруінде  ескеру  керек 
екендігі айтылады. Қарама- қарсылыққа айналу даоның қозғалысы 
тәрізді  деуге  болады.  «Қиындықтан  ӛту  үшін,  жеңілден  бастау 
керек.  Ұлы  нәрсе  кішіден  тұрады.  Бақытқа  жету  үшін 
бақытсыздықтан  ӛту  керек.  Кім  ӛлшемді  сақтаса,  сәтсіздікке 
ұшырамайды.  Кім  жеңілдікті  іздесе,  қиындықтар  ӛз-ӛзінен  пайда 
болады». Даоцизмнің бұл нақыл сӛздерінен дүниенің, ӛмір сүрудің 
мәнін терең түсінетінін кӛреміз. 
Даоцизм ӛздерінің моралдық, әлеументтік – саяси ілімдерінде 
адамдардың ӛмірлік қажетті заттары тамағы, киімі, тұратын жайы 
болса, олардың ӛмірі жақсы болатынын айтады. Елді әділеттікпен 
басқару  қажеттілігін,  билік  басындағы  адамдардың  байлыққа, 
қымбат заттарға қызықпау керектігін айтады.  «Ең бақытсыздық – 
ӛз құлқының шегін білмеу, ең қауіптілік – асқан байлыққа жетуге 
ұмтылу». Соғыстың қай түріне де қарсы болып, соғысты жазықсыз 
адамдарды 
ӛлтірумен 
бірдей 
деп 
бағалайды. 
Билік 
басындағыларды  кӛрші  елдермен  тату,  достық  қатынаста  тұруға, 
қайшылықтар  пайда  бола  қалған  жағдайда  оны  бейбіт  жолмен 
келісім арқылы шешуге шақырады. 
Қытай  философиясының  негізгі  мектептерінің  бірі  – 
Конфуций  мектебі.  Бұл  философиялық  мектеп  адамгершілік- 
этикалық  ілімдерді  дәріптеді.  Бұл  мектеп  –  оның  негізін 
салушының,  яғни  Конфуцийдің  (қытайша  Кун  фу  цзы)  есімімен 
аталады.  Конфуций  б.э.д.  551  жылы  туылған.  Конфуций 
философиясы  ұзақ  жылдар  бойы  императорлық  Қытайдың  ресми 
идеологиясы болған. Оның басты еңбегі «Әңгімелер мен пікірлер» 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау