Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет14/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61

 
43 
Схоластика  –  бұл  кезеңдерде  Италия,  Германия,  Франция 
секілді  елдерде  феодалдық  қатынастар  әбден  орнығып,  христиан 
діні  қоғамның  барлық  саласын  басқара  бастайды.  Оны  мемлекет 
қолдайды.  Осы  кезеңдегі  философиялық  ілім  «схоластика» 
(мектептік  ілім)  деп  аталады.  Осындай  діни  үстемдік  жағдайда 
философия  дін  ілімінің  қызметшісіне  айналады.  Бұл  ғасырда 
табиғатқа  деген  кӛзқарас  ӛзгерді.  Табиғат  грек  философиясындай 
танымның негізгі пәні, обьектісі бола алмайды. Негізгі назар – құдай 
мен  адам  жанын  тануға  бұрылады.  Табиғат  құбылыстарына  назар 
ауғанмен,  онда  жаратушының  рӛлі  кӛрсетіледі.  Мұнда  бірде-бір 
құбылыс,  табиғат  заттары  ӛз-ӛзімен  мазмұнын  аша  алмайды.  Ал, 
адам  мәселесі  ерекше  қойылады.  Адам  басқа  дүниеден  келген,  ол 
ӛлгенде сонда қайтып кетеді. Адамды құдай жаратқанда басқа ӛмір 
сүрушілерге патша етіп жаратты. Оған еркіндік, ақыл-ой және сана 
берді. Ал, Құдай барлық әлемнің патшасы. 
Орта  ғасырлық  философияда  негізгі  күрес  универсалий  деп 
аталатын жалпы ұғымдардың тӛңірегінде болды. Жалпының жекеге 
қатынасы жайында философтар екіге бӛлінді. 
Бірі  –  жалпы  ұғымдар  жеке,  нақты  заттардан  бұрын,  олардан 
тәуелсіз  пайда  болған,  бұл  шын  мәнінде  құдайға  байланысты  деп 
дәлелдейді.  Оларды  реалистер  деп  атады.  Олар  реализм  бағытын 
қалыптастырды. 
Ал, бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар ӛздігінше ӛмір 
сүре  алмайды,  тек  нақты,  жеке  заттар  ғана  ӛмір  сүреді,  солар 
алғашқы деп дәлелдеді. Орта ғасыр тұсында материалистік бағытты 
білдіретін  бұл  кӛзқарасты  ұстаушылар  номиналистер  деп  аталды. 
Олар жалпыны жоққа шығарып, оны жәй атау деп жариялады. 
Реалистік  бағыттың  ӛкілі  Фома  Аквинский  (1221-1274  жж.) 
пікірінше,  жалғыз  құдай  ғана  нақты,  дүниедегі  барлық  заттар  мен 
құбылыстар  бастамасы  құдай,  демек,  олардың  пайда  болуы  тек 
құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл-ойындағы болмысы 
мәңгі, ал, шындық ӛмірдегі болмысы ӛткінші сипатта. 
Номиналист  Росцелиннің  айтуынша,  жалпы  жекені  анықтамақ 
былай тұрсын, тіпті нақты ӛмір сүре де алмайды. Жалпы идеялар тек 
бос сӛз ғана, жеке  заттарға адам тарапынан  берілген атаулар . Тек 
жеке заттар ғана ӛмір сүреді, сондықтан адам оларды танып біледі. 
Номиналистердің бұл пікірі материяның алғашқы екенін кӛрсетеді. 
Сол себепті бұл ілім шіркеу иелеріне ұнамайды. 


 
44 
Фома  Аквинский  реалистер  мен  номиналистердің  пікірлерін 
жақындастыруға  тырысады.  Ол  Платон  идеализмі  мен  Аристотель 
ілімдерін  пайдалана  отырып,  діни  идеалистік  философия  жасайды. 
Материя  формадан  бӛлек  жекеше  ӛмір  сүре  алмайды,  ал  форма 
материядан  бӛлек  ӛмір  сүре  алады.  Бұдан  қорытынды  шығара 
отырып  Фома  Аквинский  ешбір  материалдық  дене  ең  жоғарғы 
формадан,  яғни  құдайдан  тыс  ӛмір  сүре  алмайды  деп 
тұжырымдайды. Сондай-ақ, құдай таза рухани жан. Тек табиғаттағы 
заттар үшін ғана форма мен материя бірлігі қажет. 
Жалпы идеялар,универсалийлар 3 түрлі ӛмір сүреді: 
1.  Заттарға дейін құдайдың ақыл-ойында ӛмір сүреді. 
2.  Пайда болғаннан кейін заттардың ӛз ішінде, олардың мәні, 
формасы ретінде ӛмір сүреді. 
3.  Заттардан кейін, яғни абстракциялы ойлау арқылы адамның 
ойында ӛмір сүреді. 
Бірінші  айтқанында  Ф.  Аквинский  реалистермен  келісетінін 
айтады.  Содан  соң,  заттардан  кейін  адам  ақыл-ойының  жемісі 
ретінде ойда ӛмір сүреді деп номиналистерді де жақтайды. 
Фома  Аквинский  ортағасырлық  философияда  Құдайдың  бар 
екенін ӛзінің бес дәлелімен кӛрсетеді. 1. Қозғалыс арқылы дәлелдеу. 
Дүниедегі барлық заттар, құбылыстар қозғалмай тұрмайды. Оған о 
баста қозғау берген бір күш бар. Бірінші қозғаушы күш ол – Құдай 
болып табылады. 2. Себептілік арқылы дәлелдеу. Дүниеде себепсіз 
ешнәрсе  болмайды.  Яғни  кез  келген  нәрсенің  пайда  болуына 
бастапқы себеп бар. Ешбір зат ӛзіне -ӛзі себеп бола алмайды. Бүкіл 
дүниені тудыратын алғашқы себеп Құдайды мойындауымыз керек. 
3.  Кездейсоқтық  пен  қажеттілік  арқылы  дәлелдеу.  Кездейсоқтық 
қажеттіліктен  пайда  болады.  Ешнәрсе  қажет  болмаса,  дүние 
ӛздігінен жаратылмаған болар еді. Яғни дүниенің жартылуын қажет 
еткен бір күш бар. Сол бастапқы қажеттілік – Құдай. 
4. Сатылық арқылы дәлелдеу. Біз заттар мен құбылыстарды әр-
түрлі  деңгейде,  сатыда  тұратынын  кӛреміз.  Оларды  бір-бірінен 
салыстыру  арқылы  танимыз.  Заттарды  ӛз  орнымен,  әртүрлі  сатыға 
қойған  Ұлы  шебердің  ісі  екенін  сезуге  болады.  Ол  –  Құдай.  5. 
Мақсаттылық  арқылы  дәлелдеу.  Табиғатта  кез  келген  заттар 
мақсаттылыққа  бағытталған.  Әр  нәрсенің  жаратылуының  мақсаты 
бар.  Яғни,  оларды  о  бастап  бағыттап,  олардың  орнын  анықтап 
жаратқан Ұлы күш бар. Ол – Құдай екені ақиқат. 


 
45 
Схоластика  тәсілін  қалаушы  П.Абелярдың  айтуынша,  нағыз 
ӛмір сүретін жалқы заттар, олардың жалпы қасиеттері болғандықтан 
оларды біріктіретін жалпы ұғымдар қалыптасады.  Жалпы  ұғымдар 
да  шын  ӛмір  сүреді,  олар  құдайдың  ақыл-ойында  ӛмір  сүреді. 
Жалқыны  зерттеп  алынған  білімдер  де,  жалпының  ӛмір  сүретіні 
туралы  білімдер  де  бір-біріне  қарама-қарсы  келмеуі  керек.  Сӛйтіп, 
ол екі жақты да жақтап, екі жақтан сынға түседі. 
Д.Скоттың  айтуынша,  құдай  әлемдегі  барлық  заттарды,  ӛмір 
сүрушілерді  жаратқан.  Құдай  олардың  рухани  түпнегізі.  Адамның 
жаны  мәңгілік,  ал,  денесі  кеңістік  пен  уақытта  шектеулі.  Адам 
сезімдік түйсік арқылы заттардың қасиетін таныса, ақыл-оймен осы 
алынған  деректерге  сүйеніп,  жалпылықтың  мәнін  түсінеді.  Жалпы 
ұғымдар  заттың  мәні,  түпнегізі  болады.  Философия  рухани 
түпнегізді танымайды 
2. 
Орта 
ғасырдағы 
мұсылман 
философиясының 
қалыптасуы. Әл- Кинди және Ибн-Сина философиясы. 
Орта  ғасырлық  Шығыста  VIII-IХ  ғасырларда  арабтілдес 
мұсылмандық  философия  ӛркендеп  дами  бастады.  Мәдениеті 
дамып, араб елі VII ғасырда ислам дінінің астына бірігіп, елде сауда-
саттық,  қолӛнер  тағы  да  басқа  салалар  қарқынды  дами  бастады. 
Бағдат қаласы үлкен мәдени орталыққа айналады. 
Орта  ғасырлық  мұсылман  философиясы  ислам  дінімен  тығыз 
байланысты  дамыды.  Ғылым  мен  дін  мұсылман  елінде  қарама  – 
қарсы  келмей,  бір-бірін  үйлесімді  толықтырды.  Сондай-ақ, 
мұсылман  елі  кӛпұлтты  болды.  Араб  мәдениетінің  кӛркеюіне 
арабтармен бірге, парсы, түркі және т.б. ұлт ӛкілдері ат салысты. Ал, 
негізгі философиялық тілі – араб тілі болды. Араб тілінің негізінде 
ежелгі  Шығыс  мәдениеті  антикалық  мәдениетпен  ұштастырыла, 
ӛзіндік сипатта дами бастады. Басты мәселелері – жаратылыс тану 
ғылымдары,  адам  және  құдай,  адам  және  қоғам,  онтология 
мәселелері болды. 
Бағдат қаласы үлкен мәдени, ғылым мен білім орталығы болды. 
Бұл  қалада  Платон,  Аристотель,  Гиппократ,  Эвклид,  Птолемейдің 
т.б.  шығармалары  араб  тіліне  аударылып,  мұсылман  еліне  тарай 
бастады.  Әсіресе,  мұсылман  еліне  Аристотельдің  философиясы 
күшті ықпал етті. Сӛйтіп, мұсылман перипатизмінің негізі қаланды. 
Шығыстық аристотелизм бағыты пайда болды. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау