65
рейканың осімен, ал горизонталь жіпті рейкадағы аспаптың биіктігіне
сәйкес белгімен беттесетіндей етіп нысаналайды. Жіпті қашықтық
өлшеуіштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер
алып, оларды арнаулы журналға жазады.
Тахеометр түрлері:
Дөңгелектік
номограммалық
Авторедукциялық
ішкі базалық
3-сурет. Тахеометр
Тахеометриялық жүріс – төбелері қазықшалармен бекітілген
көпбұрыш түріңдегі геодезиялық құрылма. Мұнда горизонталь
бұрыштар, қашықтық өлшеуіштің көмегімен қабырғалар ұзындығы
және жүріс қабырғалары бойынша биікайырымдар өлшенеді, осы
арқылы жүріс төбелерінің координаталары және биіктік белгілері
есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
Жоспарлық-биіктік түсірімдердің қандай түрлерін білесіз?
Топографияда оның қандай түрі тиімді болып келеді?
Мензулалық топографиялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі?
Олардың аспаптарын атаңыз.
Тахеометриялық түсірілім қандай әдіспен жүргізіледі? Олардың
аспаптарын атаңыз.
14. Фототопография
Фототопография – топографиялық карталар мен пландарды
фототүсіріс материалдарын пайдаланып жасау әдісінің түрі.
Жергілікті жердің фотографиялық түсірісі ұшатын аппараттардан
немесе жер бетіндегі нүктеден орындалуы мүмкін.
Сондықтан
фототопографиялық түсіріс екі түрге бөлінеді:
аэрофототопографиялық
түсіріс
және жердегі фототопографиялық түсіріс.
66
Аэрофотосуретке түсіру (Аэрофотосъемка) – ұшу аппараттарынан
жергілікті жерді және кейбір заттарды суретке түсіру. Аэрофотосуретке
түсіру уақытына, орындау тәсіліне, аэрофотоаппараттың оптикалық
осінің орналасуына, экспонирлік әдісіне және фотоматериалдарына
қарай: күндізгі және түнгі; жоспарлы, перспективалық және
панорамалық; жеке, бағыттық, аландық, кадрлық және сацылаулық,
акқара түсті, спектрзоналық болып бөлінеді. Ол карталарды жасау
және жаңарту үшін, ғылыми және техникалық мақсатта жергілікті
жерді, объектілерді окып үйрену кезінде қолданынады және әуеден
барлауының бір тәсілі болып табылады, әскердің ұрыс және оқу-
жаттығу әрекеттерін бақылау үшін, әуе атысында, фотоқұжаттарды
жасау кезінде, объектілердің (нысаналардың) координаттарын анықтау
үшін колданылады.
Аэрофототопография - аэрофототүсіріс материаддары бойынша
топографиялық карталарды жасаудың әдістерін және құралдарын
зерттейтін және жасайтын топография тарауы.
Аэрофототопография тақырыбына мыналар енеді:
жеке аэрофотосуреттің және стереоскопиялық жұптың
геометриялық
қасиеттерін зерттеу;
аэрофотосуреттер бойынша топографиялық картаның және
фотопланның түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу;
аэрофотосуреттерді бажайлаудың далалық және камералық
әдістерін белгілеу;
далалық дайындау нүктелерінің ең аз санын анықтау және
оларды аэрофотосуреттерді өндеу немесе фототриангуляцияны
дамыту тәсіліне байланысты өте
тиімді орналастыру мәселелері;
топографиялык карталарды жасау немесе аэрофотосуреттерді
өндеудің жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды
жасау;
картографиялау мақсатында аэрофотосуреттерді алуга арналған
аэрофототүсірулік аппаратураға және фотографиялық материалдарға
катысты техникалық
талаптарды талдап белгілеу;
есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық
және
геодезиялық
координаталар
арасындағы
аналитикалық
байланыстардың ең қолайлы формулаларын шығару.
Аэрофототопографиялық түсіру
стереотопографиялық немесе
құрама әдіс бойынша анықталады.
Құрастырылған әдіс аэрофотосуреттерді фотограмметриялық
өндеудің мензулалық түсіріспен үйлестірілуі болады. Аэрофотосуреттер
бойынша фотоплан жасалады, содан соң оның көшірмесіне далада
мензулалық түсірістің әдістерімен жер бедерін түсіреді. Құрастырылған