68
15. Глобус
Глобус(лат. globus–шар) – Жердің, Айдың, планеталардың және
аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы
сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель.
Мазмұны жағынан жалпы геогр., саяси, тектоник., климаттық, т.б.
болып бөлінеді
Глобус – картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің
геометриялық ұксастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған
Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді
үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси,
тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу
мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30
млн – 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде
қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы
М. Бехайм жасаған (1492) деп саналады.
Глобус – Жер шарының бірнеше кішірейтіліп берілетін нақты
бейнесі
Глобустар – көбінесе 1:30000000 - 1:80000000 масштабта
кішірейтілген Жер шарының көлемдік сүлбісі (моделі). Оның
бетіндегі меридиандар мен параллельдердің қиылысуларынан пайда
болатын сферовдалық трапециялар градустық (географиялық) тор
деп аталады. Картографиялық салындыда болатын бұрмаланулар
мұнда атымен жоқ, яғни масштабтың тұрақтылығы, тұлғалар мен
бағыттардың ұқсастығы сақгалып қалады. Олар объект бойынша Жер
элемдік,
планеталық
жэне
аспандық,
тақырыбы
бойынша
жалпыгеографиялық, геологиялық, саясаттық т.б., атқаратын міндетті
бойынша оқулық, навигациялық т.б., өлшемдері бойынша кабинеттік,
үстелдік, кіші жэне кішкентай болып бөлінеді. Алғашқы глобустар
ХV-ХVІ ғғ. Европада жасалып шыға бастады.
15.1 Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі
1. Географиялық карталар Жердің пішінінің ерекшеліктерін
көрсетеді. Ол геоид тәрізді, яғни дұрыс емес пішінді, белгілі
алгоритмдермен суреттеле алмайды. Глобусты жасаған кезде Жерді
шар тәріздес етіп алынуына не себеп болды? Себебі, Жер
эллипсоидінің оқсінің арасындағы қашықтығы өте аз – 43 км ғана.
Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады.
2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек
жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы
үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең
үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм