Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет18/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60

 
52 
атмосфералық  қысымның  өзгеру  заңдылығына  негізделеді:  теңіз 
деңгейінен  биіктеген  сайын  қысым  төмендейді,  ал  түскен  кезде 
көтеріледі.  
Барометрлік  нивелирлеу  жергілікті  жердің  абсолютті  биіктік 
нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ол биік таулы 
және  ойлы  –  қырлы  бедерлі  территориялардың  түсірілімін  жасауда 
қолданылады. 
Метерологиялық жағдайлар есебімен бір – бірімен алыс емес екі 
нүктенің  биіктігінің  айырымын  анықтауға  болады.  Бұл  мақсатта 
биіктіктердің барикалық сатылары түсіністік, мұндайда атмосфералық 
қысым  1мм  сынап  бағанасына  ауысып  отырады.  Бабине  формуласы 
бойынша: 
H=16000 x (1+0.004 x t1+t2 /2)x B1-B2/B1+B2 
Мұндағы: В1-В2 – 1 және 2 нүктелердегі анықталған қысым, ал t1 
және  t2  -  биіктік  барикалық  саты  кестесінде  құрастырылған  ауа 
температуралары. 
Ауа  қысымы  үнемі  өзгеріп  отырады,  сондықтан  барометрлік-
нивелирлеу  тұйық  жүріс  әдісі  арқылы  жүргізіледі.  Оны  тұрақты 
атмосфералық күйде жүргізеді (жауын – шашынсыз, желсіз күні және 
тағы басқа) 
Барометр  аспабы  қолданылып,  таңдап  алынған  нүктелік 
орындардың 
қысымы 
анықталады, 
осы 
қысымдық 
өлшем 
бірліктерінің  айырмасы  бойынша,  сол  нүктелердің  өзара  қандай 
биіктіктерде болатыны есептеледі.  
Жоғарыда айтылған әдістердің арасында ең нақты болып келетіні 
геометриялық нивелирлеу әдісі.  
Барометрлік нивелирлеу  
h= (B
1
- B
2

∆H- барикалык сатыдагы шама 
B
1
және B
2
 – 1 және 2 нүктелердегі қысым 
 
5-сурет. Барометрлік нивелирлеу 
  
 


 
53 
Бақылау сұрақтары: 
Невилирлеу  дегеніміз  не?  Оның  орындалу  тәсіліне  қарай  қалай 
бөлінетінін айтыныз және олар қалай жүргізіледі? 
Геометриялық  нивелирлеу  қандай  әдістермен  және  қалай 
жүргізіледі? 
Тригонометриялық  нивелирлеу  қандай  құралмен  және  қалай 
жүргізіледі? 
Барометрлік нивелирлеу қандай құралмен және қалай жүргізіледі? 
 
 
12. Жоспарлық түсірілімдер (түрлері, әдіс тәсілдері, құралдары) 
Жоспарлық  түсірулерде  жергілікті  жердің  объектінің  биіктік 
сипаттамасынсыз  жоспарлы  орналасуы  анықталады  және  жергілікті 
жердің  контурлық  бейнесі  ғана  жасалады.  Объекттерге  бағыттарды 
қандай  жолмен  анықтауына  байланысты  жоспарлы  түсірілімдерді 
бұрыштық және графикалық түсірулер деп бөледі. 
Бұрыштық  түсірулерде  горизонтальды  бұрыштар  өлшенеді,  ал 
графикалық түсіруде объектілердің бағыты горизонтальды планшетте 
сызылады. 
Объектінің  жоспарлы  орналасуы  әр  түрлі  тәсілдермен  алынады: 
полярлық, айналма, жарма, перпендикулярлық, бұрыштық қиыстыру. 
Полярлық әдісте жергілікті жердің нүктенің орналасуы құралдың 
тұрған  нүктесінен  әрбір  объекті  нүктесіне  және  ағымдық  бағыт 
бұрышына дейін. (магниттік азимут) ара қашықтығын өлшеу жолымен 
анықталады. 
Айналма әдісі жабық, өтуі (жүруі) қиын территорияларда (батпақ, 
егістік  т.б.)  қолданылады.  Түсіруші  түсіретін  жерді  айналып  және 
жүрістің  тіксызықтық  жақтарының  және  оның  бағыттарының 
(горизонтальдық бұрыштар немесе азимуттар) ұзындықтарын өлшейді. 
Жармалар  әдісі  түсірілім  жолының  бұрышында  орналасқан 
сызықтық объектілердің орналасуын анықтауға негізделеді. 
Перпендикулярлар  әдісі  теодолиттік  жүріске  жақын  орналасқан 
және қисықсызықты шекаралары бар үлкен емес объектілерді түсіруде 
қолданылады,  мысалы,  өзендер  жағысы,  орман  пішінін  және  тағы 
басқа. 
Бұрыштық  қиыстыру  әдісі  екі  белгіні  нүкте  арқылы  үшінші 
нүктенің  орналасуын  анықтауда  қолданылады.  Екі  белгілі  нүктеден 
қол жетпейтін нүктенің бағыт азимуттары анықталады. Анықталатын 
объектінің орналасуы осы екі нүктенің қиылысуында болады. 
Жергілікті  жердің  жағдайларына  байланысты  жоспарлы 
түсірілімдерде қатарынан бірнеше әдістер қолданылады. 


 
54 
12.1 Буссольдік түсірілім 
Буссольдің  көмегімен  орындалады.  Көбінесе  зертханалық  оқыту 
мақсатында, ал өндірістік жағдайда – басқадай түсірімдеулерге қосымша 
ретінде қолданылады. 
Буссольдік  түсірілім  құралдарының  негізгісі  ганиометр  және 
шмалькальдер  буссолі.  Ганиометр  қарапайым  бұрыштарды  өлшейтін 
құрал, горизонталь бұрышпен азимуттарды өлшеу үшін қолданылады. 
Дәлдікті  керек  етпейтін  топографиялық  жұмыста  қолданылады. 
Шмальдер буссолі – азимутальды сақинасымен дөңгелек буссоль.  
Тығыздығы  төмен  кішкентай  жер  учаскесінде  жүргізілетін 
горизонталь түсірілімдер буссольді түсірілім болады. Топографиялық 
карта жасағанда қосымша сияқты қолданылады.  
Буссольдік  түсірілім  жоспарлы  түсірілімдерге  жатады.  Ол 
геодезиялық  аспап  –  компаспен  немесе  буссольмен  жүзеге  асады. 
Компасқа  ұқсас  және  магнитті  азимутты  санау  үшін  қосымша 
құралдары бар аспап.  
Буссоль  –  жергілікті  жерде  магниттік  азимуттарды  немесе 
румбтарды  өлшеуге  арналған  геодезиялық  аспап.  Ол  бұрыштық 
бөліктері  бар  дөңгелектен  және  оның  ортасыңдағы  сүмбі  үшында 
айналатын  магнит  нұсқарынан  тұрады.  Көздеу  үшін  буссольдің 
диоптрлары  бар,  өлшеу  кезінде  оны  штативке  орнатады,  планшетке 
қояды  немесе  қолда  ұстайды.  Буссольдің  анықтаулары  ерекше 
сақталатын  нормаль  буссольдік  көрсеткішімен  тексеріледі.  Нормаль 
және  жұмыс  буссольдерінің  көрсеткіштері  арасындағы  айырым 
буссольдің  түзетуі  деп  аталады.  Дөңгелек  Буссоль  немесе  буссоль-
бадарлауыш,  әдетте,  дәл  және  техникалық  теодолиттердің 
жиынтығында  болады.  Теодолитпен  магниттік  азимутты  анықтау 
үшін алидаданы 0С есептеуіне қойып, қысқыш бұрандасымен бекітеді 
де, аспапты айналдырып, Буссоль нұсқарын 0°0' есептеуіне келтіреді. 
Содан  соң  көру  дүрбісінің  көздеу  өсінің  басқа  бір  азимутты 
жағдайында лимбтегі есептеу көздеу сызығының магниттік азимутына 
тең болады.
  
     
 
1-сурет. Буссоль және буссольдік түсірілім 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау