Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет47/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

93 
 
 
берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқылық актілерді, 
педагогика және психология негіздерін, білім берудің, андрогогиканың, синергетиканың 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика, педагогикалық психология, 
педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, менеджмент негіздерін, экономика, 
қаржы-шаруашылық қызметтің негіздерін, еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау нормалары мен 
ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар 
мен ережелерді.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика 
ғылымдарының кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру 
ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 
кемінде 5 (бес) жыл.
 
 
   Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары 
 
      Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және Біліктілікті арттыру 
институтының (бұдан әрі – Институт) жарғысына сәйкес Институт құрылымдарының қызметіне 
басшылық етеді. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметін 
жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, 
бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуге басшылық және қадағалау жүргізеді. 
Баспа ісіне басшылық жасайды. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу 
орталықтарымен ыңтымақтастықты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының және әдістемелік 
қызметтердің, білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі ғылыми-педагогикалық және 
әдістемелік кадрларының, басшыларының біліктілігін арттырудың үздіксіздігін және 
сабақтастығын қамтамасыз етуді қадағалайды. Институттың құрылымдық бөлімшелеріне кадрлар 
іріктеуді іске асырып, оларды Институт басшылығына ұсынады. Кафедра, әдістемелік 
кабинеттер және басқа да құрылымдар қызметкерлеріне консультация береді, олардың жұмысын 
үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп-қисаптың 
ұйымдастырылуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы 
тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Ғылым 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім берудің келешегі 
мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және 
психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент 
негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, андрогогика, синергетика, 
педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, 
еңбек туралы заңнама, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және 
өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика 
ғылымдарының кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің болуы және білім беру 
ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық қызметтегі ғылыми-
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
 
 
   Біліктілікті арттыру институтының (БАИ) әдіскері 
 
      Лауазымдық міндеттері: Курстардың, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық 
оқулардың, конкурстардың, көрмелердің сараланған жабдықталуын және өткізілуін 
ұйымдастырады. Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Зертханалық-практикалық 
сабақтарды, тренингтерді, тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі – БА) 
өзекті мәселелері бойынша іскерлік ойындарды даярлап, өткізілуін қамтамасыз етеді. Жаңа 


94 
 
 
тиімді технологияларды енгізу бойынша арнаулы проблемалық курстарды ұйымдастырады. БА 
курстарына арналған жаңа оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді. Білім 
беру қызметкерлерінің үздіксіз БА әртүрлі топтарының курстық дайындықтарының тиімділігін 
анықтайтын педагогикалық инструментарий жұмысын, педагогикалық диагностика, түзетуді 
іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты үлгілеу бойынша заманауи әдістерді 
енгізу жұмысын үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының дыбыс-бейне және интерактивті оқыту 
құралдарына мұқтаждығын, қазіргі педагогикалық деректер банкісінің ахуалын саралайды. БА 
курстарының әдістемелік және тәжірибелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады. Біліктілік 
арттыру жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагог 
кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешеңдердің мақұлдануына, авторлық курстар, семинарлар ұйымдастыру мен 
өткізуге көмек көрсетеді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелерін саралайды 
және жалпылайды. Білім беру ұйымдары педагогтарының, әдіскерлерінің, басшыларының 
нәтижелі жұмыс тәжірибесін зерттеп, жалпылайды және таратады. Білім беру 
қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік және 
практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар мен әртүрлі байқаулар, конкурстар, 
слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерттеп, 
насихаттайды. Педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттің 
жаңалықтарын қадағалап, олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді 
хабардар етеді. БА жүйесінде маркетингтік зерттеулер және баспа қызметін жүзеге асырады.
 
      Аймақтық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру 
институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін қадағалайды. Педагогтердің, білім беру 
ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының және өзіндік зерттеу 
(ізденіс) қызметінің нәтижелерін жалпылау негізінде ғылым және практиканың ықпалдасу 
идеяларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда 
білім беру мәселелеріне байланысты материалдар жариялайды.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің 
мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, дидактика принциптерін, 
педагогика негіздері және жас ерекшелігі психиологиясын, басқарудың инновациялық 
әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, баспамен 
жұмыс негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі мен принциптерін, пән 
бойынша жаңа және балама оқулықтар мазмұны, алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын, 
ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін, 
еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік 
техникасы және өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық нормалар мен ережелерді.
 
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын 
талаптар:
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ақпаратты компьютерлік өңдеу технологиясын, 
педагогикалық саралау әдістерін меңгеруі тиіс. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс 
өтілі, оның ішінде біліктілік арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл. 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі 
санаты жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: алдыңғы 
қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылай және тарата білуі, 
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және БА жүйесіндегі 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау