Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет43/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49

85 
 
 
мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) 
бойынша сабақтар жүргізуін, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға 
материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы, 
әдістемелік жұмыстармен айналысуы, оқу бағдарламаларын, оқулықтардыәдістемелік 
құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және мамандығы 
бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Концертмейстер 
 
      Лауазымдық міндеттері. Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен 
бірлесіп, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және 
топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау 
дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік 
қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және 
концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, 
емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, 
көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық 
материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық 
шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, 
бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен 
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт 
қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және 
Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да 
нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен жасерекшелік психологиясының негіздерін, 
дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке 
оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және 
жанрдағы музыкалық шығармалардың фрагменттерін біріктіру, оларды редакциялау және 
дәстүрлі түрде орындай білу, білім алушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, 
жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдау, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника 
қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік 
ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім 
(музыкалық).
 
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын 
талаптар:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз 
сүйемелдеуі, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша 
жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 


86 
 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, 
музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары 
кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы 
үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша 
жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары 
(мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауы, 
жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге 
қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша 
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
 
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар: ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз 
сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік 
бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) және 
концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, 
музыкалық шығармаларды редакциялауы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты 
концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің 
дипломдары болуы тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы 
орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға 
жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) 
бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға 
материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға, оқу бағдарламаларын
оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім 
(арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 
жыл. 
 
 
   Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы 
 
      Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: дене тәрбиесі бағдарламасына және 
әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балардың жас ерекшегілігін, 
дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері 
мен мазмұнын анықтайды. Балаларға дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын 
үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
 
       Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында балалардың 
толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау