Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет41/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49

81 
 
 
кеңестер береді. Тәрбиеленушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау
қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексі, «Неке 
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындылар, 
стиль мен жанр, дәрістер мен репетициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология 
негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық 
қабілетін, балалар репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбиелеудің 
әдістемесін, музыка аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық 
көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар, еңбекті қорғау, техника 
қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер 
мен нормалар.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білімі.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (музыкалық) 
білім.
 
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік 
талаптары: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары музыкалық білімі және 
музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі 
қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының 
элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
 
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі 
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі 
заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды 
музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.
 
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі 
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыка жетекшісіне қойылатын 
жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.
 
      біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және 
музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің 
қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, 
балалардың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму 
ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
 
      біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және 
музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы 


82 
 
 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің 
қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, 
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс. 
 
      біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және 
музыка жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Жалпы бөлім меңгерушісі 
 
      Лауазымдық міндеттері: Көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-
қатынасын өткізеді. Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос 
уақыттарын тиімді ұйымдастырады. Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеуге, 
балалардың ұжымдық бос уақытын өткізуге қатысады. Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік 
безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады. Дарынды және талантты 
білім алушыларды, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайды. Балалардың 
мәдени-жалпы іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі 
мен өрттен қорғау нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу процесі 
кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайды жасауды қамтамасыз 
етеді. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады. Ата-аналарға және оларды алмастыратын 
тұлғаларға, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлерге консультативтік көмек көрсетеді. 
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне 
қатысады.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік 
құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, білім беру және мәдени-ағарту 
жұмыстарының мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың басқару құжаттарын, тарих пен 
өнер теориясының негіздерін, ойындар мен ойын-сауықтың пайда болуы және тарихы, олардың 
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін, аудиторияны жандандырудың, ұжымдық 
ойынға көпшілікті тартудың, жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының, 
дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін, мәдени ұйымдастырушылардың озық 
тәжірибелерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау 
мен техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білімі.
 
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің техникалық 
және кәсіптік білімі.
 
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік 
талаптары: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды 
ұйымдастыра білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы 
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі
балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз 
бетінше әзірлей білуі, педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау