Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет25/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49

49 
 
 
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да 
білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық 
актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы 
орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның 
дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары 
мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми 
ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен 
практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, 
еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, 
санитариялық нормалар мен қағидаларды.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-
өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, 
сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының 
вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық 
білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
 
      орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, 
музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, 
мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік 
бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы 
тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
 
      Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке 
қойылатын талаптар:
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
берумен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқытудың 
тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын 
ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, 
мектептің шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымының 
шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім 
және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық 
магистр дәрежесінің болуы;
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке 
бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық 
топтар жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді 
қолдана білуі тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік 
лауазымда еңбек өтілі кемінде 4 жыл, немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы 
және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 2 жыл;
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
 
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен 
тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы, өз пәні бойынша жаңа 
тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде 
шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік 


50 
 
 
қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы 
және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл; 
 
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: 
 
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен 
қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен 
диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен 
қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру ұйымының 
іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, 
мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
 
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
 
      екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен 
диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік 
жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша 
педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, 
мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
 
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
 
       бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық 
технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша 
жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы 
өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, 
мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл;
 
      Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: 
оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары 
жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-
патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру 
ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, 
жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы 
үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім 
алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта 
және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің 
негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы 
әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және 
арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын 
жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-
шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке 
қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
 
      Білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың 
мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілер.
 
      БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, 
запастағы офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет.
 
      Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша 
біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік 
педагогикалық білім пән бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат 
болған жағдайда.
 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау