Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет24/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49

47 
 
 
«мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, 
ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау 
мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз 
етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау 
жұмысын жүргізеді.
 
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
 
      Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның 
дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді 
дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика 
мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, 
педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың 
жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек 
туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері 
мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық 
жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс.
 
 
   Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім) 
 
      Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу 
бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. 
Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары 
саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының 
ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн 
тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік 
педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім 
беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.
 
      Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі 
қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық 
қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі 
бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына 
бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, 
тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби 
шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, 
білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін 
оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын 
үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. 
Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
 
       Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. 
 
      Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, 
анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
 
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 
Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан 
Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 


48 
 
 
Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер 
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың 
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім берудің даму 
бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, 
педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, 
педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, 
экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті 
қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, 
санитариялық нормалар мен қағидаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім 
және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
 
 
   Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері 
 
      Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына 
сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. 
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның 
әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі 
нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. 
Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. 
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған 
білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге 
және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске 
асырылуын қамтамасыз етеді.
 
      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға 
қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, 
тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, 
тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде 
оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты 
жүзеге асырады.
 
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
 
      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын 
қамтамасыз етеді.
 
       Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу 
тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік 
техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау 
үшін қажетті жағдай жасайды. 
 
      Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 
Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан 
Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында 
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты 
берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет 
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау