53
оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін
қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби
біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың
басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі
тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті
қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды.
Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды
қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Балалар құқықтары конвенциясы», «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзете қолдау», «Қазақстан Республикасында балалар құқығы», «Арнайы
әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді
дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын
жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік
стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның
анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы
ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері
мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар
оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік
әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды,
еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау,
санитарлық қағиданы.
Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын
талаптар:
санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы
бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
екінші санатты жоғары деңгейлі маман:
санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы
талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық
тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін,
әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша
жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде
2 жыл.
бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты
дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке
қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің
ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық
семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның
заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының
әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті
теориялық және практикалық білімінің болуы керек.
лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде
еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
54
жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:
бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын
жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың
әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек,
арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың
жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық
білімінің болуы қажет.
лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде
еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-
медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын
зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі
ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды,
баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек
және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар
мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам,
жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың
міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын,
анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары
мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы,
тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі
балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес
құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз
ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік
қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды
өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын
әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-
коммуникациялық біліктілікке ие.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы
әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және
балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру
мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы
және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың
психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық
және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі
бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы
заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен
өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Достарыңызбен бөлісу: |