ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҤРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университетінің президенті
_______________________Б.Абдрасилов
«_____»_______________________2019ж.
8D010300 - Педагогика және психология бейіні бойынша
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін
беруге докторлық диссертациялар қорғау жӛніндегі
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
Мамандық: 8D010300 - Педагогика және психология
Түркістан, 2019
1. Жалпы ережелер
1. Диссертациялык кенестер ӛз қызметінде ҚР Конституциясын, «Білім туралы»
Заңын (№319-ІІІ, 27.07.2007 ж.), «Ғылым туралы» Заңын (№407-IV,18.02.2011 ж.), ҚР
Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 «Диссертациялық
Кеңес туралы үлгілік ереже», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 18 мамырдағы №225 «Диссертациялық Кеңес туралы үлгілік ережені
бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 31 наурыз
2011 ж. №127 « Ғылыми дәрежелер беру Ережелерін» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым Министрлігінің бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №286 бұйрықтарын, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №512
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтарын және Осы ережені
басшылыққа алады.
Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) диссертациялық кеңестер - докторанттардың диссертациялық жұмыстарын
қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары (бұдан әрі - ЖОО) жанындағы алқалы органдар.
2) диссертация - философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың
білім беру бағдарламасы шеңберінде нақты мамандык бойынша біліктілік ғылыми
жұмысы.
3) философия докторы (РhD) - ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша
докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан
тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, «Білім туралы» Заңда
белгіленген тәртіппен танылған дәреже.
4) бейін бойынша доктор - докторантураның бағдарламасын кәсіптік қызметтің
тиісті саласы бойынша меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан
тысқары жерлерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, «Білім туралы» 2007
жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң)
Заңында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.
5) диссертациялық кеңес комиссиясы - диссертацияда докторанттың авторы мен
дереккӛзіне сілтеме жасалмаған материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін
диссертациялық кеңес мүшелерінен құралған комиссия.
6) плагиат - бӛтен туындыны тұтастай немесе оныңбір бӛлігін касақана оз
авторлығына иемдену, сондай-ақ құжат мәтініндегі материалды бұрын жарияланған
құжаттардағы авторға және (немесе) дереккӛзге сілтеме жасалған немесе сілтеме
жасалмаған күнде ӛз материалы ретінде кӛрсету, шеттен алынған материалдардың
колемі мен сипаты орындалған жұмыстың дербестігіне күмән келтіретін мәтін.
7) Хирша индексі - жарияланымдар саны мен дәйексӛздер санына негізделген
ғалым, ғалымдар тобы, ғылыми ұйым немесе елдің жалпы ӛнімділігінің ғылыми
ӛлшемдік кӛрсеткіші.
8) ғылыми семинар - негізделген қорытындыны қалыптастыру мақсатында (РhD)
докторанттарының диссертациялық зерттеулеріне алдын-ала сараптама жүргізу үшін
мамандар тобын біріктіретін арнайы құрылған орган.
9) апелляциялық комиссия - диссертацияларды қорғау нәтижелері бойынша
даулы мәселелерді шешу мақсатында құрылған орган.
2.Диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру
2. Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің диссертациялық кеңесі (бұдан
әрі –диссертациялық кеңес) - докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғау
шараларын жүргізетін және оларға философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша
доктор ғылыми дәрежесін беруге ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және
ғылым саласына бақылау жасау жӛніндегі комитетке ӛтініш білдіретін алқалы орган.
Диссертациялық Кеңес диссертацияларды қорғау жӛнінде қабылданатын
шешімдердің сапасына, объективтілігіне және негізділігіне жауап береді.
Университетте 3 (үш) күнтізбелік жылға 6D010300 - Педагогика және психология
мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша
диссертациялық кеңес құрылған.
3. Диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым
кандидаты, философия докторы PhD, бейіні бойынша доктор немесе академиялық
дәрежесі бойынша философия докторы PhD, бейіні бойынша доктор) бар кемінде 6
(алты) адам кіреді. Диссертациялык Кеңес мүшелерінің кемінде жартысы
университеттің штаттық қызметкерлері, қалған жартысы шетелдік жоғары оқу
орнының 1(бір) ӛкілін қоса алғанда басқа жоғары оқу орындарының ғылыми және
(немесе) басқа ұйымдардың ӛкілдері болып табылады.
4. Диссертациялық Кеңес мүшелерінің мамандықтың тиісті саласы бойынша
халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардың ақпараттық базаларына кіретін
жарияланымдары және ҚР БжҒМБК ұсынған басылымдар тізбесіне енетін
басылымдарда 10 (он) жарияланымы, шығармашылык еңбектері болуы тиіс.
Диссертациялык Кеңес мүшелерінің Хирш индексі болуы тиіс.
5. Диссертациялық кеңестің құрамына:
1) Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;
3) соңғы 5 (бес) жылда теріс шешім алған диссертациялар бойынша ғылыми
кеңесшілер болып табылған мамандар енгізілмейді.
6. Диссертациялық кеңестің құрамы, сондай-ақ құрамындағы ӛзгерістер
университеттің Ғылыми кеңесінің (Сенаттың) шешімі негізінде Х.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ президентінің бұйрығымен бекітіледі.
Диссертациялық кеңестің ұйымдастырушылық және қызметін материалдық-
техникалық қамтамасыз етуге байланысты барлык шығындар, соның ішінде
диссертациялық Кеңес мүшелерініңіс-сапар шығындары университет есебінен ӛтеледі.
7. Диссертациялық кеңестің тӛрағасы, тӛрағаның орынбасары мен ғалым
хатшысысының жылдық жүктеме мӛлшері 12 (он екі) кредит, диссертациялық кеңестің
техникалық хатшысының жылдық жүктеме мӛлшері 15 кредит болып бекітіледі.
8.
Университет диссертациялық кеңестің жұмысына кажетті арнайы
жиһаздармен
жабдықталған
мамандандырылған
жаймен,
ақпараттық
және
коммуникациялық технологиялармен (Интернет, видео камера, Skype байланысына
арналған веб-камера), оргтехникамен (ноутбук, проектор, микрофон, принтер),
аттестациялық құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен, сондай-ақ кеңсе тауарлары
және т.б. камтамасыз етеді.
3. Диссертациялық кеңестің функциялары
9. Диссертациялық кеңестің функциялары:
і) диссертацияны қорғауға құжаттарды қабылдау;
2) диссертациялық жұмыс бойынша қорғау мерзімін және ресми рецензенттерді
тағайындау;
3) диссертациялық кеңестің құрамынан докторанттың авторы мен дерек кӛзіне сілтеме
жасалмаған бӛтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан
әрі - Комиссия) құрады;
4) докторлық диссертацияны ашық түрде қорғаудан ӛткізу;
5) диссертациялық жұмысты қорғаудан алып тастау;
6) мерзімді есеп беру.
10. Диссертациялық Кеңес мүшелері:
1) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;
2) диссертацияға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;
3) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне назар аударады;
4) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, бір тараптың немесе үшінші тұлғаның
ықпалына тәуелді болмайды;
5) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
6) қызмет бабында кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми кеңесшілер
мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нуқсан келтіретін дӛрекі,қорлайтын
сӛздерді, айыптауларды пайдаланбайды.
Осы тармақта кӛрсетілген талаптарды сақтамау фактілері анықталған жағдайда
диссертациялық кеңестің мүшесі оның құрамынан шығарылады.
11. Осы Ережеде белгіленген талаптарды диссертациялық кеңес 3 (үш) реттен
кӛп бұзатын жағдайда диссертациялық кеңестің тӛрағасы, тӛрағаның орынбасары және
ғылыми хатшысы ауыстырылады.
4. Диссертацияларды қабылдау және қарау ережелері
12. Докторлық диссертацияларды қорғауға қабылдау және қарау рәсімі келесідей
ретпен жүзеге асырылады:
Докторант білім алған жоғары оқу орны докторанттың диссертациясын бейіні
бойынша кафедраның кеңейтілген мәжілісінде талқылауды қамтамасыз етеді.
Диссертацияларды талқылауға және қорғауға ұсыну «Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы ережелер.
Докторантура» сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31
наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесі» 5,6,7
және 8-тармақтарының талаптарына сәйкес орындалған диссертациялық жұмыстарды,
осы Ереженің 13-тармағы 4-тармақшасына сәйкес жарияланымдары және екі ғылыми
кеңесшінің пікірі бар докторанттар жіберіледі.
Кафедраның кеңейтілген отырысына кафедра мүшелерінің кем дегенде 2/3
(үштен екісі), ғылыми кеңесшілері, сонымен қатар ұқсас (жақын) кафедралардың,
ғылыми және басқа да ұйымдардың ӛкілдері қатысады. Соңғы 5 (бес) жылда теріс
шешім алған диссертациялар бойынша ғылыми кеңесшілер болып табылған мамандар
кафедраның кеңейтілген отырысында тӛрағалық ете алмайды.
Кафедраның кеңейтілген отырысын ӛткізгенге дейін 1 (бір) ай бұрын
диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласында ғылыми дәрежесі (ғылым
докторы, ғылым кандидаты, философия докторы PhD, бейіні бойынша доктор немесе
академиялық дәрежесі бойынша философия докторы PhD, бейіні бойынша доктор
дәрежесі) бар 2 (екі) маманға жіберіледі.
Отырысқа
ғылыми
кеңесшілер
қатыспаған
жағдайда,
докторанттың
диссертациясы бойынша олардың пікірлерін кафедра меңгерушісі оқиды.
13. Диссертациялық кеңесті таңдау және диссертацияны қорғауға қабылдау
туралы ректордың атына ӛтініш, кафедраның кеңейтілген отырысының оң
қорытындысын алған жағдайда жазылады.
Егер докторант басқа ЖОО-ның диссертациялық кеңесін таңдаған жағдайда
оның құжаттары 10 (он) жұмыс күні ішінде таңдалған Диссертациялық кеңеске
жолданады.
14. Диссертациялық Кеңес жанындағы ғылыми семинарда диссертацияны
талқылау тәртібі.
Докторанттар, соның ішінде басқа ЖОО-да білім алған докторанттар қорғауға
құжаттарды қабылдағанға дейін 1 (бір) ай бұрын Диссертациялық кеңес жанындағы
ғылыми семинарда талқылаудан ӛтуі тиіс. Ғылыми семинардың құрамы университет
ректорымен бекітіледі. Ғылыми семинардың құрамына сәйкес мамандық бойынша
диссертациялық кеңестің мүшелері (3 мүшеден кем емес) және университеттің жетекші
ғалымдары - докторанттың ғылыми зерттеу саласындағы мамандар кіреді.
Ғылыми семинарға мамандық бойынша жетекші ғалым басшылық жасайды.
Диссертациялық кеңестің тӛрағасы ғылыми семинар жетекшілері бола алмайды, бірақ
құрамына кіре алады. Семинар диссертациялардың Диссертациялық кеңеске келіп түсу
ретіне қарай ӛткізіледі. Ғылыми семинардың шешімі хаттамадан кӛшірме түрінде
рәсімделеді.
Ғылыми семинар талқыланған диссертациялық жұмысты:
- қорғауға ұсынуға;
- немесе қайта ӛңдеуге жіберуге құқылы.
Докторант диссертацияны ғылыми семинардың қарауына үш рет беруге құқылы.
Диссертациялық Кеңес диссертацияны ғылыми семинардың ұсынысымен ғана
қорғауға қабылдайды.
15. Диссертациялық кеңесте алдын ала қарау және одан әрі қорғау жіберу үшін
қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу тәртібі.
Диссертациялық кеңесте алдын ала қарау және одан әрі қорғау жіберу үшін
докторант білім алған жоғары оқу орнының бланкісіндегі ілеспе хат және келесі
құжаттар негіз болып табылады:
1) Диссертациялық кеңес тӛрағасының атына қорғауға қабылдау туралы ӛтініш
(1- қосымша);
2) қатты мұқабада түптелген 3 (үш) дана және электронды тасымалдағыштағы
(СD-дискіде) диссертация;
3) үш тілде (мемлекеттік, орыс, ағылшын) жалпы кӛлемі 1(бір) баспа табақтан
кем емес 2 (екі) дана диссертацияның аннотациясы;
4) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілерінің пікірлері;
5) диссертация дайындалған кафедраның кеңейтілген мәжілісінің оң шешімі
және қорғауға ұсынысы бар хаттамасы;
6) Докторант білім алған ЖОО ғалым хатшысымен бекітілген ғылыми еңбектер
тізімі мен олардыңкӛшірмесі;
7) Докторант білім алған ЖОО кадр бӛлімі қызметімен куәландырылған жеке іс
парағы;
8) докторант білім алған ЖОО-ның диссертация тақырыбы мен ғылыми
кеңесшілерін бекіту, қорғауға жіберу туралы бұйрықтарының кӛшірмелері;
9) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы
транскриптің кӛшірмесі;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом мен
қосымшаларының нотариалды куәландырылған кӛшірмелері.
Диссертация мәтіні қазақ, не орыс, не ағылшын тілдерінде ұсынылады.
Осы кӛрсетілген құжаттарды диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы тіркейді
және 2 (екі) жұмыс күнінен кем емес мерзімде диссертациялық кеңеске ұсынады.
16. Диссертацияның қорғалу күні және екі ресми рецензентті тағайындау тәртібі.
Құжаттар қабылданғаннан бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей
диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі
(ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (РhD), бейіні бойынша
доктор) немесе философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және
докторанттың зерттеу саласында 5 (бес) ғылыми мақаладан кем емес еңбегі бар екі
ресми рецензентті тағайындайды. Ресми рецензенттің біреуі докторант білім алған
ЖОО қызметкері бола алмайды.
Қорғау мерзімі қорғау уақыты белгіленген күннен бастап 3 (үш) ай уақыттан
аспауы тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде докторанттар құжаттарының түсу кезегі
сақталады.
Диссертациялық кеңес ресми рецензенттерді тағайындау барысында, ресми
рецензенттердің, ғылыми кеңесшілерінің бір-біріне тәуелсізұстанымдарын басшылыққа
алады.
Мына тұлғалар ресми рецензенттер болып тағайындалмайды:
1) Комитет қызметкерлері;
2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының
қосалқы авторлары;
3) диссертация орындалған құрылымдық білім және (немесе) ғылыми ұйым
жетекшілері мен қызметкерлері, докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы
(қосалқы орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ұйым
қызметкерлері;
Рецензенттердің бірі диссертациялық кеңес құрамынан тағайындалуына рұқсат
етіледі.
17. Университеттің интернет-ресурсында докторанттың қорғауы бойынша
материалдарды орналастыру тәртібі.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы университеттің интернет-ресурсында
докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды
орналастырады:
1) Қорғау ӛткізілетін мекен-жайы, күні мен уақыты кӛрсетілген қорғау туралы
хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
2) диссертацияны белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын орналастырады
және қорғаудан кейін кемінде 5 (бес) ай бойы қолжетімді болады;
3) кӛлемі кемінде 1 (бір) баспа табақ болатын мемлекеттік, орыс және ағылшын
тілдеріндегі түйіндемесі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен і(бір) ай
бұрын)
5) ғылыми кеңесшілерінің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1(бір) ай
бұрын), қорғаудан кейін кемінде 5 (бес) ай бойы қолжетімді болады;
6) ресми рецензенттердің пікірлері (бекітілген қорғау мерзімінен 15 жұмыс күні
бұрын);
7) қорғаудың бейнежазбасы толық кӛлемде, монтаж жасауға тыйым салынады
қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін
кемінде 5 (бес) ай бойы қолжетімді болады;
8) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас
тарту туралы диссертациялық кеңестің қорытындысы (ақпарат қорғаудан кейін 5 (бес)
жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (бес) ай бойы
қолжетімді болады.
9)
апелляциялық
комиссияның
шешімі
(болған
жағдайда,
шешім
қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім
қабылданғаннан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді болады.
10) осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес диссертациялық кеңес жұмысы туралы
есеп күнтізбелік жыл аяқталған соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
11) 5 Қосымшага сәйкес диссертациялық кеңестердің (РhD) философия докторы,
бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) туралы шешімдері
бойынша тоқсандық есеп. Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн
ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді
болады.
12) қорғауды ӛткізудің күні, уакыты және орнының ӛзгеруі және ресми
рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда) жарияланады;
13) диссертациялық кеңес құрамы туралы ақпарат және диссертациялық
кеңестің жұмыс қызметінің тәртібі.
Диссертацияны ЖОО интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда,
авторлық құқықты қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз
кӛшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.
Диссертация интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне
ӛзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді
орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауға ұсынылады.
Авторлықты белгілеу мүмкін емес және автордың электронды поштасы кӛрсетілмеген
бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.
Диссертациялық кеңес Комитетке қорғау туралы хабарламаны қорғауға
қабылдау күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды, сонымен қатар
университеттің интернет-ресурсында келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні
ішінде орналастырылады.
18. Диссертацияны докторанттың кӛшірме материалды (плагиат) пайдалану
бойынша тексеріске жіберу тәртібі.
Қорғауға кабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық
кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дереккӛзіне сілтеме жасалмаған бӛтен
материалды пайдаланғанын тексеру үшін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптама орталығы» (ары карай - ҰМҒТСО) акционерлік қоғамына жолдайды.
Аталған анықтаманы алуға байланысты шығыстарды тӛлеу докторантқа жүктеледі.
ҰМҒТСО аныктамасында, ресми рецензенттер және университеттің интернет-
ресурсында бейресми пікірлерінде плагиат фактілері кӛрсетілген жағдайда
диссерттацияны
плагиатқа
тексеретін
Диссертациялық
кеңес
комиссиясы
диссертацияны плагиатқа тексереді (ары қарай - Комиссиия). Комиссия құрамы 3
адамнан тұрады, олар:
1) Диссертациялық кеңес тӛрағасы,
2) Диссертациялық кеңес мүшесі–Қ.А.Ясауи атындагы ХҚТУ ӛкілі;
3) Диссертациялык кеңес мүшесі - басқа ЖОО немесе ғылыми және ӛзге
ұйымдар ӛкілі.
Тексеру туралы қорытынды диссертациялық кеңеске қорғауға дейін 8 (сегіз)
жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Авторы және дереккӛзіне сілтеме жасамай материал пайдалану анықталған
жағдайда, диссертациялық жұмыс қорғауға жіберілмейді.
19. Университет кітапханасына диссертацияның данасын қағаз және электронды
тасымалдағышта ұсыну тәртібі.
Қорғаудан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым
хатшысы электронды тасымалдағыштағы диссертация даналарын Қазақстан
Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасының
Ұлттық кітапхасына жібереді.
20. Ресми рецензенттердің жазба пікірлерін диссертациялық кеңеске ұсыну
тәртібі.
Ресми рецензенттер диссертацияны талдау, сараптау бойынша және жарияланған
жұмыстар негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірлерді ұсынады. Аталған
пікірлерде мына жағдайлар бойынша бағаланады:
-
таңдалған тақырыптың ӛзектілігі;
-
диссертацияда тұжырымдалған ғылыми ережелер, қорытынды, ұсыныстардың
негізделу дәрежесі мен практикалық маңыздылығы;
-
ғылыми жаңашылдығы;
-
тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
Ресми рецензенттер пікірлерінің кӛшірмелері докторантқа қорғауға дейін кемінде
15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Пікір осы тармактың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда диссертациялық
кеңес қорғауға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей пікірді ресми рецензентке
қосымша қарау үшін қайтарады немесе ресми рецензентті ауыстырады.
Ресми рецензенттерді ауыстыру жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға
мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы
шешім 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктіріп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.
21. Диссертациялық кеңестің қорғауға жіберу туралы шешімді қабылдау тәртібі.
Диссертациялық кеңес Комиссиясының қорытындысы негізінде диссертациялық
кеңес докторантты қорғауға жібереді немесе қорғаудан алып тастайды. Қабылданған
шешім туралы дисссертациялық кеңес докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде
хабарлайды
және
тиісті
ақпарат
университеттің
интернет-ресурсында
орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар немесе қызметтік жағдайда пайдалану
үшін қорғалған диссертациялардан басқа).
Докторант диссертациялық жұмысын бекітілген қорғау күніне дейін 7 (жеті)
жұмыс күнінен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар.
5. Диссертациялық кеңес жұмысының тәртібі
22.
Диссертациялык кеңес мәжілісі диссертациялық кеңес тӛрағасының
жетекшілігімен ӛткізіледі.
Диссертациялық кеңестің тӛрағасы, тӛраға орынбасары және ғалым хатшысы
ӛздері ғылыми кеңесшілер болып табылған жағдайда олар диссертацияны қарастыру
кезінде диссертациялық кеңестің отырысында ӛз міндеттерін орындай алмайды.
Диссертациялық кеңес тӛрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңес
шешімімен тӛраға орынбасарына, тӛраға орынбасары және ғалым хатшының
міндеттерін орындау кеңес мүшелеріне жүктеледі.
Диссертациялық кеңес тӛрағасы, тӛраға орынбасары және ғалым хатшысы бір
мезгілде болмаған жағдайда кеңестің отырысы ӛткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының бейне жазбаға түсірілуін толық
кӛлемде қамтамасыз етеді, монтаж жасауға тыйым салынады.
Диссертациялық кеңестің отырысы оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3
(үштен екісі) және диссертациялық кеңестің мүшелерінен отырысқа әр мамандық
(кадрларды даярлау бағыты) бойынша кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысқан
жағдайда заңды болып саналады (қатысу парағы - 6қосымша).
Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3-інен аспайтын) диссертацияны қорғауды
ӛткізу отырысына оn-line режимінде бейне-конференция нысанында қатысқаны да
саналады.
Ресми рецензенттердің біреуі (дәлелді себептермен) қатыспаған жағдайда, оның
пікірін ғалым хатшы окиды. Ресми рецензенттерге диссертацияны қорғау отырысында
оn-line режимінде бейне-конференция түрінде сӛз сӛйлеуге рұқсат беріледі.
23. Диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес мәжілісінің тәртібі.
Диссертацияны қорғау ғылыми пікір-талас сипатында ӛтуі тиіс. Диссертациялық
кеңес отырысы диссертациялық кеңес тӛрағасының жетекшілігімен ӛтеді.
Диссертациялық кеңес отырысында 1 (бір) диссертацияны қорғау жүргізіледі, 1
(бір) күн ішінде 2 (екі) мәжілістен артық ӛткізуге болмайды.
Диссертацияны қорғау жӛніндегі диссертациялық кеңес отырысының тәртібі:
1) кворум туралы (келу парағы негізінде), отырысты ӛткізу құқығы туралы,
докторанты таныстыру, мамандығы мен диссертация тақырыбын таныстыру туралы
тӛрағаның кіріспе сӛзі;
2) докторанттың ғылыми жарияланымдарының түгелдігі, құжаттарының
нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы ғалым хатшының сӛзі;
3) докторанттың қорғауы (баяндама 20 минутқа дейін);
4) докторанттың кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауаптары;
5) ғылыми кеңесшілердің сӛзі (әрқайсысы 7 минуттан кӛп емес)
6) рецензенттердің сӛзі;
7) рецензенттердің ескертулеріне докторанттың жауаптары және олардыц
ұсыныстары бойынша қорытындылары;
8) диссертациялық кеңес мүшелерінің талкылауы;
9) докторанттың соңғы сӛзі;
10) тӛрағаны қоспағанда, диссертациялық кеңес құрамынан 3 адамнан тұратын
есептеу комиссиясын сайлау;
11) ғылыми дәреже беру туралы жасырын дауыс беру;
12) жасырын дауыс беру қорытындылары бойынша есептеу комиссиясы
тӛрағасының сӛзі, есептеу комиссиясының хаттамасын бекіту;
13) кӛпшілік алдында қорғау нәтижелерін жария ету;
14) диссертацияны қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық кеңестің шешімін
қабылдау.
24. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын
дауыс беруді жургізеді:
І) PhD философия докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;
2)PhD философия докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас
тарту.
25. Докторанттың ғылыми кеңесшілері, тікелей басшысы немесе жақын
туыстары болып есептелінетін диссертациялық кеңес мүшелері дауыс беруге
қатыспайды.
Егер мәжіліске қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі)
және одан да кӛп бӛлігі оң дауыс берсе диссертациялық кеңестің оң шешімі
қабылданады. Егер оң шешім үшін мәжіліске катысқан диссертациялық кеңес
мүшелерінің 2/3 (үштен екісінен) кем дауыс берсе, теріс шешім қабылданады.
26. Теріс шешім қабылданған жағдайда Диссертациялық кеңес қорытынды
жасайды, онда диссертация Үлгі ереженің, Дәрежелерді беру қағидаларының (бұдан әрі
– Қағидалар) қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі жазылады. Диссертациялық
кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден
бас
тарту
туралы
қорытындысы
университеттің
интернет-ресурсында
орналастырылады.
27. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляция жасау тәртібі.
Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант шешім
қабылданған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде диссертация қорғалған ЖОО ерікті
нысанда беруіне болады.Аталған мерзім ӛткен соң апелляция қабылданбайды.
Апелляция беру күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде университет ректоры
бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады (ары карай - комиссия). Комиссия
құрамына тиісті мамандыққа сәйкес ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 маман кіреді. Ғылыми кеңесшілер, рецензенттер,
диссертациялық кеңес мүшелері комиссия мүшелері құрамына кіре алмайды.
Комиссия ӛз қызметінде Диссертациялық кеңес туралы Ережені және дәреже
беру қағидаларын негізге алады. Комиссия апелляциялық ӛтініш, диссертация,
диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңес материалдарын қарастырып,
апелляция қорытындысы бойынша шешімді комиссия құрылуынан бастап 30
күнтізбелік күнде дайындайды.
Апелляциялық комиссия қорытындысы ашық дауыс беру негізінде кӛпшілік
дауыспен қабылданып, комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылып, ӛтініш
берушіге қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Апелляциялық комиссияның шешімі қабылдануынан кейін 5(бес) жұмыс күні
ішінде докторантқа хабарланып, университеттің интернет-ресурсына жарияланады.
Апелляциялық комиссия жұмысын қабылдамаған докторант бір жылдан кейін
қайта қорғауға құқылы.
Осы Ережеде реттелмеген даулар, сонымен қатар философия докторы (РhD)
немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту мәселелері сот тәртібімен,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
6. Аттестациялық істің дайындалу тәртібі
28.
Диссертацияны қорғау бойынша оң шешім қабылданған жағдайда
диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы докторанттың аттестациялық ісін
құжаттардың бекітілген тізіміне сәйкес рәсімдейді (6-Қосымша), бұл құжаттар
докторлық диссертация қорғалғаннан кейін Комитетке 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде
жіберіледі.
Осы аталған норманың орындалуы бойынша жеке жауапкершілік Диссертациялық
кеңестің ғалым хатшысына жүктеледі.
Аттестациялық іс ғалым хатшыда бір жыл бойы сақталады, кейін Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ мұрағатына қабылдау-ӛткізу актісі бойынша ӛткізіледі.
29. Барлық құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.
30. Қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тӛменде кӛрсетілген құжаттар
ҰМҒТСО-на мемлекеттік тіркеуге жолданады:
- түптелмеген түрдегі бір дана қағаз және электронды тасымалдағышта диссертация;
- ілеспе хаты;
- әр қайсысы бір данадан, үш тілде жазылған қағаз және электронды тасымалдағышта
түйіндеме;
- қағаз және электронды тасымалдағыштағы бір дана ғылыми жарияланымдар тізімі;
- қағаз және электронды тасымалдағышта үш дана диссертацияның қазақ және орыс
тілдеріндегі тіркеу-есептік карточкасы (7-Қосымша).
7. Ерекше талаптар
31. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын толық
меңгерген, бірақ докторлық диссертациясын белгіленген мерзімде қорғай алмаған
докторантқа, сонымен қатар диссертациялық кеңестері жоқ басқа ЖОО түлектеріне
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 31қазанындағы
№604 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартының» «Докторантура» бӛлімінің 114-тармағына сәйкес
ақылы негізде (4 академиялық кредит кӛлемінде) ғылыми зерттеу компоненттерін қайта
игеруге және докторлық диссертацияларын келесі жылы қорғауға мүмкіндік беріледі
9.Қорытынды ережелер
32.
Диссертациялық кеңес жұмысы бойынша жалпы жауапкершілік
Диссертациялық кеңестің тӛрағасына жүктеледі.
33. Диссертациялық кеңес бойынша барлық құжатгар ғалым хатшыда бір жыл
бойы сақталады, аталған мерзім ӛткен соң белгіленген тәртіп бойынша
Қ.А.Ясауиатындағы ХҚТУ мұрағатына ӛткізеді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 1-қосымша
20 ___жылы ____________________________________
(базасында диссертациялық кеңес құрылған ұйым атауы)
___________________________мамандығы бойынша
______________________________________
(диссертациялық кеңес шифрі)
философия докторы (РhD), бейіндік доктор
дәрежесін беру үшін құрылған
диссертациялық кеңестің тӛрағасына
_________________________________________
аты-жӛні
Ӛтініш
Сізден___________________________________мамандығы бойынша
(мамандық атауы, шифры)
________________________________________________________________________________
доктор
(ғылым саласы) дәрежесін алу үшін жазылған
___________________________________________________тақырыбындағы
(диссертация такырыбы)
диссертациялық жұмысымды қарауға және қорғауға қабылдауыңызды
сұраймын.
Жұмыс қорғауға алғашқы рет (қайта) ұсынылып отыр.
Менің жеке деректерімді аттестациялауға қосу және одан әрі ӛңдеуге
келісемін. Арнайы кӛрсетілмеген жағдайлардан басқа қорғауға ұсынылған
барлық деректер мен нәтижелер шынайы және түпнұсқа екендігін және жеке
ӛзімнің алғандығымды растаймын.
Күні, қолы.
Докторант өтінішті қолмен жазылады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 2-қосымша
___________________________________________________________докторанттың
(ЖОО атауы)
ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің
ТІЗІМІ
______________________________________
( ТАӘ)
№
Жарияланым
тҥрі
Жарияланым
атауы
Комитет
ұсынған
(ғылыми
мақалалар
ҥшін) журнал
немесе
басылымдар
тізбесінің
атауы
журналдың
Импакт-
факторы
Шығу
мәліметтері
і
2
3
4
5
6
7
8
9
і0
Ғалым хатшы ___________________
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 3-қосымша
Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп
___________________________________________________________жанындағы
(университеттің атауы)
_________________________________мамандығы (кадрлар даярлаудың
бағыттары)
бойынша __________________________________________диссертациялық
кеңесі.
Есеп келесі мәліметтерді қамтиды:
1
.
Ӛткізілетін саны туралы мәліметтер.
2. Диссертациялық кеңес отырыстарының жартысынан кем қатысқан кеңес
мүшелерінің аты-жӛні (болған жағдайда).
3. Оқу орны кӛрсетілген докторанттардың тізімі.
4. Есеп беру жылы бойына диссертациялық кеңестің келесі бӛлімдер бойынша
диссертациялардың қысқаша талдауы:
1) қаралған жұмыстардыңтақырыптарын талдау;
2) «Ғылым туралы» Заңнын і8-бабының 3-тармағына және (немесе) мемлекеттік
бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары
ғылыми- техникалықкомиссияныңбақылауымен қалыптасқан ғылымның даму
бағыттары мен диссертация тақырыбыныңӛзара байланысы;
3) диссертациялардың нәтижесін іс-тәжірибеде қолдануды ендіру деңгейін
талдау.
5. Ресми рецензенттер жұмысын талдау (ең сапасыз пікір мысалдарымен).
6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар.
7. Философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежелерін алу үшін
әзірленген диссертациялардың саны:
1) қорғауға қабылданған диссертациялар (оныңішіндебасқа ЖОО-ның
докторанттарынан);
2) қараудан алынып тасталған диссертациялар (оның ішінде басқа жоғары оқу
орындарының докторанттарынан);
3) рецензенттің теріс пікірлеріалынған диссертациялар (оныңішінде басқа
жоғары оқу орындарының докторанттарынан);
4) қорғау нәтижесі бойынша теріс шешімге ие болган диссертациялар (оның
ішінде басқа ЖОО-ны докторанттарынан).
Диссертациялық кеңестің тӛрағасы ____________________________________
(қолы, аты-жӛні)
Диссертациялың кеңестің ғалым хатшысы_______________________________
(қолы, аты-жӛні)
Мӛр орны, күні "____"_____________20____жыл
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 4-қосымша
Диссертациялық кеңестің философия докторы (
PhD
), бейіні бойынша доктор
дәрежесін тағайындау (дәреже беруден бас тарту) шеші мдері туралы тоқсан сайынғы
есеп
№
Доктор
антты
ң
аты-
жөні
(болға
н
жағдай
да)
Ту
ға
н
ж
ыл
ы
Доктор
антурад
а
окыған
кезеңі
Докт
оран
т
білім
алға
н
ЖО
О
Диссе
ртаци
я
тақыр
ыбы
Ғылы
ми
кеңес
шілерд
ің аты-
жөні
(бар
болған
жғгдай
да),
ғылым
и
дәреже
сі,
жұмыс
орны
Ресм
и
реце
нзент
((Ат
ы-
жөні
(болғ
ан
жағд
айда)
),
ғылы
ми
дәре
жесі,
жұм
ыс
орны
)
Қо
рға
у
кҥ
ні
Диссерт
ациялы
қ
кеңестің
және
апелляц
иялық
Комисс
ияның
қабылд
аған
шешімі
(болған
жағдайд
а)
Ди
пло
м
№
і
2
3
4
5
6
7
8
9
і0
іі
Мамандык бойынша диссертациялық кеңес (кадрлар даярлау бағыты бойынша)
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 5-қосымша
_____________________________________________ диссертациялық кеңесі
мүшелерінің ___________________________________________________ мамандығы
бойынша докторант _____________________________________ диссертациясын қорғау
(тегі, аты, әкесінің аты) жӛніндегі
_____________________________________________________ кеңес (хаттаманың күні
және нӛмірі) отырысына
КЕЛУ ПАРАҒЫ
тегі, аты, әкесінің аты
Ғылыми дәрежесі
Отырысқа қатысуы (қолы)
і
2
3
Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
Ескерту: 1. «Тегі, аты, әкесінің аты» бағанында диссертациялық кеңестің барлық
мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 6-қосымша
Аттестациялық іске қажет құжаттар тізімі:
1) докторанттың аттестатциялық іс құжаттарының тізімі;
2) қатты түптелген диссертация мен әлектрондық тасымалдағыштағы диссертация
(СD-RОМ);
3) докторант окыған университеттің немесе факультеттің ғалым хатшысы
мақұлдаған ғылыми жұмыстардың тізімі және диссертация тақырыбы бойынша
жарияланымдардың кӛшірмесі;
4) қазақ және орыс тілдерінде осы Ереженің 8-қосымшасындағы нысанға сәйкес
диссертацияныңтіркеу-есеп карточкасы;
5) докторанттың автор мен дереккӛздерге сілтеме жасамай бӛтен материалды
пайдаланғаны бойынша диссертацияның тексерілгені туралы Ұлттық мемлекеттік
ғылыми- техникалық сараптама орталығының анықтамасы;
6) қызмет орнында куәландырылған ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
7) қызмет орнында куәландырылған 2 рецензенттің пікірі;
8) осы Ереженің6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша диссертациялықкеңес
мүшелерінің келу парағы;
9) диссертациялықкеңес тӛрағасының және ғалым хатшының қолы қойылған
диссертациялықкеңестің бейнежазбасы мен стенограммасы;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың
кӛшірмелері, оларға қосымшалары (транскрипттердің кӛшірмелері); (докторанттың
тегіӛзгерген жағдайда тегіӛзгертілгенін растайтын құжат кӛрсетіледі);
11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламарын меңгергені туралы транскриптің
кӛшірмесі;
12) диссертациялықкеңеске ӛтініші берілгенге дейін еңбек кітапшасының
нотариалды куәландырылған кӛшірмесі;
13) докторанттың осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша
докторант туралы ақпарат;
14) оқу орны бойынша сол жоғары оқу орнының кадрлік қызметте
куәландырылған жеке іс парағы;
15) диссертациялықкеңес тӛрағасының бұрыштамасы бар докторанттыңқорғауға
жіберілу туралы ӛтініші;
16) диссертацияны қорғауға ұсыну туралы оң шешімі бар кафедраның
кеңейтілген отырысының хаттамасы;
17) диссертациялықкеңестің қорытындысы;
18) диссертацияның кӛшірмелері кітапхана қорына тапсырылғаны туралы
кітапхана анықтамасы;
19) диссертациялықкеңеске (басқа жоғары оқу орындарының докторанттарына)
арналған ілеспе бағыттаушы-хаты;
20) диссертация тақырыбы мен ғылыми кеңесшілерді бекіту туралы және
қорғауға жіберу туралы бұйрыктардыңүзінді кӛшірмелері;
21) есептеу комиссиясы отырысының хаттамалары және бюллетені;
22) философия докторы (РhD) дипломының кешірмесі.
23) диссертациялықкеңес жанындағы ғылыми семинардың хаттамасынан
кӛшірме.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті жанындағы
диссертациялық кеңес туралы
Ережеге 7-қосымша
Т1РКЕУ-ЕСЕПТ1К КАРТОЧКАСЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық)
Туылған жылы
Азаматтығы
Ұлты
аттестацилық істің №
Диссертациялық кеңес
Шешім қабылданған
еүні, айы, жылы
шешімнің №
Диссертация корғалған ЖОО-ның атауы
Ғылыми дәреже ізденуші
Мамандық атауы
Ғылыми дәреже берілді
Дипломның №
Философия докторы (РhD), бейіні бойыншад
октор
Ескерту:
1. Мәтін 148x105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада
басылады.
2. «Аттестациялықістің №» және «Дәреже берілді» деген бағандар Комитетте
толтырылады.
3. Карточканыңартқы жағында ізденушінің тегі аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кӛрсетіледі және оныңқолымен
расталады.
Достарыңызбен бөлісу: |