128
Қамтылатын аумақтағы маңызды нысандардың ерекше
белгілерін, құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен
географиялық мəнін ескере отырып іріктеуді картографиялық
жинақтаудың географиялық нақтылығы дейміз. Географиялық
нақтылыққа қажетті нысандардың картадағы пішінінің сақталуы
жатады.
Сандық жəне сапалық жинақтау. Картаны құру кезінде
сандық жəне сапалық жинақтаулар қолданылады. Картаның мас-
штабына, мазмұнына, қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай
географиялық нысандарды іріктеп санын азайту мақсатындағы
картографиялық жинақтауды сандық жинақтау дейміз.
Сандық жинақтауға төмендегі құбылыстар мен нысандар жа-
туы мүмкін:
1. Тақырыптық жəне жалпы географиялық карталарды құру
кезінде мазмұнының негізгі элементтері болып табылатын
табиғи жəне əлеуметтік-географиялық құбылыстар іріктеп алы-
нады. Мұндай жинақтау кезінде бір табиғи немесе əлеуметтік-
экономикалық компоненттер кескінделеді.
2. Картаның мазмұнын ашатын географиялық нысандар.
Мысалы, көлдердің ішінен ең қажетті ірілері таңдалып алына-
ды. Бір текті нысандардың ішіндегі ең ірілері мен маңыздылары
іріктелінеді. Мысалы, Қалалардың ішінен астаналар, қатынас
жолдарынан – магистральды темір жəне автомобиль жолдары,
өзендерден : кеме жүзе алатын өзендер, тағы да басқалар таңдап
алынады.
Бір текті нысандарды іріктегенде, картаға түсіру үшін жер
бетінің əртүрлі аймақтарындағы географиялық нысандардың
картаның беткі ауданында қамтылатын сандық көрсеткішін мате-
ма
ти
калық формуламен анықтайтын нормативтік əдістер қол-
данылады.
Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің тетіктерін
жинақтау. Картаның масштабы кішірейген сайын картаға
түсірілген табиғи жəне əлеуметтік нысандардың кескінінің
(сыртқы пішішінің) тетіктерінің санын азайту өзендер мен
көлдер дің мұхиттар мен теңіздердің жағалау сызықтарын алып
жат қан ауданын карталарда кескіндеуде кеңінен қолданылады.
Картаның масштабының кішірейіп, қамтылатын ауданының ар-
туына байланысты жүргізілетін сандық жинақтаудың нəтиже сін де
129
өзеннің иректілігі, теңіздер мен көлдердің жағалау сызықта рын-
дағы шығанақтар мен мүйістер азайады. Картаға түсірілетін ны -
сандардың кескінінің санын азайту барысында бір-біріне жа қын
орналасқан біртекті нысандар бір ірі нысандар: арал, көл, бат пақ,
ауылшаруашылығына жарамды жерлер ретінде көрсеті ле ді.
Картада қамтылатын аумақтың сандық сипатын іріктеу нəти-
жесінде кескінделу аралығы артуына байланысты жеке нысан-
дардың сандық көрсеткіштері көрсетілмейді. Жинақтаудың бұл
бағытында нысандардың жеке айырмашылықтары көрсетіл меуі-
не байланысты біртекті нысандарды картада кескіндеуге ор тақ
бір шартты белгі қолданылады.
Масштабы кішірейген сайын қамтылатын аумақтың ауда-
нының артуына байланысты картаның дəлдігіне қойылатын та-
лаптар азайып, біртекті нысандардың шекарасы да кеңейеді.
Мұғалімдерге арналған атластың 1:1 000 000, 1:10 000 000
масштабты карталарында халқының саны 100000-нан асатын
қалалар үш топқа бөлінген. Əр топқа жататын қалалар халқының
саны жағынан 400-500 мыңға айырма жасайтын пунсондармен
белгіленсе, мектеп оқушыларына арналған географиялық атлас-
тарда халқының саны 100000 асатын тқалалар масштабының
кішіреюіне байланысты екі топқа біріктірілген.
Сапалық жинақтау. Бір текті
құбылыстар мен нысандарды,
оларды айқындайтын қасиеттің санын азайтуды сапалық жинақ-
тау дейміз.
Сапалық жинақтау төменде көрсетілген екі топқа бөленді:
– бір текті құбылыстар мен нысандардың санын азайту;
– құбылыстарды айқындайтын қасиеттердің санын азайту.
Бір текті нысандардың санын азайтуға ірі масштабты топо-
графиялық карталардағы соқпақ, тас төселген жəне асфальт
төселген жолдардың ұсақ масштабты карталарда автомобиль жол-
дарына; аралас орман, жалпақ жапырақты ормандардың орманға
біріктірілуі мысал болады.
Біртекті нысандардың топтарын бір нысанға біріктіріп, ше-
карасын өзгертуге байланысты, картографиялық жеке түсінік тер-
ді жинақтай отырып, мазмұны кең, жаңа түсініктерді қалып тас-
тырады [3.3-сурет].
Географиялық картада кескінделген құбылыстар мен нысан-
дардың сапалық сипатын жинақтау үшін оларды айқындайтын
9–1171
130
қасиеттердің санын азайтады. Мысалы, əрбір оқшауланған орман
алқаптарының ерекшеліктерін айқындайтын бірқатар қасиеттер
болады. Олар:
– орман алқабы белгілі бір аумақты қамтып жатады, өзіне
тəн пішіні, геоботаникалық тұрғыдан ағаштардың белгілі бір түрі
басым болады;
– орман ағаштары жасымен, санымен, орташа биіктігімен,
орташа диаметрімен сипатталады.
Орман ағаштарын кəсіпорындар əртүрлі мақсатта қолданады.
Ұсақ масштабты карталарда аталған қасиеттерінің біразы ғана
іріктеліп алынады. Өйткені масштаб кішірейген сайын нысандар
мен құбылыстардың көрсеткіштері де азаяды.
3.3 сурет. Масштабы əр түрлі картада жер бетері элементтерінің
жинақталуы
Ғылыми тұрғыдан дұрыс жинақталған жағдайда картаның
мазмұнының сапасы артады. Картографиялық кескіндеудің дұрыс
жинақталуын, картаға дұрыс баға берілуін ескеру, іс жүзінде
пайдалану барысында қамтылған аумақ жөнінде дұрыс
түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.