Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет38/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141

121

С) k=


;

b

a

 

D) Dһ=



;

*

1



α

α

h

 

Е) 


60* ;h

α

α



=

9. Градус торларының тоғысу нүктелері үшін қолданылатын алдын-

ала есептеліп қойған кестелер:

А) изогиета; 

В) изокол; 

С) изобар; 

D) номограмма; 

Е) изодаза.

10. Картографиялық тордағы параллельдердің аралығы созылған 

бөлігінде жеке масштаб ..... болады.

А) бас масштабтан үлкен; 

В) бас масштабтан қысқа; 

С) бас масштабпен тең; 

D) бас масштабпен бірдей; 

Е) бас масштабтан ұзын.

11. Жердің айналу білігімен цилиндрдің білігі сай келетін проекция…

А) қалыпты азимутты;  

В) көлбеу цилиндрлі; 

С) көлденең цилиндрлі;                 

D) қалыпты конусты; 

Е) қалыпты цилиндрлі. 

12. ........ проекцияда қосалқы геометриялық жазықтық глобустың 

кез-келген нүктесімен жанасады.

А) көлбеу азимутты; 

В) көлденең азимутты; 

С) қалыпты азимутты; 

D) қалыпты цилиндрлі; 

Е) көлденең цилиндрлі.




122

3 - т а р а у.

 

ҰСАҚ МАСШТАБТЫ   КАРТАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ. 

КАРТАЛАР  СЕРИЯЛАРЫ.  ГЕОГРАФИЯЛЫҚ  АТЛАСТАР

3.1 Географиялық карталарды жіктеу. Картографиялық 

жинақтау

Алуан түрлі географиялық карталар аумақты қамтуына, мас-

штабына, кескінделген құбылыстардың жинақталу көрсеткіш-

теріне, қызметіне пайдалану əдісіне қарай жіктеледі.

Карталарды жер бетіндегі аумақты қамту көрсеткішіне қарай 

жіктеуге сəйкес  барлық географиялық карталар төмендегі топтар-

ға бөлінеді.

1. 


Бүкіл жер бетін қамтыған дүние жүзінің карталары.

2. 


Жердің жарты бөлігін қамтыған жартышарлар карта-

сы, мұндай карталар жұппен дайындалады. Оларға батыс жəне 

шығыс жартышарлардың құрылықтар мен мұхиттардың жарты-

шарлар карталары жатады.

3. 


Жеке материктер мен аймақтардың карталары. Бұл 

топқа жеке материктер мен мұхиттардың, теңіздердің дүние 

бөліктерінің карталары жатады.

4. 


Мемлекеттердің топтарының, ірі мемлекеттер мен оның 

бөліктерінің карталары. Бұл топқа шағын аумақтың, пайдалы 

қазбалар мен шығанақтардың карталары жатады. Географиялық 

карталардағы аумақтың қамтылуы мен масштабтың арасында 

байланыс бар. Картада қамтылатын аумақ артқан сайын масштаб 

кішірейеді.

Жер бетінің жеке бөліктерінің ауданы əртүрлі болуына байла-

нысты жоғарыда көрсетілген жіктеулер бұзылды. Мысалы: Тынық 

мұхиты тек дүниежүзінің картасында ғана толық кескінделеді.

Дүниежүзі мен жарты шарлардың карталарының масштабы 

жеке материктердің масштабына қарағанда ұсақ болады.

Жоғарыда көрсетілген төрт топтың ішінде жеке мемлекеттер 

мен оның бөліктерінің қарталарының масштабы ірі болады.




123

Барлық географиялық карталар ірі масштабты (1:200000 

дейін), орта масштабты (1:200000-1:1000000 дейін) жəне ұсақ 

масштабты болып бөлінеді.



Карталарды мазмұнына қарай жіктеу. Мазмұнына қарай 

барлық карталар жалпы географиялық жəне тақырыптық болып 

бөлінеді. 

Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарды шолу кар-



талары деп те атайды. Жалпы географиялық шолу караталар-

да қамтылған аумақтың сыртқы  көрінісі жер бедері, табиғат 

жағдайлары, елдімекендер аумақтың əкімшілік  бөліктің шека-

ралары, елді мекендер, өзендер мен көлдер, пайдалы қазбалар, 

теңіздер мен мұхиттардың жағалау сызықтары, басқа да ны-

сандар кескінделеді. Жалпы географиялық карталар қамтылған 

аумақтың ерекшелігімен танысу қызметін атқарады. 

Бір немесе бірнеше табиғат компоненттері немесе экономи-

калық-географиялық элементтер кескінделетін карталарды тақы-

рып  тық  карталар дейміз. Оның жалпы географиялық карта дан 

айыр 


машылығы картаның тақырыбында жазылып қам 

 

тылатын 



аума 

ғы негізгі тақырыптың мазмұны ашылады. Тақы 

рыптық 

кар таларда кескінделген құбылыстардың ерекше ліктері өлшену, 



терең дігі мен сандық сипатының жинақталу дəре 

жесіне қарай 

алуан түрлі болады. Көрсеткіштердің жинақталу дə 

ре 


жесіне 

қарай тақырыптық карталар синтездік жəне талдау кар таларына 

бөлі неді.

Талдау карталарына құбылыстардың жеке өлшемдері берілген 

тақырыптық карталар жатады. Оларды кейде бақылау карталары 

деп те атайды. Талдау карталарына белгілі бір жыл мезгілдеріндегі 

жеке метеорологиялық элементтер көрсетілген климат карталары 

жа тады.      

Синтездік карталарға жеке көрсеткіштерді жинақтау 

нəтижесінде құбылыстардың тұтастығын айқындайтын карталар 

жатады. Оған климат облыстарының карталары мысал болады. 

Тақырыптық карталар мазмұнына қарай физикалық, география-



лық жəне экономикалық географиялық карталарға бөлінеді.  

Физикалық, географиялық, тақырыптық карталар география-

лық ортаның негізгі компоненттерінің басты белгілерін жинақтап 

сипаттайды. Оларға табиғат белдеулері мен зоналарының, 




124

климат, топырақ, өсімдік, жануарлардың карталары жатады. 

Кейбір тақырыптық карталар жер қабықтарының бір-бірінен 

ерекшеліктенуімен шектеледі. Оларға тектоникалық, геологиялық, 

климаттық топырақ басқа да карталар жатады.

Жер бедерінің ерекшеліктері гипсометриялық, геоморфоло-

гиялық карталарда кескінделеді.   

Əлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталарға халық-

тар дың саяси жəне саяси-əкімшілік, экономикалық, тарихи жə-

не мə дени карталардың топтары кіреді. 

Бір емес бірнеше табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құ-

бы   лыс тарды  сипаттайтын  тақырыптық  карталарды  кешенді  кар   -

талар  дейміз. Кешенді карталардың мазмұнының құрамдас бө лік -

теріне бір табиғат құбылысын қамтитын (тектоникалық, өсім 

 

дік, 


топырақ 

жамылғыларының 

картасы); 

əлеуметтік-геогра фия   лық 

құбылыстардың топтары; табиғи орта мен халықтың ша руа шылық 

əрекетін сипаттайтын  тақырыптық карталар жата 

ды. Кешенді 

караталардың  соңғы  тобына  өнеркəсіп  пен  ауыл ша    руа   шылық 

нысандарының орналасуын табиғат байлық та ры мен ши кі зат базала-

рымен байланысын ашатын (агроөнеркəсіптік кешен нің) тақы рыптық 

карталар кіреді. Жалпы географиялық жə не тақы  рып тық карталардың 

мазмұны мен кескіндеудің айқын 

ды 

ғы бас 


қа да ерекшеліктері 

атқаратын қызметі мен масштабына бай ла ныс ты болады.      

Атқаратын қызметіне қарай анықтама жəне оқу карталары-

нан басқа педагогикалық, үгіт, туристік, əскери, техникалық, ин-

же нерлік, басқа да ерекше қызмет атқаратын карталарға топтас-

ты рылады. 

Техникалық карталарға аэронавигациялық, теңіз навигациялық 

карталары түрлі құрылыс  жұмыстарына қолданылатын инженер-



лік карталар жатады.

Картаның қызметі мазмұнын, қамтылатын нысандарды таңдау-

да шешуші рөл атқарады. Карталар пайдалану əдістеріне қарай  

жеке беттік, қабырға жəне оқулық мəтініне қосымша берілетін 

карталар болып бөлінеді. Жеке беттік карталар мемлекеттер мен 

аумақтардың жиналмалы картасына біріктіріледі. Мөлдір үлдірге 

(пленкаға) дайындалып графопроекторлармен көрсетілетін кар-

талар транспорттық карталар деп аталады. Географиялық кар-

талармен қатар сызба-карталар да қолданылады.   



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау