131
3.2 Жалпы географиялық жəне тақырыптық картада
қолданатын картографиялық кескіндеу тəсілдері
Тақырыптық карталардың мазмұнының элементтері.
Картаның барлық элементтерін мазмұны дейміз. Масштабы мен
қызметіне сай картаның мазмұны алуан түрлі болады. Карта
мазмұнының элементтерінің құрамына географиялық ландшаф-
тар (жер бедері, гидрография, өсімдіктер мен топырақ жамыл-
ғысы) мен əлеуметтік-экономикалық нысандар (елді мекендер,
жол, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылық кəсіпорындары) кіреді.
Ұсақ масштабты карталардың мазмұны аз ғана табиғи жəне
əлеуметтік-экономикалық нысандарды кескіндеумен шектеледі.
Жалпы географиялық шолу карталардың мазмұны алуан
түрлі, мұндай карталарды оқу арқылы:
– кескінделген аумақтың географиялық орны мен оның
жеке бөліктерінің кеңістікте өзара орналасуының, сонымен
қатар, құрылықтағы судың түрлері мен олардың таралуы мен жер
бедерінің ірі пішіндерінің негізгі ерекшеліктерін;
– теңіздер мен құрлықтың аудандарының ара салмағымен
материктердің жағалау сызықтарының тілімделу дəрежесін;
– Жер бедері мен судың арасындағы байланыс жөнінде
маңызды ақпараттар алуға болады.
Көп мөлшердегі жалпы географиялық карталар атластар-
да жинақталады. Тақырыптық карталарда бір немесе бірнеше
табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделіп,
олардың мазмұнын ашуға баса назар аударылады. Тақырыптық
карталардың мазмұны шартты түрде екі бөлімнен тұрады. Бірінші
негізгі бөліміне картаның тақырыбын айқындайтын құбылыстар
кіреді. Бұл бөлімді картаның арнайы мазмұны деп атайды. Мы-
салы, 8 сыныпқа арналған география оқулығымен атластағы
геологиялық картаның арнайы мазмұнын əртүрлі геологиялық
жастағы тау жыныстарының формациялары мен тектоникалық
байланыстары мен жарылыстардың сызықтары құрайды.
Кейбір тақырыптық карталарда географиялық негіз ретінде
теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтары, əкімшілік-аумақтық
бөлінулердің шекаралары, қатынас жолдары, елді мекендер
кескінделеді.
132
Тақырыптық карталардың географиялық негіздері тақырып-
тық картаның арнайы мазмұнына кіретін құбылыстар мен
нысандардың орналасуын бағдарлау қызметін атқарды. Тақы-
рып
тық карталардың географиялық негізінің элементтерін
таң
дағанда олардың тақырыптың арнайы мазмұныны
құрайтын құбы
лыстармен байланысы ескеріледі. Сондықтан
климат картала
рында географиялық негізге жер бедері,
геоморфологиялық карталарда төрттік мұзбасулардың шекара-
сы кіреді.
Тақырыптық карталарда құбылыстардың абсолюттік жəне
салыстырмалы өлшем бірліктері беріледі. Абсолюттік өл-
шем бірліктеріне ауылшаруашылығына жарамды жерлер
дің
га есебімен алынған ауданы, үй жануарларының саны, ақша
бірлігіне шаққандағы өндірілген өнеркəсіп пен ауыл
шаруа-
шылық өнімде рі, жауын-шашынның мм есебімен алын ған
мөл шері жатады.
Тақырыптық карталарда көрсетілетін салыстырмалы шама-
лар ға ел аумағындағы ауылшаруашылығына пайдаланылатын
жерлердің үлес салмағы, бір жылда өндірілген белгілі бір өнер-
кəсіп өнімінің елімізде өндірілген барлық өнеркəсіп өнім дері-
не қатысты үлес салмағы жатады. Тақырыптық картаның маз-
мұнын ашу үшін ареал, сапалық түс, нүктелік, изосызықтар,
бел
гілеу, жеке диаграмма, картограмма, картодиаграмма,
қоз ғалыс белгілері əдістері қолданылады.
Гипсометриялық əдіс. Географиялық картаның мазмұ-
нының элементтерінің ішіндегі кескінделу жағынан ең күрделісі
жер бедері болып табылады. Кез-келген картада жер бедерінің
ойлы-қырлылығының сипаты, тау беткейінің көлбеулігі айқын
кескіндеуі тиіс. Ірі жəне ұсақ масштабты карталарда жер
бедері гипсометриялық əдіспен горизонтальдардың көмегімен
кескінделеді [3.4-сурет].
Картаның масштабына сай горизонтальдар белгілі бір
биіктікте жүргізіліп, олардың аралықтары жер бедерінің негізгі
пішіндерін айқындайтын қабатты бояулармен боялады. Əр
қабатты бояу қамтыған теңіз деңгейінен алынған биіктіктер
картаның бұрыштамасының астындағы биіктік жəне тереңдік
шкаласында көрсетіледі. Биіктік жəне тереңдік шкалаларының
133
көмегімен қима-сызбалар құрып, нысанның абсолют биіктігін
анықтауға мүмкіндік береді. Жер бедерінің негізгі пішіндерінің
абсолют биіктігін көрсететін сан жазылған түсіндірмелі шарт-
ты белгімен бейнеленеді.
3.4-сурет. Жер бедерінің горизонтальдармен кескінделуі
Қабатты бояулар əдісі жер бедерінің ірі пішіндерінің алып
жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің
көлбеулігін анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық нысан-
дар мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні жағалау сызықтарымен
шектеліп көгілдір бояулармен боялады.
Су нысандарының тереңдігі изобаттармен көрсетіліп,
көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы əртүрлі
көгілдір түстермен боялады. Табиғи су қоймаларының
тереңдіктері тереңдік шкалаларында көрсетіледі. Табиғи
су қоймаларының тереңдік белгілері мұхит асты бедерін
гипсометриялық əдіспен кескінделуін толықтырады [3.5-су-
рет]. Мысалы, Қара теңізіңің терең жері 2210 метр, Тынық
мұхитындағы Курил-Камчатка шұңғымасының тереңдігі 9717
м. Шығанақтар мен мұхит асты тауларының төбесі болып та-
былатын банкалардың ең саяз жері де көрсетіледі. Теңіздің
жағалау сызықтарының кескінделуіне де ерекше көңіл бөлінеді.
Ұсақ масштабты карталарда өзен жүйелерінің жалпы кескіні,
симметриялылығы мен ассимметриялылығы, басты өзеннің
төменгі, орта жəне жоғарғы ағыстары, өзен алаптарының су
айырықтары беріледі.
Өзендердің кеме қатынасына қолданылатын бөліктері қос
сызықпен кескінделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |