Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет35/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   141

112

тоғысу нүктелерін есептеп, басқа барлық параллельдердің тоғысу 

нүктелерін меридиандарды жүргізу барысында алуға болады. Ме-

ридиандарда параллельдердің аралықтарын белгілеп, лекалдарды 

пайдаланып, оларды нүктелер  бойынша тұрғызады.  

2.4. Картографиялық проекцияны анықтау. 

Картографиялық проекцияны таңдау қағидалары

Картографиялық проекцияларды картографиялық торы 

бойынша анықтау. Географиялық карта бойынша əр түрлі кар-

тометриялық есептер шығару үшін алдымен ол құрылған кар-

то графиялық проекцияны анықтау керек. Аталған мəселені кар -

та 


 

ның меридиандары мен параллельдерінің пішінін, қан 

дай 

бұрышпен түйілісетінін жəне бір-бірінен алыстайтынын, көр ші-



лес жатқан меридиандар мен параллельдердің қиылыс та рын  да-

ғы  меридиандар  доғаларының  ұзындықтары  қалай  өзге ре     ті   нін 

анықтауға мүмкіндік беретін картографиялық торының бел    гіле-

рі не негізделіп картаның атын,  қандайда бір класс немесе топ   қа 

жата тынын  табу арқылы  шешеді. 

Жоғарыда  аталған  белгілер  ірі  аумақтар қамтылған кар-

таларда жақсы анықталады. Картаның өлшемі кішірейген сай-

ын əр түрлі проекцияның картографиялық торлары бір-біріне 

ұқсап оларды ажырату қиындайды. Бірақ іс жүзінде көбінесе ірі 

аумақ қамтылған карталардағы бұрмалануды табуға тура келеді. 

Сондықтан проекцияның класы мен оларға тəн бұрмаланудың 

түрлерін білудің  географтар жұмысына   қажеттілігі күннен-

күнге артуда. Қалыпты цилиндрлі, жалған цилиндрлі, конусты 

тағыда басқа проекциялар бойынша проекциялардың кластарын 

біршама жеңіл анықтауға болады. 

Егер меридиандары мен параллельдері бір-бірінен бірдей 

 

қашықтықта жүргізілген, бірін-бірі перпендикуляр қиып өтетін түзу 



болса, онда  карта қалыпты цилиндрлі проекциямен құрыл ған. Егер 

картада меридиандары бір нүктеден таралатын сəуле тəріз   ді түзу, 

параллельдері концентрлі доға сияқты болса, онда бұл – қалып-

ты конусты проекция. Егер барлық меридиандар сəуле тəріз  ді түзу 

бұрыш жасап ортасындағы нүктеде түйіліссе, парал лель  дері кон цен-

трлі шеңбер тəрізді болса, онда ол – қалыпты азимутты проекция. 




113

Көлбеу,  көлденең   цилиндрлі  жəне  азимутты  проекциялар-

мен  құрылған карталардың картографиялық торларының пішіні 

басқаша болатынын есте сақтау қажет. 

Картографиялық тордың пішіні бойынша бұрмаланудың сипа-

тын анықтауға да болады. Егер көршілес жатқан екі параллельді 

меридиандардың қиып өтуінен түзілетін торлардың аудандары 

бірдей болмаса,  онда  картаның проекциясы  тең ауданды емес.    

Егер көршілес жатқан екі меридианды қиып өтетін параллель-

дерден түзілетін тордың ауданы экватордан алыстап, ендіктері 

артқан сайын өзгермей сол қалпында қалса, картаның проекция-

сы тең ауданды болмайды. Егер көршілес жатқан екі параллель 

мен оларды қиып өтетін меридиандардың қандай да бір бөлігі 

түзу бұрыш жасамай қиылысса, онда карта тең бұрышты проек-

циямен құрылмаған. 

Аумақты қамтуына қарай карталарды құруға іс жүзінде дүние 

жүзі нің, материктер мен жеке елдердің карталарын құру үшін 

əр түрлі проекция қолданылады. Қамтылған аумағының ірілігі 

əртү 

р 

лі карталарға біртекті проекцияны қолдануға  мүмкіндік 



бермейді. 

Картаның проекциясын жеңіл анықтау үшін жекеленген  са-

лыстыру белгілері енгізілген анықтағыш-кесте құрылады. Бірақ 

оны пайдалану үшін келесі ережелерді сақтау қажет: 

1. Алдымен  қамтуына қарай қандай аумақ кескінделгенін 

дұрыс  анықтап,оны сəйкес келетін кестеден табу. 

2. Кестеде орталық (түзу) меридианның ұзындығының өзгеруін 

ескеретін белгілердің берілетінін, ал, тіпті, кейбір карталар да тор-

дың жиілігіне енбегендіктен орталық меридианның өзі  кес кін  -

дел  мейтінін ескеру қажет. Бірақ сызылмағанымен түзу сы зық өте-

тін орынды табу қиын емес. Ол көбінесе бір-біріне қара ма-қар сы 

дөңес болып келетін екі меридианның ортасында  орна ла  са ды. 

3. 

Көршілес жатқан параллельдердің арақашықтығының 



орталық меридианнан алыстаған сайын өзгеруін картаның шетін-

дегі сол параллельдерді қиып өтетін көршілес меридиан дардың 

ара-қашықтығымен салыстыру қажет. 

4. Көбінесе аумақтың ендік бойынша орташа параллелі кес-

кін делмейді. Сондықтан көршілес жатқан меридиандар доға-

сы  


 

 

 



ның ұзындығын кескінделген аумақтың ортасына ең жақын 

8–1171



114

орналасқан параллельді алу керек. Мысалы,  Қазақстанның кар-

тасында 48º, Ресей Федерациясының  картасында 60º параллельді 

алған дұрыс

5. Қалыпты конусты проекциямен құрылған картографиялық 

торда меридиандардың аралықтарының бұрыштары  олардың 

бой лық айырмасына қарағанда əрқашан аз болады. Ол əртүрлі 

конус тық проекцияда əртүрлі.

6. Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің картасында сол-

түстік бұрыштамасының сыртында ғана емес, картаның беті нен 

тыс аумақта да қилысады. 

Жарты шарлар карталарының басым бөлігі азимуттық про-

екциямен құрылатындықтан, оны анықтаудың бірінші сатысында 

бел гілі бір проекцияның   қандай нұсқасына жататынын білу ге 

ба са назар аудару керек [2.9-кесте]. Анықтаудың екінші саты сы 

тал данатын карта құрылған проекцияның түрімен тануға мүмкін-

дік береді. 

2.9 кесте. 

Дүние жүзі карталарының проекцияларын айқындауға арналған 

анықтағыш

Проекцияның сыныбын меридиандар (орталықтан басқа) 

параллельдердің пішіндері бойынша анықтау

меридиандардың пішіні түзу

қисық

қисық


параллельдерінің пішіні түзу

түзу


доға тəрізді

проекцияның класы

қалыпты цилиндрлі жалған 

цилиндрлі

көп конусты

2 меридиандармен салыстырғанда көршілес параллельдер аралықта-

рының экватордан алыстаған сайын өзгеруіне қарап проекцияның түрін 

анықтау


Аралықтары тең 

Қалыпты 


цилиндрлі 

квадратты немесе 

қалыпты цилиндрлі 

түзу бұрышты

Сансонның 

жалған 


цилиндрлі

ГАжКОҒЗИ  

көп конусты 

еркін 


(1950 жылғы 

нұсқасы) 

Аралықтары үш есеге 

жуық артады

Урмаевтің қалыпты 

цилиндрлі

ГАжКОҒЗИ  

көп крнусты 

еркін (ҮКЭ 

нұсқасы)



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау