1-ҚОСЫМША
Өтінім пішіні
Үміткердің аты-жөні:
Ұйымның атауы (қолданылатын болса):
Электрондық пошта мекенжайы:
Телефон нөмірі:
Толтырылған пішінді Анна Гураевскаяға (anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org) 2017 жылғы 12 маусымға дейін (Алматы уақыты бойынша 23:59) жолдау қажет.
Ескерім: жауап өрістерінің өлшемі мәтіннің ұзындығына автоматты түрде бейімделеді.
1-Бөлім: Тәжірибе
Төмендегі бағыттар бойынша тәжірибеңіз, біліктілігіңіз бен кәсіби жетістіктеріңіз туралы қысқаша айтып беріңіз:
оқу материалдарын әзірлеу және (немесе) тренингілер және (немесе) іс-шаралар өткізу, соның ішінде фасилитатор ретінде;
жауапты тұлғалармен, жергілікті басқару органдарымен, азаматтық қоғамның немесе әлеуметтік және жасампаздық кәсіпкерлік секторының өкілдерімен қоғамдық немесе әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс істеу.
Өзіңіз әзірлеген оқу материалдарынан немесе өткізген тренингілерден/іс-шаралардан мысал келтіріңіз (қолданылатын болса).
Ең көбі 1000 сөз
Өлшемнің салмағы: 50%
|
2-Бөлім: Ынталану
Жобаға неліктен қатысқыңыз келетіні, мұның сіздің кәсіптік жағынан дамудағы мұқтаждықтарыңыз бен кәсіби тәжірибеңізге, сондай-ақ сіздің өзіңізді кім деп сезінетіңіз бен мәдениетіңізге қаншалықты сәйкес келетіні туралы айтып беріңіз.
Ең көбі 1000 сөз
Өлшемнің салмағы: 30%
|
3-Бөлім: Кәсіби байланыстар
Өзіңіздің жергілікті іскери әрі кәсіби байланыстарыңыз туралы, сондай-ақ Алматыда «ақылды қала» жасауға қала тұрғындарын тартуды көз алдыңызға қалай елестететініңіз туралы айтып беріңіз.
Ең көбі 500 сөз
Өлшемнің салмағы: 10%
|
4-Бөлім: Адамдармен араласу машықтары
Өзіңізге адамдармен араласу машықтары және мұқтаждықтары әр түрлі болатын аралас топтармен жұмыс істей білу қажет болған жағдайларда істеген жұмысыңыздан бір немесе бірнеше мысал келтіріңіз. Әр жағдайда қандай қиындықтарға тап болғаныңыз және оларды қалай еңсергеніңіз туралы айтып беріңіз.
Ең көбі 500 сөз
Өлшемнің салмағы: 10%
|
5-Бөлім: Түйіндеме
Ағылшын тіліндегі қысқаша түйіндемені (А4 пішіміндегі 3 парақтан аспауы керек) қоса тіркеңіз. Түйіндемеге бөлек баға берілмейді, бірақ сіздің 1-бөлімдегі жауабыңызды растау үшін пайдаланылады.
|
6-Бөлім: Ұйымның берген қолдау хаты (қолданылатын болса)
Өзіңіз жұмыс істейтін ұйымның (бөлімнің) директоры қол қойған қолдау хатын қоса тіркеңіз.
Хатта жоба барысында ұйымыңыздың сізге қандай қолдау жасайтыны көрсетілуге тиіс. Сондай-ақ фасилитаторға қойылатын талаптарды ұйымның түсінетіні және оқу дәрісінен өту мен жаттықтырушы міндеттерін атқару кезінде сізді жұмыстан босатуға дайын екені бейнесін табуға тиіс. Хатты MS Word немесе PDF пішімінде беру керек.
Егер сіз өзіңізді өзіңіз жұмыспен қамтитын тұлға немесе кәсіпорын иесі болсаңыз, бұл талаптар қолданылмайды.
|
7-Бөлім: Тілдер
Өзіңіздің тілдер меңгеру деңгейіңізге 10-баллды шкала бойынша баға беріңіз. Тіл меңгеру деңгейді дәлелдетін сертификаттар бар болса, оларды осы өтінімге қосып жіберіңіз.
Орыс тілі:
Қазақ тілі:
Ағылшын тілі:
|
8-Бөлім: Іріктеу бойынша алдын ала талаптарға сәйкестікті растаңыз.
Алдын ала қойылатын талаптар:
Өтінім түгелдей толтырылып, үміткердің түйіндемесі болуға тиіс.
Өтінім көрсетілген мерзімде берілуге тиіс.
Үміткер жаттықтырушыларға арналған тренинг пен таныстыру сапарына қатыса алатын және ол аталған уақыт кезеңінде жаттықтырушының міндеттерін атқаруға дайын боуға тиіс.
Өтінімді үміткердің ұйымы қолдайтын болуы керек (егер қажет болса; яғни, ұйымның немесе тиісті бөлімнің басшысы қол қойған хат қоса тіркелуі керек).
Үміткер Алматыда тұратын болуы керек.
Үміткер орыс тілін еркін меңгеруі тиіс; қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлей білуі және ауызша тілді түсінуі артықшылығы болмақ.
|
British Council берілген ақпаратты «Азаматтарды «ақылды қаланы» дамытуға тарту» жобасын жоспарлау мен басқару үшін пайдаланатын болады. Ұлыбританияның деректерді қорғау туралы Заңына және Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңына сәйкес, өзіңіз туралы біздің қолымыздағы ақпараттың көшірмесін сұратуға, сондай-ақ бізден сол ақпараттағы кез келген олқылықты түзетуді талап етуге сіздің құқығыңыз бар. Толығырақ ақпарат алу үшін British Council кеңсесіне, Анна Гураевскаяға (anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org) немесе деректерді қорғау бөліміне (IGDisclosures@britishcouncil.org) хабарласыңыз. Деректерді қорғау туралы ақпарат сондай-ақ біздің сайтта орналастырылған: https://www.britishcouncil.org/privacy-cookies/data-protection. Біз осы ақпаратты жобаның серіктестеріне табыстаймыз, олар ақпаратты іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |