Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет132/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141

434

көптеген елдері аумақтарының фотокарталарын жасауға мүмкін-

дік берді. Фотокарталар өзера байланысқан тақырыптық карта-

лар серясын құруға немесе оларды топографиялық картамен 

бірге пайда лануға  жол ашады. Мысалы, тек ірі нысандар мен 

координат торлары, бұрыштамадан тыс рəсімделуі ғана болатын 

1:1 000 000 жəне 1:500 000 масштабты фотокарталардың жүктемесі 

аз болғандықтан,  олар топографиялық шолу карталарының 

беттері мен толықтырылуы мүмкін. 

Ғарыштық түсірулер Жердің жасанды серіктерідегі, ғарыш-

керлер басқаратын ғарыш кемелеріндегі, ұзақ мерзімді орбита-

лық бекеттерде  жер атмосферасының шегінен тыс орна лас қан 

фотокамералардың көмегімен жүзеге асырылады.  

Атқаратын қызыметіне қарай түсірулер жер бетінен 300, 600, 

900, 36 000 шақырым биіктікте  жүргізіледі.  Биіктеген сəйкес  

жердің жасанды серіктерінің орбитада болу ұзақтығы мен 

 

түсіретін аумақтың қамтитын ауданы артқанымен фото үсірілім-



нің шешу мүмкіндігі кемиді. Осыған орай жинақталуы артады. 

Жердің жасанды серігінің орбитасынан бір толық айналуының 

орташа көрсеткіші 650 шақырым биіктікте 90 минутты, 36 000 

шақырым биіктікте 24 сағатты құрайды. 

Масштабы бойынша аэротүсірілімдер ірі масштабты (1:100 

000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:100 000 нан 1:1 000 000-

ға дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000) болып бөлінеді. 

Ғарыштық ұшу аппараттарының (ҒҰА) негізгі ерекшеліктері 

Ғарыш жағдайында ұзақ уақыт бойы өз бетімен жұмыс істеуі. 

Олар басқа аспан денелерімен бірдей қозғалу заңдылықтарына 

бағынады. ҒҰА жылу режиміне, энергиямен қамтамасызетуге, 

ұшу қозғалысын басқаруға, радиотелебайланысқа жақсы жағдай 

жасаған. Онда адамның қалыпты өмірі мен жұмыс істеуі үшін ауа 

температурасы, ылғалдылығы реттелетін, сумен, азық-түлікпен 

қамтамасыз етілген герметикалық бөлме бар. Ғарышкерлердің 

қалыпты өмір сүруді қамтамасызету мəселелері əсіресе тұрақты 

түрле адамдар болатын орбиталық бекеттер мен ғаламшар аралық 

кемелерде біршама күрделі. Жарық пен энергияны  күн бата-

реялары қамтамасыз ететін, борттық реактивтік кондырғылары 

бар,   кеңістікте бағдарлау жүйелері бар көптеген ҒҰА ны-

сандар ғылыми бақылаулар жəне оларды түсіру жұмыстарын 

 



435

жүргізіп байланысты жүзеге асырады. Олар атқаратын үйлесімді 

міндеттердың бірі болып табылатын Жердің географиялық 

қабыққа тəн құбылыстарды, табиғи жəне мəдени ландшафттар-

ды  зерттеу жəне картаға түсіру жұмыстары электрлі магниттік 

толқындар спектрінің əртүрлі  аймақтарында жүргізіліп  ауада 

реттеліп отырады.

10.49-сурет. Арал теңізі (А) мен Алматы облысы аумағының ғарыштан 

түсірілген түсірілмі

10.49-суреттен Арал теңізі мен Балқаш, Алакөл көлдерінің, 

Қапшағай су қоймасның, Жетісу Алатауының пішінін, 

мұздықтардың таралған аудандарын, Іле жəне Қаратал өзендерін 

олардың сағасындағы атырауларын анық байқауға болады. 

Негізгі ақ-қара түсте жүргізілетін  ғарыштық түсірілімдермен 

қатар картаға түсіруде нысандарды табиғи қалпынлда жəне 

түрлендірген түсте беретін түрлі-түсті (спектрлі аймақтық); 

спектрдің аймағын анықтайтын ландшафттар туралы 

ақпараттарды көрсетуге тиімді спектрометриялық;  ультра күлгін 

сəулелермен шағылыстыру арқылы тау жыныстарын, өсімдіктерді 

түсіру түсірілімде белгіленетіндіктен мұнай, жанғыш табиғи 

газ тағыда басқа пайдалы қазбаларды анықтауға мүмкіндік 

беретін ультракүлгін; əртүрлі нысандарды температура белгісіне 

қарай анықтауға ыңғайлы инфражылу; электромагниттік, 

радиолокациялық   түсірілімдер де кеңінен қолданылады.  



436

Пайдаланған əдебиеттер тізімі

1.

 Қалыбеков Т. Қ. Геодезия мен топография негіздері.– Алматы: Ана 

тілі, 1993.–184 б.

2. Картография с основами топографии./ Г. Ю. Грюнберг, Н. А. Лапкина, 



Н. И. Малахов и др.; под ред. Г. Ю. Грюнберга -М.: Просвещение, 1991.–364 с.

3. Попов В. Н., Чеканин С. И. Геодезия. Учебник для ВУЗ.–М.: Горная 

книга, 2007. 

5. Чеканин С. И., Огородников С. В. Геодезия: учебное пособие на электрон-

ном носителе для сситемы дистанционного оброзование.–М.: РТТАУ,   2005.

6. Курошев Г. Д. Геодезия и география.– СПб.  Изд-во С-Петербурского 

университета, 1999.–148с.

7.  Жуков А. С., Серапинас Б. Б. Спутниковое позиционирование. – 

М., 2002.–119 с. 

8.  Книжников Ю. Ф. Аэрокосмическое зондирование. Методология

принципы, проблемы. Учебное пособие. –М.: Изд. МГУ, 1997.

Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1 Мемлекеттік геодезиялық тірек торларының атқаратын қызметі мен 

түрлерін анықтаңыз.   

2. Тұйықталған теодолиттік түсірудің негізгі кезеңдерін, алдыңғы 

жəне кейінгі нүктелердің арақашықтығын, көлденең жəне тік бұрыштарын 

өлшеу əдістерін ашып көрсетіңіз.  

3.

 Теодолиттік тірек торларын құру  жəне түсіру нəтижелерін  камералық 

өңдеу жұмыстарын қалай жүргізеді?

4. Геометриялық, тригонометриялы

 жəне физикалық нивелирлеу бары-

сында көршілес екі нүктенің бір-бірінен өзара биіктігі қалай анықталады?

6. Мензульдық түсірудің негізгі кезеңдерін, тірек нүктелерінің арақа-

шықтығын,  көлденең жəне тік бұрыштарды  өлшеу əдістерін атаңыз.

7.Аэрофототүсірілімдерді дешифрлеудің негізгі кезеңдерін, табиғи 

жəне əлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды тану əдістерін 

анық таңыз. 

4.

 Аэрофототүсіру материалдары бойынша топографиялық карталарды 

құрудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

5. Көп аймақты ғарыштық түсірілімдердің мəнін, олардың аумақты 

аудандастыру мен тақырыптық жəне жалпы географиялық карталарды 

құрудағы маңызын ашып көрсетіңіз.

6. Ғарыштық түсірілімдер картографияның дамуында қандай рөл 

атқарады?




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау