Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет10/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

 

Педагогикалық  технологияда  баланың  позициясы,  білім  беру  үрдісінде  ересектердің  балаға  деген 

қарым-қатынасы өте маңызды орын алады. Осы көрсеткіш бойынша технологияның типтері мынадай:  

a.  Авторитарлы  технологиялар  (субъект-объектілі  қарым-қатынас,  талап  қою  мен  зорлаудың 

басылымдылығы); 

b.  Дидактоцентрикалық  (субъект-объектілі  қарым-қатынас,  негізгі  мақсат  –  оқыту,  тұлғаны 

қалыптастыру құралдары- дидактикалық құралдар); 

c.  Тұлғалық-бағдарлы (бастысы – бала тұлғасы, оның табиғи əлеуетін дамыту. Бала тұлғасы – білім 

беру субъектісі, мақсаты оларды антропоцентрикалық деп те атайды).  

Тұлғалық бағдарлы технологияға:  

Антропоцентрикалық,  

Гуманистік 

Психотерапевтикалық бағыттар тəн.  

Мақсаты – жан-жақты дамытылған, еркін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.  

Тұлғалық бағдарлы технологиялар түрлері:  

1.  ізгіліктік-тұлғалық 

технологиялар 

– 

ізгіліктік 



мəнге 

ие, 


тұлғаға 

психотерапевтикалық  қолдауц  көрсету,  көмек  беру.  Идеясы  –  баланы  жан-жақты 

құрметтеу, жақсы көру, оның шығармашылығына сену.  

2.  ынтымақтастық  технологиясы  демократизмді,  педагог  пен  баланың  субъект-

субъектілі қарым-қатынасындағы теңдік, жолдастық.  

3.  еркін тəрбиелеу технологиясы. Балаға таңдау жəне өз бетімен жұмыстану еркіндігін 

беру.  

4.  эзотериялық технология – «ұғынылмайтын» санаасты, эзотериялық білім жайындағы 



ілімге негізделген – шындық жəне оған апаратын жолдар. Педагогикалық үрдіс – бұл 

шындықты айту емес, оған ену, жақындау.  

8.  Оқытудың  тəсілі,  əдісі,  құралы  бойынша:  догматикалық,  репродуктивті,  түсіндірмелі-

иллюстративті,  бағдарламалы  оқыту,  проблемді  оқыту,  дамыта  оқыту,  өзін-өзі  дамыта  оқу  диалогтық, 

коммуникативтік, ойын, шығармашылық жəне т.б. 

9. Оқушылардың категориясы бойынша: 

• 

көпшілік (дəстүрлі) мектеп технологиясы, орташа оқушыға есептелген; 



• 

алдыңғы деңгейлі технологиялар (пəндерді тереңдетіп, оқыту, гимназиялық, лицейлік, арнайы білім 

беру жəне т.б.; 

• 

орнын толтыра оқыту технологиясы (педагогикалық түзету, педагогикалық қолдау жəне т.б.); 



• 

түрлі виктимологиялық (сурдо-, орто-, тифло-, олигрофренопедагогика); 

• 

мектеп аясында ерекше балалармен (қиын балалар, дарынды балалар) жұмыс жасау технологиясы. 



10. 

Дəстүрлі жүйені модернизациялау бағыты бойынша: 

a.  Педагогикалық  қарым-қатынастарды  ізгілендіру  жəне  демократияландыру  негізгі  педагогикалық 

технологиялар  –  іс-əрекетке  бағытталу,  тұлғалық  қарым-қатынастардың  басымдылығы,  жекелеу 

тұрғысы,  демократиялық  басқару,  мазмұнның  айқын  ізгіліктік  сипаты  тəн.  Олар:  ынтымақтастық 

педагогикасы,  Ш.А.Амонашвилидің  ізгіліктік-тұлғалық  технологиясы,  адамды  қалыптастырушы 

пəн-əдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильинаның) жəне т.б. 

b.  Оқушылардың  іс-əрекеттерін  белсендендіру  жəне  интенсификациялау  (жеделдету)  негізіндегі 

педагогикалық  технологиялар:  ойын  техөнологиялары,  проблемді  оқыту,  В.Ф.  Шаталовтың  тірек 

сигналдары  конспектісі  негізінде  оқыту  технологиясы,  Е.И.Пассовтың  коммуникативті  оқыту 

технологиясы.  

c.  Оқыту  үрдісін  тиімді  ұйымдастыру  жəне  басқару  негізіндегі  педагогикалық  технологиялар: 

бағдарламалы  оқыту,  саралап  оқыту,  жекелеп  оқыту,  топтық  жəне  ұжымдық  оқыту,  компьютерлік 

(ақпараттық) оқыту технологиялары.  

d.  Оқу  материалын  əдістемелік  жəне  дидактикалық  қайта  құру  негізіндегі  педагогикалық 

технологиялар:  дидактикалық  бірліктерді  үлкейту  (П.М.Эрдниев),  В.С.Библердің  «Мəдениеттер 

диалогы» 

технологиясы, 

Л.В.Тарасовтың 

«Экология 

жəне 

диалектика» 



технологиясы, 

М.В.Воловинтің ақыл-ой əрекеттерін деңгейлі қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы 

жəне т.б. 

e.  Табиғатқа  сəйкестік  технологиясы,  халық  педагогикасының  əдістерін  қолдану,  баланың  табиғи 

дамуына  негізделген  технологиялар:  Л.Н.Толстой  бойынша  оқыту,  М.Монтессори  технологиясы 

жəне т.б. 

f.  Альтернативті: Р.Штайнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы, жəне 

т.б. 


 

№5 дəріс тақырыбы:   Интерактивтік əдістерді қолданудың теориялық негіздері 

1.«Интерактивтік оқыту» ұғымы 

2.Интерактивтік оқыту үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері 

«Интерактив»  сөзі  ағылшынның  «interact»  сөзінен  шыққан.  «Inter»-бұл  өзара,  «act»-əрекеттесу  деген 

мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нəрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен 



əңгімелесу) диолог түрінде өзара əрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- 

бұл  ең  алдымен  мұғалім  мен  студенттердің  өзара  əрекеті  жүзеге  асырылатын  диалогтық  оқыту,  танымдық 

іс-əрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты жəне болжаған мақсаттары болады. Оның 

мақсаттарының  бірі  -оқыту  үрдісін  жемісті  ететін  студенттердің  өзінің  интеллектуалдық  деңгейін, 

табыстылығын сезінуге жəне оқытуда жағымды жағдай жасау. 

Оқу  процесіндегі  өзара  əсердің  жаңа  мазмұнын  бере  алатын  анықтаманы  іздестіру  барысында 

интерактивті  оқыту  термині  пайда  болды.  Бұл  шын  мəнінде  педагогикалық  қарым  –  қатынастың  мəнін, 

мазмұны  мен  құрылымын,  оңтайландыруға  қабілетті  екендігін  көрсетті.  Интерактивтілік  ұғымы 

«символикалық  интеракционизм»  (Г.Блоуберг,  Дж.Г.Мид,  Р.Сирс,  т.б.),  яғни  адамдар  арасындағы  қарым  – 

қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше 

мəнге ие болып отыр. Көптеген негізгі əдістемелік инновациялар. 

 «Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің 

жетістігін,  интеллектуалдық  қабілетін  көрсете  алатындай  жағдай  тудыру  болып  табылады  жəне  бұл  оқыту 

процесінің  нəтижелі  болуына  əсер  етеді.  Оқы  процесіндегі  интерактивтік    əрекет  диалогтың  қарым  – 

қатынасты  ұйымдастыруды  жəне  дамытуды  көздейді.  Өзара    түсінісу,  өзара  əсерге  бірлесіп  шешім 

қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Диалогтық  оқыту  нəтижесінде  сыни  ойлауға,  күрделі  мəселелерді  талдау 

негізінде  шешуге,  балама  пікірлер  айтуға,  дискуссияға  қатынасуға,  басқа  адамдармен  қарым  –  қатынас 

жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық жəне топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу 

жобалары,  рольдік  ойындар  қолданылады,  əртүрлі  құжаттар  мен  ақпарат  көздері  мен  шығармашылық 

жұмыстар жүргізіледі.  

Интерактивті  оқытудың  мəні  оқыту  үрдісін  барлық  студенттер  таным  үрдісіне  тартылып,  өздері 

білетін жəне ойлайтын нəрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру. 

Интерактивті  оқыту  жеке  студенттермен  жұмыс,  жұппен  жұмыс,  топпен  жұмыс  түрінде 

ұйымдастырылады.  Мəселен,  педагогика  сабағында  интерактивті  əдістерді  қолдану  кезінде  студенттерді 

топқа  бөліп,  оларды  белсенді  əрекет  етуге,  бірін-бірі  қолдау,  толықтыру  арқылы  сұхбат  құруға  үйретуге 

болады.  Екі  студенттің  сұхбатына  үшіншісі  де  араласуына  болады.  Ол  қарсы  топтың  студенті  болуы  да 

мүмкін.  Қарсы  топтан  болғандықтан,  ол  сұхбатқа  өзінің    сұрағымен    немесе  екі  студенттің  сұхбатында 

айтылмаған  тақырыпқа  қатысты  тың  дерегімен  қатыса  алады.  Мұны  полилог  деп  атайды.  Бұл  өзге  тілді 

үйренуді жеңілдетеді, оқу процесінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі. 

Сонымен қатар бұл əдіспен өткізілген сабақта мұғалім əр студентке жеке көңіл бөле алады. Себебі 

əрбір  студенттің  жеке  өзіне  ғана  бөлінген  тапсырмасы  болады.  Мұнда  əрбір  студент  өз  жұмысының 

нəтежелі  болуын  көздейді.  Сөйте  тұра,  олар  жұп  болып,  топ  болып  жұмыс  істейтіндіктен,  біріккен 

əрекеттерінің жеткілікті болуын  да мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден кей 

жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат студенттер топтық əрекетте артта қалмау 

үшін тілді  нашар білетін, я білімі төмен серіктесіне көмек береді. Осылайша интерактивті əдіс студенттерге  

мəселені  бірігіп  шешуді  үйретеді.  Бірігіп  жұмыс    істеу  əрі  жеңіл,  əрі  қызық,  əрі  тиімді.  Интерактивті  əдіс 

барысында  олар  мəселені  бірігіп  шешіп  қана  қоймай,  бірлесуге,  ұйымдасуға  бейімделе  отырып,  оқып 

үйренуге тырысады. Бұл оқытудың тəрбиемен бірлікте жүруіне алғы шарт қалыптастырады. 

Интерактивті  əдісте,  жоғарыда  айтқанымыздай,  мұғалім    ұйымдастырушы,  бақылаушы  деңгейінде 

ғана  көрінеді  де,  студент  белсенділігі  арта  түседі.  Интеракция  кезінде  мұғалім  жұмысқа  тікелей 

қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дəлірек 

айтқанда,  өзге  тілді  үйренуде  маңызды  болып  табылатын  студент  пен  студенттің  арасында  болатын 

интеракция  кезіндегі  əрекет  жүйесін  бес  сатыға  бөлуге  болады:  мақсат  қою,  жұмысты  жоспарлау, 

тапсырманы бөлу, студенттер əрекетін бақылау, бағалау. 

Ал  интерактивті  оқытудың  мақсаты-оқу  процесінің  барлық  сатысында  бірлескен  əрекетке  жағдай 

жасау. Əр студентті жеке тапсырмамен  жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Əрқайсысын өз  

міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нəтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру. 

    


 Интерактивті  оқыту  əдістеріне  студенттерді  білім  алу  жəне  оны  өңдеуге  жағдай  жасайтын  əдістер 

жатады.  Олардың  ішінде  белгілілері-«Үлкен  шеңбер»,  «Өзара»  (междусобойчик)  ,  «Аквариум»,  «Ми 

шабуылы»,  «Дебат»,  «Мозайка»,  «Пікірталас  жургізу  əдістемесі»,  «Рольдік  пікірталас»,  «Психологиялық- 

педогогикалық консилиум» жəне т.б. 

       

 Мамандар интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез – құлық нормаларын төмендегіше бөлінеді: 



- өзара біріккен іс- əрекетте «актерлер» мен «көрермендер» жоқ, барлығы қатысушылар; 

- топтың əрбір мүшесінің сөздері тыңдауға тұрарлық; 

- сөйлегенде нақты тақырып бойынша, түсінікті тілмен, артық ақпаратсыз сөйлеген дұрыс;  

- егер ақпараттың кейбір жерлері түсініксіз болса, оны түсінуге бағытталған сұрақта қою керек («Мен дұрыс 

түсінсем?...»); тек содан кейін ғана қорытынды шығарылады;  

- жеке тұлға емес, идея сыналады; 

-  өзара  біріккен  іс  -  əрекеттің  мақсаты  қандай  да  бір  көзқарасты  «жеңу»  емес,  мəселе  бойынша  түрлі 

пікірлерді біліп, жақсы шешім шығару т.б.; 

«Интерактивті  оқыту»  1990  жылдары  интернет  желісінің  дамуымен  байланысты  пайда  болды. 

Осыған  орай,  көптеген  ғалымдардың  түсіндіруінше,  интерактивті  оқыту  компьютер  жəне  интернет  желісін 

пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.  



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау