Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет11/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

«Интеракция»  термині  əлеуметтік  психологияда  да  бар.  Онда    бұл  термин  ертеден  қарастырылып 

келеді.  Алайда  кейбір  əлеуметтанушы  ғалымдар    оны  адамдардың  өзара  бірлескен  əрекеті  деп  көрсетсе, 

кейбіреулері қарым- қатынас деп түсіндіріледі. Енді бір əлеуметтенушілер интеракцияны қарым-қатынастың 

бір түрі деп біледі. 

Педагогикада  «интерактивтілік»  терминінің  жиі  қолданылғанына  қарамастан,  ол  теория  мен 

практиканың  жеке  пəні  ретінде  қарастырылған  емес.  Əдіскер  ғалымдар    бұл    ұғымды  жан-жақты  саралай 

келе, оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:                              

- екі не одан да көп  қатысушының біріккен əрекеттерін  талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық 

жүйе, 

- ұжымдық (топтық) іс-əрекет, 



- əрекет нəтижесіне ролдік жауапкершілік, 

- басқа тұлғамен субъектілік байланыс, 

- тұлға əрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тəуелді болуы жəне оларға ықпалы, 

- əрекеттің тəрбиелік сипатының субъектінің іс- əрекетінде бейнеленуі, 

- субъектілердің өзара қарым-қатынасы. 

№6 дəріс  тақырыбы:  Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивтік əдістерді қолдану жолдары 

1. Студенттердің тұлғалық дамуын жүзеге асыратын интерактивті оқыту моделі 

2. Кредиттік оқыту жүйесіндегі интерактивті дəрісті ұйымдастыру жəне жүргізу бағыттары 

Кредиттік  технология  жүйесінің  негізі  оқытушы    мен  студенттердің  бір  –  біріне    үлкен    сенім 

артуында,  яғни  білім  жөнінде    сенім    кредиті    болу    керек.  Студент  өз  бетінше  оқып  келіп  оған  берілген  

білім  кредитін  өтеуі  керек. Бұл  жүйе  АҚШ,  Жапония сияқты дамыған елдерде енгізілген.   

Қазақстанда  кредиттік  оқу    жүйесіне  көшудің    алғашқы  нəтежелері  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының  (СӨЖ)  ролін  күшейту  керектігін  көрсетті,  себебі  аудиториялық  сабақтардың  санын  тиімді 

түрде  кеміту  жəне    мəселені  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  негіздеу  шəкірттердің  білімін  өз  бетінше 

көтеруіне  жəне  өз  бетінше  дамуына,  сын  көзқарас  пен    ойлау  қабылеттерін  арттыруына  зор    ықпалын  

тигізері  сөзсіз.  Студент  үшін  кредиттік  жүйе  бойынша    оқытудағы  ең  маңызды  нəрсе  пəннің  жұмыстық 

бағдарламасы (силабус) болып табылады. 

Кредиттік  жүйе  бойынша  студент  бұрынғыша  конспект  жазбайды,  оның  мазмұны  белсенді 

таратылатын  материалда  (БТМ)    болады.  Студенттің  өз  бетінше  орындайтын  жұмыстарының  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  аудиторияда  өткізілетін  əрбір  2  сағатқа  сəйкес  студенттердің    оқытушының 

жетекшілігімен  орындайтын  өзіндік    жұмысына    1  –  2    сағат  бөлініп  отыр.  Бұл  сағаттар    сабақ  кестесіне 

енеді  жəне  оқытушының    журналына  жазылады.  Оқытудың  кредиттік  жүйесін  енгізу  экспериментінде 

студенттің  білімін  бағалау  екі  түрлі  маңызды    функция  атқарады.  Оның  біріншісі  студенттерді  үлгерімі 

бойыншаесепке  алу,  екіншісі  оқытудың  мəнін  анықтау.  Студенттердің  білімін  тексеру  мен  бағалау 

студенттердің  білімді    қаншалықты  игергеніне  сəйкес  түрде  жүргізіледі,  сонымен    бірге  оқытушының 

қызметінің қаншалықты нəтежелі болғанын білдіреді. 

  

Оқудың кредиттік жүйесі бойынша курстан курсқа көшудің орташа балы əрбір жоғары оқу орнында 



өз бетінше анықталады.  

Студенттің  өзіндік    жұмыс  тапсырмаларын  екіге  бөліп  қарастыруға  болады.  Оның  біріншісі-  лекция 

сабақтарына  дайын  болу  үшін  қажетті  əдебиеттерді  оқу,  термендер  мен  түсіндірме  сөздерден  глоссарий 

түзу,эссе жазу т. б.  

Екіншісі  –  əрбір  пəннің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  белгілі  бір  білім  мен  уақыт  көлемін 

қажет  ететін  арнайы  тапсырмалар.  Мысалы:  презентация,топтық  жəне  жобалар.  Т.б.  Соңғы  жылдардағы 

практика  көрсетіп  отырғандай,  студенттердің  өзіндік  жұмыс  тапсымаларының  көптеген  түрі  қолданылып 

жүр.  


Интерактивті  оқыту  үрдісінде  оқу  диалогының  сөздік  емес  жəне  сөздік  тəсілдерін  қарастырып 

көрейік. 

Сөздік емес оқыту тəсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады. 

- визуальді 

- акустикалық жəне  т.б. 

Интерактивті оқытудың сөздік тəсілдеріне мыналар жатады: 

- ашық сұрақтарды қою іскерлігі біріккен  «  дұрыс» жауапқа алдын-ала бағытталған жауаптар емес, мəселе 

бойынша əртүрлі көзқарастарды айту; 

-  мұғалімнің    өз  тұғырын  өзара  əрекеттесуде  анықтаушы  ретінде  емес,  сонымен  қатар  студентерге  сабақ 

барысында  « дұрыс» жəне «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына  мүмкіндік беретін 

бейтарап ретінде анықтауы; 

-  сабақтың  қалай  жəне  неге  жүзеге    асатынын  түсінуге  көмек  беретін  сабақты  өзіндік  талдауға  дайындық, 

қай жерде өзара əрекеттесу  «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен  байланысты болды, келешекте қалай 

шешуге болды; 

- сабақтың өту жағдайын, оның нəтежелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу. 

Интерактивті  оқыту  əдістерінің  түрлері:  топтармен    жұмыс,    оқу  пікірсайысы  (Сократтық 

диологтар),  «ойындық  жобалау,  «  ми  шабуылы»,  «пікірталас»,  «дөңгелек  үстел».  Енді  осы  əдістерді 

қолданудың əдістемесін қарастырамыз. 




Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Əрбір топша 

аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады. 

1 кезең.  Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни студенттер оқулықтың 3-

4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға жəне 

өткізуге 15 – 20  минут уақыт беріледі. 

2  кезең.  Жұппен  жұмыс.  Əрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты  белгімен  бейнелейміз.  Төрт  адам  – 

алфавиттің  төрт əрпімен А, Б, В, Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде əрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. 

Мыс;  А – Г, В – Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі  жұптардың 

ортақ шешімге келуіне əкелу. Уақыты – 10 минут. 

3  кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі  жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны 

өзгермейді.  Бұрынғы  жұптардың  өкілдері  жаңа  əріптестеріне  мəселені  өзіндік  шешудің  жолдарын  жəне  

жаңарту  мүмкіндіктерін  іздестіреді.  Уақыты  –  10  минут.  Осылайша  топтың  əрбір  мүшесі  басқаның  пікірін 

тыңдауға  мүмкіндік  алады,  мəселені  қалай  түсінгендігін  білдіреді,  мəселенің  табылған  шешімін  қорғай 

білуге үйренеді. 

4 кезең. Топтық шешімді қабылдау. Əрбір төртік жиналады. Топ мүшелерінің  мəселені əдістерінен 

хабары  болса  да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ  жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, 

сонымен  қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары 

мүмкін)  назар  аударылады.  Ізденуге  10  минут  уақыт  беріледі.  Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни  ақпаратты 

белсенді  меңгеруге  бағытталған  біріккен  іс  –  əрекет  дағдысын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Əсіресе 

бұл  өзгелерден  қысылатын  студенттерге  көмектесіп,  студенттердің  өзін-өзі  бағалауына  жағымды  əсер 

етеді.Бірақ, барлық əдістер сияқты бұл əдістің өзіндік кемшіліктері бар. Мəселен, студенттер шағын топтың 

пікірімен  ғана  санасып,  тұйықталып  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  өзара  əрекеттесудің  жаңа  формасы 

«Мозайкаға» көшуге болады. Бұл əдістің мəні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді 

ортағашығаруынан  тұрады.  Бұл  əдістің  мазмұны  (мəселесі,  тақырыбы,т.б)  алдыңғы  əдістермен  бірдей. 

Алайда , бұл  əдістің ерекшелігі мəселенің топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады. 

1 кезең. Шеңбер ішінде мəселені шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мəселе 4 адамнан тұратын 

кіші  топтардың  ішінде  шешіледі.  Əрбір  қатысушы  талқылаудың  (15  –  20  мин.)  соңында  сол  топтың  ортақ 

шешімінің жоспарын білуі керек. 

2  кезең.  Адамдар  арасында  мəселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да  кезеңнің  аты  кейінгі    əрекеттерді 

көрсетеді.  Алдыңғы  топтар  уақытша  таралып,  жаңадан(əріптік  бірлік)қағидасы    бойынша  құрылған 

топтар(А-А-А-А)келеді. Əрбір жаңа  топтың   қатысушылары өзінің мəселені шешу  жолдарын ұсынып, өзге 

топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ жəне тиімді шешім таңдалады. 

3  кезең.  Жаңа  шешімді  іздестіру.  Алғашқы    топтар  қайта  құрылып  бірігеді.  Бұл  біріккен  ізденісте 

бір  оқшауланған  топтың  жұмысымен  салыстырғанда  объективті  шешім  анықталады.  Уақыты  15-20  минут. 

Бұл өзара əрекетте əрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. Сабақты 

интерактивті түрде  өткізген кезде  студенттер тек қана  бақылаушы болып  қатыспай, қиын мəселерді де өз 

бетінше шеше алатын болады.  

Конференцияның  бұл  түрін  «Дөнгелек  үстел»,  «Ойға  шабуыл»,  «Дебат»,  «Фокус-топ»  жəне  т.б. 

оқыту формаларын қолдану арқылы ұйымдастыруға болады. 

 

№7  дəріс тақырыбы:  Педагогиканы оқыту технологиясы. 

1.  Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар. 



2.  Оқытудың инновациялық технологиясы. 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мəселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде 

оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың əртүрлі технологиялары жасалып, мектеп 

тəжірибесіне  енгізілуде.  Педагогикалық  технологияға  алғаш  анықтама  берген  ғалымдардың  бірі  – 

орыс  ғалымы  В.П.Беспалько.  Оның  жеке  аспектілері  мен  түрлері  В.М.Монахов,  М.В.Кларин, 

П.И.Третьяков,  И.П.Сенновский,  Г.А.Монахова,  М.А.Чошанов  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде 

қарастырылған.  В.П.Беспалько  “Педагогикалық  технологияны  –  практикада  іске  асатын  нақты 

педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен.  Ол педагогикалық  жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал 

ететін  арнайы  ұйымдастырылған,  мақсатты,  бір-бірімен  өзара  байланыстағы  əдіс-тəсілдер  деп 

қарастырады. 

 

«ХХ1 ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген Президентіміз Н.Ə. 

Назарбаевтың  18  ақпан  2005  жылғы  Қазақстан  халқына  Жолдануында.  Бұл  мəселе  жалпы  білім 

беретін  мектептерге  байланысты  айтылып  тұрғаны  белгілі.  Кез  келген  мектептен  толыққанды 

сапалы  білім  алған,  оның  бағдарламасын  толық  меңгерген  оқушыдан  болашақта  жақсы  маман 

білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХ1 ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне 

сенімді азамат тəрбиелеуді талап етіп отыр. 

 

Мектепте  жұмыс  атқаратын,  яғни  балаларға  жүрек  жылуын  беріп,  оларды  білім  нəрімен 

сусындататын əрбір мұғалімге қойылатын қазіргі талап өте үлкен. Мұғалім өзінің инновациялық іс-

əрекетін  қалыптастырып,  оны  меңгеріп,  сол  жаңа  педагогикалық  технологияларды  оқу-тəрбие 

үрдісінде жүйелі түрде пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет /22;22/. 


жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау