Технология дегеніміз- қандай болса да белгілі бір іске қолданылатын қабылдаулардың
жиынтығы. Технология – оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процесі.
Педагогикалық технология дегеніміз- тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдері,
оның құрамды бөлігі ғана.
Жаңаша оқытудың негізгі мақсаты оқушыға деген сенімді бағыт беру, түзету енгізу. Жаңа
технологияларды пайдаланғанда мына жағдайларды ескерген жөн:
- қатар отырған топтың білім деңгейін ескеру;
- əдістеме мен технологияның сабақтастығы.
Бастысы:
- оқушының өз бетінше іс-əрекет жасау тəсілдерін меңгеруде мұғалім тарапынан көмек беруді
бірітіндеп азайту.
- мұғалімнің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.
Жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Алайда жаңа технологиялардың мына түлері
біздің мектеп оқушыларына тиімді нəтиже береді:
- бағдарламалы оқыту;
- профильді жəне кəсіптік бағдар беру;
-тірек конспектісін қолдану;
диалогтік əдістеме;
- модульдік технология;
- семинар сынақ;
- өз бетімен білім алу;
- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың
əдіс-тəсілдерін үнемі жаңарту жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру
мұғалімнің зейін-зерделік, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген
ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін жүйелі
ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену.
2-кезең – меңгеру.
3-кезең - өмірге енгзу, тəжірбеде қолдану.
4-кезең – дамыту, нəтижесін тексеру.
Б.Т.Лихачев “Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып əсер
ететін педагогикалық нəтижеге жетелейтін бір-ліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, үнемі өзгеріп
отыратындығын айтады”.
М.В.Кларин “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы жəне істеу
реті”, деген анықтама ұсынды.
М.А.Чошановтың анықтамасы бойынша “Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің
процессуалдық құрамдас бөлігі”. Ал В.М.Монахов “педагогикалық технологиялар – оқыту процесін
жобалау, ұйымдастыру жəне өткізудің ойластырылған моделі” деп көрсеткен.
[22;3-7]
№8 дəріс тақырыбы: Ойындық технология
1. Ойындар жөнінде теориялар мен түрлері
2. Ойындық педагогикалық технологиялар
Мұғалімнің үнемі ізденіп, өз шеберлігін жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен əдістерін іздестіруі
қажет. Оқушылардың жас ерекшеліктері мұғалімнен сабақ кезінде оқушылардың білімге деген
қызығушылықтарын арттыру жолында ерекше жағдай туғызу қажеттігін талап етеді. Сабақта оқушылар тек
жаңа материалды оқып, есте сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы тəжірибесінен үйреніп, əлемдік
зерттеу ақпараттарымен танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге үйренсе ұстаз еңбегінің зая
кетпегені деп білемін. Əр ұстаз өз сабағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл үшін өз пəніңді
жақсы білгенің жеткіліксіз, ұстаз жақсы əңгімешіл болуы қажет.
Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабылдауын қызықты да, тартымды ететін, олардың
шығармашылық ізденісін шындай түсетін, оқу үрдісінен бірден-бір тиімді тəсілі - ойын технологиясы
болып табылады.
Ойын тəсілдері таным қызметінің эмоционалды жəне тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін
табиғи дұрыс тəсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл
оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады. Ойын – шығармашылық
ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады. Бұл жерде белгілі ғалым психолог Д.Б.Элькониннің
айтқаны ойға оралады: “ойын - баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нəрсеге үйретеді. Бұл нақты
өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-əрекетіне бағдар беретін зерттеу тəсілі. Ойын үрдісі кезінде
балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, əлемді танып-білуге бағалауға үйренеді”.
[24;225-228]
Ойынның ұйымдастырылуы оның негізгі арқауынан: өткізілу орнын, уақытын, қатысушыларды
айқындаудан басталады. Бұл үшін тақырыптық күнтізбе жоспар құру кезеңінде əр түрлі сабақтарда
ойындарды қолданудың перспективалары айқындалады.
Сабақ жоспарларын қарастыру кезеңінде ойынның ережелері құрылады, атрибуттары дайындалады.
Бұл процеске оқушылар да тартылады.
Ойынды əрекеттің басқа түрлерінен шартты болуы ерекшелендіреді, өйткені қызығушылық-шарттылық
жағдаят туғызу арқасында əрекет ойын өзгешелігіне айналады. Сондықтан керекті шарттарды не арқылы
туатынын ескере отырып, ойындарды топтарға бөлуге болады.
Қазіргі кезең əр мұғалімнің алдына оқушының қыбілеті мен мүмкіндігін ескере отырып, осы заманғы
алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолдануды талап етеді. Мұғалім өз тəжірибесінде жалпы топқа ғана
білім беру емес, əр баланың санасын ажеткізу үшін еңбектенеді.
Ойын технологиясы арқылы оқытудың əр деңгейлігіне жəне оқу үрдісінің негізгі міндеті жаңа
материалды оқып үйренудің барынша тиімді нəтижесіне қол жеткізуге болады.
№9 дəріс тақырыбы: Жобалау əдісі.
1. Жобалау əдісі.
2. Жобалау типтері. Оларды құрылымдау.
Əлуеметтік табиғи ортамен жанама өзара əрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда
алынатын білім мен біліктердің қолданылуы жобалау əдісі негізінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқытудың
бұл əдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап əлемнің көп
елдерінде сəтті қолданыла бастады .Ресейде бұл əдісті алғаш қолдануға əрекет жасаған С. Т. Шатскийдің
клубы болды.Жобалау əдісі –ұғылықты толық нəтижемен айақталуы керек балалар анықтаған немесе
педагог ұсынған мəселені деталъдық өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жеткізу əдісі. Ол нəтижені
ақиқат тəжірибелік іс əрекетте көруге ұғынуға болады.
Мəселені шешу бір жағынан оқытудың турлі əдіс,тəсілдердің бірлігін қолдануды,екінші жағынан
білім,біліктерді интеграциялау,ғылымның түрлісалаларынан білімді қолдануды талап етеді.Жобалау əдісі
бойынша жұмысқандайда бір мəселенің болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу əрекеті жоспарлау
болжамның болуы,ролъдің бөлінуін қарастырады.Жобаның тематикасы оқу процесін дифференциялау
процессі,сол сұраққа қатысты жеке оқушының білімін тереңдету мақсатында оқу бағдарламасын ың
қандайда бір теориялықсұрағына қатысты болуы мүмкін.Дегенмен көп жағдайда жобаның тақырыбы
практикалық өмір үшін өзекті,шығармашылық ойлау,зерттеу жəнепрактикалық дағдыларды талап ететін
сұраққа қатысты болады.Осылайша білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау əдістерінің маңызды
мақсаттарының бірі оқуменпрактиканың толыққанды байланыстылығы классиканың дидактикалық
принципін жузеге асыру,
Жобалау əдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданнылуы мүмкін.
- Білім,білік дағдылардын практикалықмəнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі.
-Өз бетінше индивидуалъды жəне топтық іс-əрекет əдістерін меңгеруі.
-Танымдық жəне шығармашылық қабілетті дамыту.
-балалардың кəсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру.
Жобалар алуан түрлі,олардыңжіктемесі түрлі негізде болады.Жобада басымдылық танытқан
міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбалы.
Əдістемелік жобалар-ақпаратты жинау жəне талдау,мəселені анықтау жəне қою,міндет қою.Бұл
жағдайда ақпарат əдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен
қатар қажет қай əдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды.
Жобаға қатысушылар осы міндеттерді шешу бойынша іс-əрекеттердің бағдарламасын өздері
жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-əректтің заттықнəтижесін
балалар
жинаған,доклат,стенд,электрондық
презентация
түрінде
ұсынған
ақпараттар
құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық жəне қолданбалы жобалар-педагог ұсынған немесе алдыңғы
ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу.