Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


-  мақсаттың уақыт талабына сай болуы;   -



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

-  мақсаттың уақыт талабына сай болуы;  

-  технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы;  

-  технологиялық құралдар мен дидактикалық материалды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы;  

-  оқу іс-əректінің нəтижеснің жоғары сапалы болуы;  

-  оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;  

-  оқу поцесінде қарым-қатынсатың еркін болуы;  

-  оның үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.  

Осыған  орай,  білімінің  мазмұны  да,  оған  қойылатын  талаптары  да  өзгереді.  Сол  себепті  қазір 

мектептерде  де  оқытудың  жаңа  технологиялары  қолданыла  бастады.  Онсыз  жаңа  сатыға  көтерілу,  білім 

сапасын  арттыру  əсте  мүмкін  емес.  Сондықтан  жаңашылдық  керек,  яғни,  инновациялық  жүйе  негізінде 

студенттердің белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымды – шығармашылық қабілетін 

дамыту олардың белсенділік – сенімділік сапаларын диагностикалық əдіс – тəсілдерімен анықтауға, сабақта, 

сабақтаны  тыс  уақытта  өз  ойын  еркін  жеткізе  білуге  үйретуге,  қоғамда  болып  жатқан  оқиғаларға  қатысты 

көзқарастарының болуына, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. 



 

№2 дəріс  тақырыбы:   Қазіргі оқытудың инновациялық технологияларына теориялық сипаттама. 

1.  Шет ел жəне отандық əдебиеттердегі «оқыту технологиялары» ұғымы. 

2.  Оқыту  технологияларының классификациясы. 

3.  Инновация түріне сай оқыту технологияларын қолдану мəселесі. 

«Технологияға» анықтама берейік. Бұл жерде осы «педагогикалық технология»  мəніне ие болып тұр.  Оның 

мағынасын  түсінуіміз  үшін  əлемдік  педагогикалық  тəжірибеде  «технология»  ұғымының  тарихына  көз  

жүгірткеніміз жөн. «Техника» сөзінің екі мағынасы бар. 

 1. Өндірістік құралдарының  жиынтығы  

 2. Бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жиынтығы. 

      «Технология» термині  сол тəсілдер жүйесі ( ілім) деген мағынаны  

білдіреді. Шын мəнінде, білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болды деу ағаттық. 

Оқыту технологияландыру туралы ойды осыдан   400 жыл бұрын Я.Коменский айтқан екен.  

      Интерактивті технология əдістеріне мыналар жатады:  

    а) эвристикалық əңгіме  б) пікірсайыс əдісі в) «миды шабуылдау» əдісі  

г) «дөңгелек үстел»    д) «іскерлік ойын» əдісі жəне т.б. 

Г.В.Селевко «педагогикалық технология» үш жағын белгілейді:  

-  ғылымилық:  педагогикалық  технология  –  оқытудың  мақсатын,  мазмұнын  жəне  əдіс-тəсілдерін 

жасайтын, педагогикалық үрдісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы; 

-  үрдісті-сипаттаушы:  үрдісті  сипаттау  (алгоритмі),  оқытудың  жоспарланған  нəəтижесіне  жетуде 

қолданылатын мақсат, мазмұн, əдіс-құралдар жиынтығы; 

-  үрдісті  –  іс-əрекеттік:  технологиялық  (педагогикалық)  үрдісті  жүзеге  асыру,  барлық  тұлғалық, 

құралдық жəне əдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.  

Отандық  педагогикада  «педагогикалық  технология»  ұғымы  оқыту  жəне  тəрбиелеу  үрдісінде  бірдей 

қолданса, шетелдік педагогикада ол тек оқыту саласымен шектелген.  

Білім  беру  практикасында  «педагогика  технология»  ұғымы  үш  өзара  бағынышты  деңгейде 

қолданылады;  

1. Жалпыпедагогикалық  (дидактикалық)  деңгей:  жалпыпедагогикалық  (жалпы  дидактикалық, 

жалпытəрбиелік).  Технология  белгілі  бір  аймақтағы,  оқу  орнындағы,  оқытудың  білім  деңгейіндегі  тұтас 

білім  беру  үрдісін  сипаттайды.  Мұнда  педагогикалық  технология  педагогикалық  жүйе  ұғымымен 

мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ əдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-

əрекеттік алгоритмі енеді.  

2. Жеке  əдістемелік  (пəндік)  деңгей:  бұл  «жеке  əдістеме»,  яғни  бір  пəн,  сынып,  шеберхана  аясында 

оқыту  мен  тəрбиенің  белгілі  бір  мазмұнын  жүзеге  асыру  да  қолданылатын  əдіс,  құралдар  жиынтығы 

(мысалы, оқу пəндерін оқыту əдістемесі жəне т.б.) 

3. Модульдік деңгей: бұл оқу-тəрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық 

жəне  тəрбиелік  міндеттерді  шешу  (іс-əрекеттің  бір  түрінің  технологиясы,  ұғымдарды  қалыптастыру,  жеке 

тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру,  сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы жəне т.б.)  

Педагогикалық техънологияның негізгі құрылымдық бөліктері:  

a.  Тұжырымдамалық негізі; 

b.  Оқытудың мазмұндық бөлігі: 

оқытудың мақсаттары – жалпы жəне нақты; 



оқу материалының мазмұны; 

c.  үрдістік бөлік – технологиялық үрдіс: 

оқушылардың оқу əрекетінің əдістері мен формалары; 



мұғалім жұмысының əдістері, формалары;  

материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім əрекеті;  



оқу үрдісін диагностикалау. 

Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі əдіснамалық талаптар:  



1. тұжырымдамалық  негіздің  болуы.  Кез-келген  педагогикалық  технологияға  белгілі  білім  ғылыми 

тұжырымдама  тəн.  Оған  білім  беру  мақсаттарына  жетудің  философиялық  ,  психологиялық,  дидактикалық 

жəне əлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.  

2. Жүйелілік.  Педагогикалық  технология  жүйеге  тəн  барлық  қасиеттерге  ие  болуы  тиіс:  үрдістің 

логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы. 

3. Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нəтижені 

түхзетук мақсатында əдіс-тəсілдерді, құралдарды өзгерту.  

4. Тиімділік.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  бəсекелестік  жағдайында  өмір  сүргендіктен, 

нəтижесі  бойынша  тиімді,  шығындары  бойынша  үнемді,  оқытудың  белгілі  білім  стандарттарына  жетуді 

қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.  

5. Қайта  өндірілуі.  Педагогикалық  технологиялар  білім  беру  орындарында  түрлі  субъектілердің 

қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.  



 

№3 дəріс тақырыбы:   Технологияны оқыту. Технологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері  

1.  Технологиялық оқыту – даралап жəне деңгейлік саралап оқытудың құралы.  

2.  Технологиялық оқытуды ұйымдастыру.  

3.  Технологияны оқыту бойынша оқу жоспарын құру принциптері  

Технологиялардың жіктелуі. 

Педагогикалық  технологияларды  жіктеу  мəселесі  В.Г.  Гульчевская,  В.П.Беспалько,  в.Т.Фоменко, 

Г.К.Селевко жəне т.б. еңбектерінде қарастырылған.  

1. Қолдану  деңгейі  бойынша:  жалпыпедагогикалық,  жеке  əдістемелік  (пəндік)  жəне  модульдік 

технологиялар.  

2. Философиялық  негізі  бойынша:  материалистік,  идеалистік,  диалектикалық,  метафизикалық, 

ғылыми  (сциентикалық),  діни;  ізгілікті,  ізгілікті  емес;  антропософиялық,  теософтық;  прагматикалық 

экзистенциалистік, еркін тəрбиелеу жəне зорлау; жəне т.б. 

3. Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді  жəне идеалистік 

технология.  Тұлға  -  бұл  биогенді,  социогенді,  психогенді  факторлар  əсерінен  туындайтын  нəтиже,  нақты 

технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде көрсетуі мүмкін.  

4. Тəжірибені 

меңгерудің 

ғылыми 


тұжырымдамасы 

бойынша: 

ассоциативті-рефлекторлы; 

бихевиористік, 

гештальттехнологиялар, 

интериоризаторлық, 

дамытушы, 

нейролингвистикалық 

бағдарламалау жəне суггестивті.  

5. Тұлғалық  құрылымдарға  бағытталуы  бойынша:  ақпараттық  технология  (пəндер  бойынша  білім, 

білік,  дағдыны  қалыптастыру);  операциялық  (ақыл-ой  əрекеттерінің  тəсілдерін  қалыптастыру); 

эмоционалдық-көркем  жəне  эмоционалдық  құлықтық  (эстетикалық  жəне  құлықтық  сапаларда  қарым-

қатынастарды  қалыптастыру);  өзін-өзі  дамыту  технологиялары  (тұлғаның  өзін-өзі  басқару    механизмін 

қалыптастыру(;  эвристикалық  (шығармашылық  қабілеттерді  дамыту)  жəне  қолданбалы  (іс-əрекеттік, 

практикалық саланы қалыптастыру). 

6. Мазмұн  мен  құрылым  сипаты  бойынша:  оқыту  жəне  тəрбиелеу;  зайырлы  жəне  діни,  жалпы  білім 

беретін жəне кəсіби-бағдарлы, гуманитарлық жəне технократтық, кешенді (политехнологиялар) жəне аралас 

технологиялар.  Монотехнологияларда    оқу-тəрбие  үрдісі  бір  басым  идея,  ұқстаным,  тұжырымдамаға 

негізделсе,  политехнологияда  –  бірнеше  технологиялардың  бірігуі.  Басқа  технологияларға  жиі  енгізілетін 

технологиялар,  олардың  элементтері  аралас  технологиялар  деп  аталады.  Олардың  рөлі  –  катализатор 

(жеделдеткіш), белсендендіргіш.  

7. Танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру жəне басқару бойынша ажыратылған (оқушылардың іс-əрекеті 

бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау), бейтарап (фронтальды), 

бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының көмегімен).  

Аталған қасиеттерге сəйкес технологиялардың мына түрлері ажыратылады (В.П.Беспалько):  

1 – дəстүрлі дəрістік оқыту; 

2 – аудиовизуальды  техникалық құралдар көмегімен оқыту; 

3 – «кеңесші» жүйесі; 

4 – оқулық көмегімен оқыту; 

5 – «шағын топтар» жүйесі;  

6 – компьютерлік оқыту; 

7 – «репетитор» жүйесі; 

8 – «бағдарламалы оқыту». 

 

 

№4 дəріс тақырыбы:  Оқытудың инновациялық технологияларының білім беруді модернизациялау 

контекстінде дамуы. 

1.   Білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы. 

2.  Білім берудің педагогикалық технологиялары. 

 

  




жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау