Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар



жүктеу 102,17 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата20.11.2018
өлшемі102,17 Kb.
#22261
1   2   3   4   5   6   7

      (нөмірі және күні жүйеде қалыптастырылады)

      1) екінші деңгейдегі Эмитенттің бизнес идентификациялау нөмірі(БИН)/ жеке 

сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тауарды шығару тәсілі (Қазақстан 

Республикасына әкелінген/Қазақстан Республикасында өндірілген/бақылау (идентификациялау) 

таңбаларымен таңбалануға жататын осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген 

тауарлар қалдығы/комиссиялық тауар);

      3) бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру тәсілі (тігілетін, желімделген, ілетін (

жапсырылған);

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар 

номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) төртмәнді тауар коды;

      5) дайындалуға жататын бақылау (идентификациялау) таңбасының саны;

      6) бірінші деңгейдегі Эмитент;

      7) жеткізу мекенжайы;

      8) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын, жауапты тұлғаның 

аты-жөні, тегі (болған жағдайда);

      9) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның жеке басын

куәландыратын құжаттың нөмірі;

      10) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның телефон 

нөмірі;


      11) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның 

электронды мекенжайы.

 

"Табиғи теріден жасалған киім



заттары, киімге керек-жарақтар

және өзге де бұйымдар" тауар

позициясы бойынша тауарларды

бақылау (идентификациялау)

белгілерімен таңбалауды енгізу

жөніндегі пилоттық жобаны іске

асыру қағидаларына 5-қосымша

 

нысан



 

____________________________

(бірінші деңгейдегі Эмитенттің 

атауы)


____________________________

(басшының |Т.А.Ә. (ол болған кезде)

____________________________



(екінші деңгейдегі Эмитенттің атауы

)

Бақылау (идентификациялау) таңбаларын дербестендіруге тапсырыс

      (нөмірі және күні жүйеде қалыптастырылады)

      1) салық төлеушінің бизнес идентификациялау нөмірі(БИН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН

);

      2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тауарды шығару тәсілі (Қазақстан 



Республикасына әкелінген/Қазақстан Республикасында өндірілген/ бақылау (идентификациялау) 

таңбаларымен таңбалануға жататын осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген 

тауарлар қалдығы/комиссиялық тауар);

      3) ақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру тәсілі (тігілетін, желімделген, ілетін, (

жабыстыратын));

      4) екінші деңгейдегі Эмитент атауы;

      5) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның электронды

мекенжайы;

      6) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын тұлғаның телефон 

нөмірі;


      7) бақылау (идентификациялау) таңбаларын тапсыруды жүзеге асыратын, жауапты тұлғаның 

аты-жөні, тегі (болған жағдайда);

      8) тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (импорттаушы-ұйым үшін):

      а) мемлекеттік кірістер органының коды;

      б) тауарға арналған декларацияны тіркеу күні;

      в) тауарға арналған декларациясының тіркеу нөмірі;

      г) тауарларға арналған декларацияда көрсетілген, таңбалануға жататын тауарлар (болған 

кезде) үшін бақылау (идентификациялау) таңбаларының идентификаторының нөмірін;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар 

номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар коды;

      е) тауарларға арналған декларациядағы тауарлардың атауы, реттік нөмірлері және мөлшері

;

      9) қосымша өлшем бірліктерінің (ол болған кезде) мағынасы;




      10) декларанттың БИН/ЖСН;

      11) бақылау (идентификациялау) таңбаларын алу тәсілі (жеткізу немесе өзі тасымалдау);

      12) заңды тұлғалар/дара кәсіпкерлер мекенжайы/әкету пункті (бақылау (идентификациялау)

таңбаларыналудың таңдалған тәсіліне байланысты);

      13) жаһандық сауда бірлігінің идентификациялау нөмірі GTIN:

      а) тауардың атауы;

      б) тауарды өндірушінің атауы (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы);

      в) тауардың әр түрлілігі (тауар дайындаған материалдың атауы және тауардың ерекше өзге

белгілері (түсі, мөлшері, моделі және өзге де белгілері);

      г) тауардың шығарылған елін;

      д) тауар мөлшерінің өлшеу бірлігін;

      е) ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды.

      14) дайындалуға жататын бақылау (идентификациялау) таңбасының саны.

 

"Табиғи теріден жасалған киім



заттары, киімге керек-жарақтар

және өзге де бұйымдар" тауар

позициясы бойынша тауарларды

бақылау (идентификациялау)

белгілерімен таңбалауды енгізу

жөніндегі пилоттық жобаны іске

асыру қағидаларына 6-қосымша

Бақылау (идентификациялау) таңбасына қойылатын талаптар

      1. "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар"

тауар позициясы бойынша тауарларды таңбалауға арналған бақылау (идентификациялау) таңбасы (

бұдан әрі – бақылау (идентификациялау) таңбасы) радиожиілік белгісін қамтиды (бұдан әрі – 

RFID-белгісі).

      Бақылау (идентификациялау) таңбасы қорғау элементтері (құралдары) (қорғалған 

полиграфиялық өнім) бар қатаң есептілік бланкісі болып табылады.

      2. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай рұқсат етілген мөлшерлерде болады:

      25 мм x 160 мм (25 мм x 210 мм дейін – опционды);



      53 мм x 80 мм (53 мм x 170 мм дейін – опционды).

      Бақылау (идентификациялау) белгісі бейнелерінің мысалы осы талаптарға қосымшаға сәйкес

табыс етілді.

      3. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай ең аз міндетті қорғау элементтерімен (

құралдармен):

      1) қорғау элементтері бар арнайы қорғалған қағаз (целлюлоздық немесе синтетикалық);

      2) латенттік көзбен көруге болатын кескіннің және (немесе) голографиялық элементтердің

негізіндегі қорғау белгісі;

      3) көрінетін және (немесе) көрінбейтін, қорғау бояуларымен орындалған графикалық 

қорғау элементтері;

      4) графикалық торы бар позитивтік және (немесе) негативтік шағын мәтінмен қамтамасыз 

етіледі.


      4. Тауарларды таңбалау кезінде оларды тауарға түсірудің мынадай тәсілдері мен тәртібі 

қолданылады:

      1) тігілген, бұл бақылау (идентификациялау) таңбасы, машиналық тәсілмен тоқыма 

негізінде, бұл таңбада графикалық ақпаратты толығымен көрінетін етіп қалдыра отырып, 

бұйымның конструктивті тігісіне тікелей тігіледі. Бұл жағдайда, бақылау (идентификациялау) 

таңбасын түсіру, тігу үшін арнайы ашық жолды пайдалана отырып, ішкі жағынан (аударып) 

осындай белгіні тігу жолымен тауарды дайындау кезінде орындалады.

      2) желімделетін, бақылау (идентификациялау) таңбасы, тауардың конструктивті элементіне

, өздігінен желімделетін негізде, желімделеді (тігілген таңбалайтын құлақша). Бұл жағдайда, 

бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіргенде, дайындаушымен тігілген таңбалайтын құлақша 

тауарда болған және оған деформациясыз көрсетілген белгіні орналастыру үшін жеткілікті 

мөлшерде бос ашық жолы бар кезде орындалады. Бақылау (идентификациялау) таңбасын түсіру, 

осындай белгіні желім қабатынан қорғау жабынын ажырату және бұл белгіні таңбалайтын 

құлақшаның бос ашық жолына желімдеу жолымен орындалады;

      3) жапсырылатын (ілетін), бақылау (идентификациялау) таңбасын бұйымның алдыңғы жағана 

түймелейтін тесігіне не ілмешегінің тесігіне пластикалық негізінде, бір реттік пломбылайтын 

элементтің көмегімен, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілмешегіне не ілмешегін ұстайтын 

тігілген торға металл шынжырша түрінде, металл пластина түрінде және басқа материалдардан 

түспейтін етіп бекітіледі. Бақылау (идентификациялау) таңбасын бекіту, бақылау (

идентификацияланған) таңбасының икемді пломбы элементін өткізу жолымен ілмешегінің тесігі 

немесе бұйымның алдыңғы жағандағы түймелейтін тесігіне, тігілген ілмешегіне немесе тігілген 

тұзақ ілмешегіне және пломбылайтын элементтің бекіту құрылғысы жолымен орындалады, оны 

бұзбай ажырату мүмкін емес.

      5. Бақылау (идентификациялау) таңбасының материалы:

      1) таңбаның бүтіндігін және оны тауарға бекітуді;



      2) тауарды тұтынушыға өткізгенге дейін, белгіде бар ақпараттың оқылуын;

      3) қайта пайдалану кезде негізінің бұзылуын;

      4) аязға шыдамдылығын (пайдалануға шыдамдылығы -40 °C және одан да төмен температура 

кезінде жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалуы) қамтиды.

      Бақылау (идентификациялау) таңбасының негізі ретінде тоқыманы, платиктерді немесе 

қағазды пайдалануға болады.

      6. Бақылау (идентификациялау) таңбасын дайындаған кезде UHF-диапазондағы RFID-таңбасы 

мынадай техникалық сипаттамаларды пайдаланылады:

      1) ISO 18000-63 стандартының талаптарына сәйкес келетін жиілік диапозондағы (860 – 960

МГц UHF RFID хаттамасы үшін) жұмысы;

      2) оның TID – чиптің жадысы саласындағы өндіруші жазған RFID-белгісі бірегейлі чиптің 

сериялы нөмірінің болуы;

      3) EPCglobal UHF Class 1 Gen 2/ISO/IEC 18000-63:2013 деректемелерді беру хаттамасы;

      4) жадының көлемі: EPC – 128 биттен кем емес, User – 32 биттен кем емес, TID – 64 

биттен кем емес;

      5) сақтау температурасы – -40° C-тан +70° C-қа дейін;

      6) жұмыс жасау температурасы – -40° C-тан +50° C-қа дейін;

      7) бағдарламалау циклдері – жазбада кемінде 10000 циклдер.

      7. Бақылау (идентификациялау) таңбасына материалы мен түсіру тәсіліне қарамастан, 

мынадай ақпараттар енгізіледі:

      1) ISO/IEC 29160 Information technology – Radio frequency identification for item 

management – RFID Emblem стандартына сәйкес келетін RFID-таңбасының болу белгісі;

      2) Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар 

номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар тобының орыс тіліндегі қысқаша атауы ("Табиғи

теріден жасалған киім заттары" – "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге 

керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (

идентификациялау) таңбасымен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру 

кезіндегі тауарлар үшін). Блоктың мөлшері – 5 x 45 мм;

      3) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген, 

Әлем елдерінің жіктеуіштеріне сәйкес айналымға тауарды шығаруды жүзеге асырған мүше 

мемлекеттің екі символдық коды (Қазақстан Республикасы – KZ). Блоктың мөлшері – 15 x 18 мм;



      4) бақылау (идентификациялау) таңбасының (идентификаторы) идентификациялау нөмірі;

      5) айналымға тауарды шығару тәсілін белгілеу (Қазақстан Республикасының кедендік 

аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өндіру). Қазақстан 

Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар, Бақылау (идентификациялау) таңбасымен 

таңбалауға жататын тауарларды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру 

қағидалары заңды күшіне енгенге дейін өткізілмеген тауарлардың қалдығын және комиссиялық 

тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі қызыл түспен және Қазақстан 

Республикасының кодымен ашық жолда қосымша оң жақты бағандық белгімен белгіленеді. Қазақстан

Республикасының аумағында өндірілген тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі 

жасыл түспен белгіленеді.

      8. Бақылау (идентификациялау) таңбасы мынадай машина оқитын ақпаратты қамтиды:

      1) мыналарды:

      TID-жады саласындағы – RFID-таңба чипті өндірушімен жазылатын бірегей сериялық 

RFID-таңба чипінің нөмірі;

      User-жады саласындағы – бірінші деңгейдегі Эмитентпен жазылатын бақылау (

идентификациялау) таңбасының идентификаторы;

      EPC-жады саласындағы – екінші деңгейдегі Эмитентпен жазылатын сауда бірлігінің 

сериялық жаһандық идентификациялау нөмірі (SGTIN) қамтитын, RFID-белгі;

      2) ақ-қара бояуда орындалған Code-128 символикасында сызбалы штрих коды. Сызбалы штрих

код, осы Қағидаларға сәйкес кодталған түрдегі бақылау (идентификациялау) таңбасының 

идентификациялау нөмірін (идентификаторын) қамтуы тиіс;

      3) кодталған түрде таңбалау ақпараттық жүйесі парталына сілтеме жасауды қамтитын 

екіөлшемді штрих коды (QR-коды 20 x 20 мм мөлшерінде) (бақылау (идентификациялау) таңбасының

идентификациялау нөмірімен ұлттық компонентіне URL-сауал).

      Бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірі (идентификаторы) мынадай

құрылымды қамтиды: YY-XXXXXX-NNNNNNNNNN, мұнда:

      YY – тауарды айналымға шығаруды жүзеге асырған ЕАЭО мүше мемлекет екісимволдық коды (

Қазақстан Республикасы – KZ);

      XXXXXX – 6 әріпті-цифрлық символдарда бақылау (идентификациялау) таңбасының түрі, 

мұнда:


      бірінші төрт символы – ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды;

      кейінгі екі символы – Қазақстан Республикасының аумағында тауарды айналымға енгізу 

тәсілі туралы ақпарат (01-осы Қағидалары қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген 

тауарлардың қалдықтары; 02-өндіріс; 03-импорт; 04-комиссиялық тауарлар; 05-бақылау (

идентификациялау) таңбасы бүлінген немесе жойылған, Қазақстан Республикасы заңнамасында 



белгіленген мерзімде сатып алушылардың қайтарылған тауарлары, 06-тауарлардың басқа да 

мәртебелері үшін);

      NNNNNNNNNN – бақылау (идентификациялау) таңбасының сериясы мен нөмірі (10 

әріпті-цифрлфқ символдар, онда 0-ден 9-ға дейін сандардың кез келген комбинациялары және 

эмитент автоматты түрде қалыптастыратын және оларға қатысты бақылау (идентификациялау) 

таңбаларымен таңбалау туралы шешім кабылданған, тауарлар тобының және тауарларды айналымға 

шығару тәсілінің шеңберінде тауарлар бірлігін есепке алудың бірегейлілігін қамтамасыз ететін

латын алфавитінің бастапқы әріптері пайдаланылады). Бірінші 3 символ NNN – отыз алты 

жүйедегі ағымдағы күні, келесі 3 символ NNN – кездейсоқ жолмен туындаған сан, соңғы 4 символ

NNNN – осы тапсырыс шегіндегі реттік нөмірі.

 

Бақылау (идентификациялау)



таңбаларына қойылатын

талаптарға қосымша



БАҚЫЛАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) ТАҢБАЛАРЫ КЕСКІНДЕРІНЕ МЫСАЛДАР

1-сурет. Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарлар үшін бақылау (

идентификациялау) таңбасын кескіндеу мысалы


2-сурет. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар үшін бақылау

(идентификациялау) таңбасын кескіндеу мысалы

3-сурет. Тауарға бекітудің ілу (жапсыру) тәсілі үшін бақылау (идентификациялау) 

таңбасын кескіндеу мысалы

      Ескертпе:

      1 және 2-суреттерде пайдаланылатын белгілер, мынаны білдіреді:

      1 – Қазақстан Республикасына-KZ тауарды айналымға шығаруды жүзеге асыратын ЕАЭО мүше 

мемлекет екісимволдық коды. Мөлшері – 15 x 18 мм;

      2 – тауарды айналымға шығару тәсілінің белгісі (Қазақстан Республикасының кедендік 

аумағына тауарды әкелуі немесе Қазақстан Республикасының аумағында тауарды өндіруі). 

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тауарлар, Таңбалауды енгізу жөніндегі 

пилоттық жобаны іске асыру қағидалары заңды күшіне енуіне дейін өткізілмеген тауарлар 



қалдығын және комиссиялық тауарларды бақылау (идентификациялау) таңбасының реңі қызыл түспен

белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды бақылау (

идентификациялау) таңбасының реңі жасыл түспен белгіленеді;

      3 – орыс тіліндегі мәтін түрінде ЕАЭО СЭҚ ТН тауар тобының қысқаша атауы ("Табиғи 

теріден жасалған бұйымдар" – "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар 

және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) 

таңбаларымен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі тауарлар үшін)

. Мөлшері – 5 x 45 мм;

      4 – бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификациялау нөмірі (идентификаторы) 

және сызбалы штрих коды, Code-128 форматында осындай белгіні қайталаушы идентификатор, 

Мөлшері – 12х75 мм.

      Идентификатордың құрылымы YY-XXXXXX-NNNNNNNNNN түрінде болады. Оны толтыру, ЕАЭО мүше 

мемлекеттің екі әріпті кодын қоспағанда, 2015 жылғы 23 қарашадағы №70 Шешімнің 12-тармағына 

сәйкес айқындалады.

      5 – бақылау (идентификациялау) таңбасының идентификаторын қайталаушы және ақпараттық 

жүйесінің парталына сілтеме жасауды қамтитын екіөлшемді штрих коды (QR-коды). Мөлшері – 20 x

20 мм;

      6 – RFID-таңбасының болу белгісі. Мөлшері – 15 x 15 мм;



      7 – бұйымға тігу үшін ашық жолақ (25 x 10 мм немесе 53 x 10 мм) (тек тауарға түсірудің

тігу тәсілі үшін).



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

жүктеу 102,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау