(идентификациялау) белгілерін жойған (бүліну, жоғалу) жағдайда, мұндай мәліметтерді СБӨ-ге
бақылау (идентификациялау) белгілері жойылған (бүліну, жоғалу) күнінен бастап күнтізбелік 10
(он) күн ішінде енгізеді.
8-тарау. Өтпелі ереже
35. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлары бар заңды
тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ жұмыс істеген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн
ішінде СБӨ-ге мәліметтерді табыс ете отырып, оларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен
таңбалауды жүзеге асырады.
"Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 1-қосымша
"Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне қойылатын талаптар
1. "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – СБӨ) осы
Талаптарға сәйкес келуі қажет.
СБӨ-нің құрамына Автоматты түрде идентификациялау жөніндегі дүниежүзілік қауымдастығы
стандарттары бойынша "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге
де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен
таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015–2016 жылдары іске асыру туралы келісімде
көзделген жекелеген құжаттарды бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің
2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен (бұдан әрі – 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 Шешім)
бекітілген Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесіне
енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден
ақпараттарды алуды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар жатады.
СБӨ Еуразиалық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАОЭ) мүше мемлекеттердің тауарларды
таңбалау ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ Еуразиалық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК
) интеграциялық құрамдастармен ақпараттық өзара іс-қимылы, электрондық түрде ЕАЭО шеңберінде
, жалпы үдерістерді іске асыру жолымен ЕЭК интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
2. СБӨ-нің құрамына мынадай қосалқы жүйелер және құрамдастар:
1) мынадай:
таңбаланған тауарлардың айналымына бақылаудың кіші жүйесін;
өзара іс-қимылдың кіші жүйесін;
ақпараттық қауіпсіздіктің кіші жүйесін қамтитын орталық есеп алу жүйесі;
2) нормативтік-анықтамалық ақпараттардың (бұдан әрі – НАА) кіші жүйесі;
3) бірінші деңгейдегі Эмитенттің автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО);
4) екінші деңгейдегі Эмитенттің АЖО;
5) уәкілетті бақылаушы органның АЖО;
6) заңды тұлға мен дара кәсіпкердің АЖО;
7) әкімшінің АЖО жатады.
3. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен СБӨ арасындағы өзара
ақпараттық іс-қимылдар интеграция немесе СБӨ-ге белгіленген үлгідегі файылдарды енгізу
арқылы жүзеге асырылады және мынадай өзара іс-қимылдардың негізгі түрлерін:
1) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін;
2) автоматты түрде идентификациялау ұйымының ақпараттық жүйесін;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін;
4) "Электрондық үкімет" шлюзін;
5) "Электрондық Үкімет" сыртқы шлюзін;
6) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын қамтиды.
4. Бірінші және екінші деңгейдегі эмитенттен, сондай-ақ заңды тұлғалар мен дара
кәсіпкерлерден берілетін мәліметтердің құрылымы мен ақпараттардың форматы осы Қағидаларға
Бақылау (идентификациялау) белгілерін дайындауды және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге
өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне
беретін мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптарға мен оларды беру мерзімі 2-қосымшаға
сәйкес және Бақылау (идентификациялау) таңбаларымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне
енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер "
Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өніміне берілетін мәліметтердің құрылымына
қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды берудің мерзімі 3-қосымшаға сәйкес қойылатын талаптарға
сәйкес СБӨ-де қалыптастырылады.
5. Автоматты түрде идентификациялау жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі СБӨ-де мына
ақпаратты:
1) тауардың атауын;
2) тауардың сапасына талапты белгілейтін нормативтік құжаттарға сілтемегі (болған
кезде);
3) тауарды өндірушінің атауын (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы);
4) тауардың әр түрлілігін (тауарды дайындаған материалдың атауын және тауардың ерекше
белгілерін (түсі, мөлшері, моделі және өзге де ерекшелері);
5) тауардың шыққан елін;
6) тауардың санының өлшем бірлігін;
7) тауардың ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі –
ЕАЭО СЭҚ ТН) кодын ұсынады.
СБӨ жыл ішінде тәуліктің кез келген уақытында тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
СБӨ-нің жылына тоқтап тұру уақыты 24 (жиырма) төрт сағаттан аспайды.
Осы Талаптардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген ақпараттарды сақтау мерзімі кемінде
үш жылды құрайды.
СБӨ үш еселенген барлық таңбалауға жататын тауарлар позициясы бойынша Қазақстан
Республикасының орташа жылдық айналымымен тепе тең санында, бірақ екі жүз миллион жазбадан
аспайтын, таңбаланған тауарлардың тізілімін, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Тауарлар туралы мәліметтерге сұрау салу кезіндегі үн қосу уақыты, он бес секундтан
аспайды.
Сыртқы пайдаланушылардың сандық құрамы – таңбалауға жататын тауарлардың айналымын
жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер шектелмеуі тиіс.
СБӨ сыртқы пайданушылардан, секундына кемінде 100 (жүз) сұрау салуды орындауды
қамтамасыз етеді.
СБӨ өңделетін таңбалауға жататын тауарлар мен тауарлар топтары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН
кодтарының саны шектелмеуі тиіс.
"Табиғи теріден жасалған киім
заттары, киімге керек-жарақтар
және өзге де бұйымдар" тауар
позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау)
белгілерімен таңбалауды енгізу
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру қағидаларына 2-қосымша