Министерство здравоохранения республики Казахстан



жүктеу 294,5 Kb.
бет1/3
Дата15.01.2020
өлшемі294,5 Kb.
#26798
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық


4 басылым


Алматы, 2011


м.ғ.д., профессор Ж.Е.Баттақова, м.ғ.д. Ш.Қаржаубаева,

Р.Колокина, А.Шайкенова



Әдістемелік нұсқаулық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы «Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасының үйлестірушілеріне арналған. Бұл 10 жылғы жұмыс тәжірибесінен кейін толықтырулар енгізілген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайту мектептерінің еуропалық желісі» жобасының үйлестірушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық негізінде әзірленген. Бұл жобаны үш: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Еуропалық Қауымдастық, Еуропалық Кеңес халықаралық ұйымдары үйлестіреді, және Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы жүзеге асырады.


Нұсқаулықтың негізгі мақсаты үйлестірушілерге жобаны аймақтық деңгейде жүзеге асыру бойынша көмек көрсету. Нұсқаулықта жоба жөніндегі ақпараттар берілген: тарихи анықтама, мақсаты, міндеттері, жобаны енгізудің нақты жолдары, мектептер жұмыс жүргізе алатын бағыттар мен индикаторлар ұсынылған.
Мекен-жайымыз: Алматы қ., Қонаев көшесі 86,

СӨСҚП ҰО, Тел.: 8(7272)91 84 15, Факс: 91 20 81, сайт www. hls.kz

Рецензенттер:

СӨСҚПҰО ғылыми кеңесі бекіткен


23.02.2011 ж. № 1 хаттама

Мазмұны

Қысқартулардың тізімі …………………………………… ……………….. 4
Кіріспе ……………………. 5
1 Тарау. ДДҰ «Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасы…………….. 7

2 Тарау. Жобаны енгізудің негізгі кезеңдері ……………………. 12

3 Тарау. Жобаның стратегиясы мен негізгі бағыттарын әзірлеу.

Ұзақ мерзімдік жоспар жасау …………………….. 14



4 Тарау. Қоғам назарын мектептердегі денсаулықты нығайту мәселесіне аудару 19
Қосымшалар …………………………… 21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………. 32
Қысқартулар

ДДҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ЕК Еуропалық комиссия

ЕАБ Еуропалық аймақтық бюро

ЕҚ Еуропалық қауымдастық

ДНЫМЕЖ Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің еуропалық желісі

ЕПМ Емдеу-профилактикалық ұйымдар

ЖХК Жоспарлау жөніндегі Халықаралық комитет

МЕҰ Мемлекеттік емес ұйымдар

СЭСмМҒТО Санитарлық эпидемиологиялық сараптау мен мониторингтеудің ғылыми-тәжірибелік орталығы

СӨСҚП ҰО Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы

СӨСҚ ОО Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

ПБЗ психикаға белсенді әсер ететін заттар

АМК Алғашқы медициналық көмек

ЕК Еуропа кеңесі

БАҚ Бұқаралық ақпарат құралдары

ТЖ Төтенше жағдайлар

ЖМҮ Жобаның мектептік үйлестірушісі

ДНЫМ Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер


КІРІСПЕ
Тарихи анықтама
1999 ж. мамыр айында Қазақстан Республикасына Қазақстанның Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің еуропалық желісінің ресми мүшесі екендігін куәландыратын, Жоспарлау жөніндегі Халықаралық комитет (ДДҰ ЕАБ, Еуропалық қауымдастық, Еуропа кеңесі) қол қойған сертификат тапсырылды.

Денсаулықты нығайту мектептерінің қазақстандық желісі денсаулықты нығайту принциптерін мектеп жағдайында жүзеге асырудың нәтижелерін көрсететін, «үлгілі» нұсқаны жасау үшін құрылған еді. Жобаға қатысушы мектептер өз тәжірибелері мен ақпараттарды денсаулық сақтау мен білім беру секторларында таратуы тиіс.

Денсаулықты нығайту мектептерінің желісін құру идеясы 1991 жылы Венгрия, Чех Республикасы, Словакия мен Польшада алғашқы тексеруден өткізілді. Еуропалық комиссия, Еуропа кеңесі және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы арасындағы келіссөздер нәтижесінде осы үшін ұйымның қолдауымен жоба әзірлеу туралы халықаралық келісім жасалды. Денсаулықты нығайту мектептерінің еуропалық желісі ресми түрде құрылып, мүшелікке кіру үшін 1992 жылы ашылды.

Қазіргі кезде денсаулықты нығайту мәселелерін шешу жолдары ретінде кеңінен насихатталып жүрген денсаулықты нығайту мектептері концепциясы алғаш рет 80-ші жылдары Еуропада ұсынылды. Бастапқы концепция бірқатар семинарлар мен конференцияларда талқыланды, соның нәтижесінде кейіннен ДНЫМЕЖ негізі қаланды.

Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің еуропалық желісі – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймақтық бюросы, Еуропалық комиссия және Еуропа кеңесі жүзеге асыратын үш жақты жоба.
Жоспарлау жөніндегі Халықаралық комитеттің басқару құрылымы

Еуропа кеңесі

ДДҰ ЕАБ

Еуропалық комиссия

Техникалық хатшылық

Мектептердің ұлттық желілерін құру арқылы Қазақстан өз қызметінің аясын кеңіту сатысына өтті. Мектеп желілері жастардың, жасөспірімдердің және бүкіл мектеп қауымының арасында денсаулықты нығайту қызметін өрістете отырып, құнды тәжірибе жинақтады.

Денсаулықты нығайту қозғалысына қатысатын мектептер өз мектептерін денсаулық үшін қауіпсіз, және денсаулықты нығайтуға ықпал етуші, бүкіл мектеп қауымы үшін өмір сүруге, жұмыс істеуге және дамуға жайлы орындарға айналдыра отырып, өздеріне денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жауапкершілік алады. Бұған денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың және бүкіл мектеп қауымының серіктестігін орнату және оны қолдау жолымен қол жеткізуге болады.

Жобаға қатысушы мектептер мектептік басқару бағдарламалары мен тәжірибеге, сонымен қатар физикалық және әлеуметтік салаларға басымдық бере отырып, денсаулықты нығайту мәселелерінде кешенді, жан-жақты қамтитын («холистикалық») жолдарды таңдайды.

ҚР Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің

ұлттық желілерінің

құрылымы


Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы



Ұлттық үйлестіруші

16 Аймақтық үйлестіруші


Республика мектептері



Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПІ

1 Т А Р А У

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының

«Қазақстандағы денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептер» жобасы

    1. Елімізде жоба таңдауын негіздеу.

Мектеп оқушылары халықтың ең көп әрі әлеуметтік тұрғыдан белсенді топтарының бірі болып табылады. Республикадағы жалпы білім беретін 7 590 мектепте 3 млн.-ға жуық оқушы оқып жатыр. Қалалық жерлерде барлық мектептердің 23%-і шоғырланған, оларда барлық мектеп оқушыларының жартысына жуығы оқып жатыр. Ауыл мектептерінің үлесіне 77%-і келеді, онда оқушылардың 51%-і білім алуда.

Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 100-ден аса ұлыстың балалары оқиды, олардың арасындағы қазақтардың үлесі – 71,1%, орыстар – 15,2%, ұйғыр – 1,6%, басқалары – 12,1%. Мемлекеттік тілде жалпы білім беретін бағдарламалар барған сайын кеңірек таралуда.

Қазақстан Республикасында білім алу нормативтік-құқықтық базалармен реттеледі: ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты, 12-жылдық орта білім Концепциясы, жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитарлық нормалар мен ережелер және басқа да нормативтік құжаттар. Білім беру процесін ұйымдастыру кәсіби маман педагог кадрлары бар және стандарттарға сәйкес техникалық жабдықталған заманауи мектеп жағдайында денсаулықты сақтаушы технологиялар негізінде жүзеге асырылады.

Бірнеше жылдар қатарынан қауіпті мінез-құлық факторларының «жасаруы» және көбеюі, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдылары мен өз денсаулығына деген жауапкершіліктің болмауы есебінен мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы нашарлап бара жатқаны байқалады.

Сонымен қатар, оқушылардың қазіргі заманғы мектептерде болу жағдайы денсаулықты сақтауға, аурудың алдын алуға, және де сауықтыру шараларын қабылдауға ықпал етпейді.

Мектептердің 87,5%-інде медициналық кабинеттер бар, оларда білім жүйесіне бағынышты медбикелер жұмыс істейді, бұл аумақтық ЕПҰ тарапынан олардың кәсіби жұмысын бақылау мүмкіндігін шектейді. Және де, білім беру жүйесінде денсаулық сақтау жүйесіндегі дипломнан кейінгі білім беру ұйымдарындағы сияқты, олардың медициналық біліктілігін арттыру курстары қарастырылмаған. Денсаулық сақтау жүйесіне қарасты мектеп дәрігерлері мектептердің тек 20%-де ғана бар. Мұның бәрі қазіргі заманғы мектепте болу жағдайына байланысты оқушыларда болтаны түрлі патологиялардың алдын алуға бағытталған шараларды үйлестіруді қиындатады.

Республикадағы мектептердің қазіргі санитарлық-техникалық жағдайы оқып жүрген жылдары ішінде оқушылар денсаулығын сақтауға ықпал етеді (СЭСмМҒТО деректері бойынша):


  • мектептердің 50%-і ғана орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген,

  • 25%-і орталық кәріз жүйесіне қосылған,

  • мектептердің 20%-і орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етілген,

  • іс жүзінде әрбір төртінші мектепте спорт залдары жоқ.

  • мектептердің 34,7%-ндегі оқу жиһаздары бойы мен жас айырмашылық көрсеткіштеріне сәйкестендіріп ауыстыруды қажет етеді.

  • республика мектептерінің 87,9% -нде оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Бұл физикалық белсенділіктің нашарлауы, жақсы дұрыс тамақтанбау және санитарлық-тазалық мәдениеті жеткіліксіз болу салдарынан көру органдары бұзылысының, ас қорыту, тірек-қимыл және зәр шығару-жыныс жүйелері патологияларының, жүйке-психикалық бұзылыстардың көбеюіне ықпал етеді.

Соңғы 5 жылда оқушылардың сырқаттанушылығы 22%-ке көбейді, оның ішінде анемия - 2,5 есеге, тыныс алу органдарының ауруы 1,5 есеге, эндокриндік аурулар мен дұрыс тамақтана алмау 1,4 есеге, жүйке жүйесінің аурулары 1,5 есеге, жарақат алу мен улану 1,2 есеге өсіп отыр.

Асқазан-ішек жолдары ауруларының көбейіп кетуі ерекше алаңдатушылық тудырып отыр. Денсаулық жылы аясында 2002 жылы республика бойынша жалпы білім беретін мектептер жүйесінде оқып жатқан, жасы 12 мен 18 аралығындағы 1637484 бала медициналық тексеруден өткізілді. Зерттеулер нәтижесінде мектеп оқышыларының сырқаттанушылық құрылымында ас қорыту органдарының ауруы алдыңғы орынға шықты (16,7%), әрбір алтыншы оқушы осы аурулардан зардап шегуде. 2010 жылы жүргізілген профтексеру деректері тексерілген оқушылардың 32,1% -нен осы патологияны анықтаған. Мұндай жағдай отбасылық дәстүр, әлеуметтік жағдай мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, тамақтанудың мерзімділігі мен сапасына, азық-түлік түрлеріне, уақтылы әрі құнарлы тағамдардың қолданылуына тікелей байланысты болады.

Кейбір тағам түрлерінің балалар денсаулығына келтірілетін жағымсыз әсерлерін азайту мақсатында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2007 жылғы 30 наурыздағы №12 қаулысымен мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде газдалған және алкоголсіз энергетикалық сусындарды, чипсілерді, қытырлақ нандарды және құрамында генномодификацияландырылған ингредиенттері бар тамақ өнімдерін сатуға тиым салынған.

Ұлттық зерттеулер деректері бойнша (2007 жыл) 13-15 жас аралығындағы балалар арасында темекі шегушіліктің таралуы 9,9% -ті құрады (оның ішінде ұл балалар арасында 12,2%, қыз балалар 7,8 %), 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында – 11%; 9,4% балалар мен 21,3% жасөспірімдер алкоголь қолданады; 11-14 жасар балалар арасындағы физикалық белсенділік көрсеткіші– 39%-ті құрады, 15-17 жастаңы жасөспірімдер арасында – 37%.

Сексуалдық қауіп мінез-құлық факторлары әрбір 8-ші қыз баланың гинекологиялық ауру түрлерімен сырқаттануына немесе жыныстық дамуының бұзылуына соқтырып отыр. Ұрпақ өрбіту жүйесі органдарының созылмалы аурулары мектепте оқи бастаған әрбір 3-4 –ші қыз балада және кәмелет жасына толған қыздардың 75%-нде тіркеліп отыр. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 18 жасқа дейін жүкті болу жағдайы жыл сайын 10 000 –ға дейін тіркеледі, оның үштен екісі абортпен аяқталады. Барлық үзілген жүктіліктің 48% -і қайталанған, яғни осы аборттан кейін болмады дегенде тағы бір жүктілік болып отырған.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес 01.01.2010 жыл бойынша жасөспірімдер арасындағы психобелсендіргіш заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар көрсеткіштері 100 мың тұрғынға шаққанда 564,2 –ні құрады, бұл 2008 жылдың деректерінен 17 %-ке жоғары.

Жасөспірімнің тұлға болып қалыпьасуына, оның психикалық, физикалық денсаулығын сақтауға ықпал ететін маңызды аспект мектептегі қоршаған ортаның жағдайы болып табылады, онда девианттық мінез-құлық қалыптастырылады. Девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдер жағымсыз әрекеттер жасауға бейім болады, бұл құрбыларының, педагогтардың, ата-аналарының және жалпы бүкіл қоғамның оларға деген теріс қарым-қатынасын туындатады.



Мектеп жағдайын жетілдірсек, өмірді жақсартамыз. Біз барлығымыз балаларымызға қамқорлық жасаймыз, олар Қазақстанның болашағы. Әр бала білім алуға, дені сау болуына және қауіпсіз өмір сүруге құқылы және денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектепте білім алуға мүмкіндігі болуы тиіс.

Қазақстандағы Саламатты мектеп желісі оқу үшін, денсаулықты нығайту үшін және өмір сүру үшін ең қолайлы болып табылатын мектептерді республикада құруға шақырады. Осы мақсатпен Қазақстандағы Саламатты мектеп желісі мектептегі денсаулықты дамыту стратегиясының негізделген әрі кешенді тәсілі ретінде денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің тәжірибелерін пайдаланады.



    1. Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта жасау арқылы бүкіл мектеп контингентінде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:

  1. Мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау мен нығайту, денсаулық мәдениеті және салауатты өмір салты тәрбиесі бойынша білім беру жүйесі жүзеге асыратын кешенді іс-шаралар әзірлеу

  2. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерін шешу жолындағы жұмысын үйлестіру .

  3. Білім беру мен әлеуметтік қорғау жүйесі құрылымдарының жұмысын үйлестіру, мүмкіншілігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балалар үшін бейімдетілген білім беру ортасын қалыптастыру.

  4. Бағдарламаны қоғамдық қолдау жүйесін жасау, БАҚ , қоғамдық және кәсіптік мекемелер көмегімен оның нәтижелерін бағалау.

  5. Әр адамның өзінің және айналасындағылардың денсаулығын қорғау жолындағы жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жәрдемдесу.

  6. Оқушылардың өзара қарым-қатынасында, оқушылар мен мектеп қызметкерлері және ата-аналар арасында дұрыс қарым-қатынастардың болуына ат салысу.

  1. Денсаулықты нығайту шараларын қолдау үшін қолданыстағы ресурстарды пайдалану және жаңаларын жұмылдыру.

  2. Қауіпті мінез-құлықтарды азайту.

1.3 Мақсаттық топтар: оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар.

1.4. Денсаулықты нығайту мектептерінің принциптері:



  • Денсаулық мәселелерін сабақтастыра шешу жолдары.

  • Мектептегі денсаулық сақтау бағдарламаларын жүзеге асыруға оқушылардың, мектеп қызметкерлері мен ата-аналардың - қатысуы.

  • Мектептің сапалылығы. Мектептер сабақ беру мен оқыту процесін жақсарту, сонымен қатар денсаулықты сақтай отырып оқушылардың академиялық үлгерімін арттыру үшін жағдай жасайды.

  • Негізділік. Мектептер, ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, тиімді жолдар мен тәжірибелік жұмыстарға бағдарланады.

  • Мектеп және қоғам. Мектеп пен жергілікті қоғам арасындағы өзара тығыз ынтымақтастық.

Теңдік.

Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп бәріне білім беру саласындағы мүмкіндіктердің барлық спектрлеріне тең қолжеткізуіне және әр адамның бүкіл қабылеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін пайдаланып, олардың эмоционалдық, әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып білім беру процесінің теңдік принципін қамтамасыз етеді.

Заңды құқықтар мен нақты құзыреттерді қамтамасыз ету.



Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп оқушылардың қажетті шараларды қабылдап, өзгерістерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттырады. Соның аясында олар өз мұғалімдерімен, ата-аналармен және мектеп контингентімен бірлескен жұмыстарды жүргізе отырып, алға қойылған мақсаттарға жету сезімін сезіндіретін нақты жағдайлар жасалады.

Мектеп ортасы.

Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп денсаулықты нығайту мен сақтаудың шешуші факторлары, денсаулықты тиімді тұрғыдан нығайтуға арналған маңызды қор ретінде мектеп ортасының физикалық, әлеуметтік аспектілеріне баса назар аударады. Бұл денсаулық қорғау пен қауіпсіздік шараларын әзірлеу мен мониторингтеуді, сонымен қатар тиісті басқару құрылымдарын енгізуді қажет етеді.

Бағдарламалар.

Мектептердің оқу бағдарламалары оқушылардың қазіргі және болашақтағы сұраныстарына сәйкес білім алып, өмір сырларын ұғыну, және де өмірлік маңызды дағдылар мен тәжірибелерді игеру мүмкіндіктерін береді, сондай-ақ оқушыларды өмірге шығармашылық тұрғыдан қарауға ынталандырады. Мектептердің оқу бағдарламалары мұғалімдер мен мектеп қауымы үшін шабыт көзіне айналуы, олардың жеке және кәсіби тұрғыдан дамуын ынталандыруы тиіс.

Оқытушыларды оқыту.



Оқытушыларды оқыту белгілі бір деңгейдегі денсаулық пен білім алуға салынатын инвестиция болып табылады.

Табыстылық деңгейін анықтау.

Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектеп мектеп пен тұрғындар деңгейінде жүргізілетін өз іс-қимылдарының тиімділігін бағалап, тәжірибелерін әрі қарай жұмыстар жүргізу үшін пайдаланады.

Болашақты инвестициялау.

Денсаулықты нығайтуға ықпал етуші мектептердің концепциялары мен тәжірибелерінің негізіне осы принциптер алынған. Олар мектептерде қолайлы орта қалыптастыру және кәсіптік мүмкіндіктер жасауға жаңа серпін беру арқылы болашақ ұрпақты оқыту, денсаулығын сақтау мен демократиялық дамыту ісіне үлес қосу негізін қалайды.

1.5. Критерийлер

Жобаға қатысушы мектептердің әрқайсысы келесі критерийлерге қол жеткізу үшін күш салады деп болжамдалады:


  1. Мектеп оқушыларының әрқайсысына мектеп өміріне өз үлестерін қоса алатынын көрсету арқылы, барлығының жеке адамгершілік қасиеттерін арттыру жолында белсенді жұмыстар жүргізу;

  2. Оқытушылар құрамы мен оқышылар арасында, сонымен қатар мектеп оқышыларының өздерінің арасында күнделікті мектеп өмірі барысындағы өзара жақсы қарым-қатынастарды қалыптастыру;

  1. Оқытушылар құрамы мен мектеп оқушылары арасында мектеп алдында тұрған әлеуметтік мақсаттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  2. Мектеп оқушыларының мектептегі қажетті іс-шараларға қатысуына ықпал ететін ынталандыру шараларын қалыптастыру;

  3. Мектептегі дене қимылының белсенділігін арттыру үшін мүмкіндіктерді пайдалану;

6. Мектептің, оқушының отбасы мен қоғамның арасында өзара жақсы қарым-қатынастар қалыптастыру;

  1. Медико-санитарлық ағарту бағдарламаларын біртіндеп енгізу мақсатында мектептің бастауыш, орта және жоғары тізбектері арасындағы сабақтастықты қалыптастыру;

  2. Мектептің барлық қызметкерлерінің денсаулық деңгейі мен тұрмыс деңгейін арттыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу;

  3. Денсаулыққа қатысты еліктеп, өнеге алу үшін оқытушылардың рөлін арттыру мүмкіндіктерін қарастыру;

10. Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыру және оны жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру;

11. Консультациялық және басқа да көмектер көрсету үшін қоғамдағы қазіргі бар қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің ықтимал мүмкіндіктерін жүзеге асыру;

12. Медицина қызметкерлерін әзірлеу және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мектеп қауымын ағарту ісіне оларды жұмылдыру;

13. Профтексеру деректері нәтижесінде денсаулық жағдайын кешенді бағалау көрсеткіштерінде оң өзгерістер анықталған оқушыларды тіркеуге алу;

14. Оқушылардың сырқаттану бойынша сабақтан қалуын азайту, сырқаттану жағдайларының санын өзгерту.

15. Мектеп оқушылары мен педагогтар, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасындағы жанжалды жағдайларды азайту.



  1. Дивиантты мінез-құлқы бар оқушылар санын азайту.

  2. Ыстық тамақпен тамақтандыру ауқымын арттыру.

  3. Оқу процесі барысында жақсы физикалық дамуы тіркелген оқышылардың саны.

  4. Жарақаттануды азайту.

  5. Жас айырмашылығы мен гигиеналық талаптарға жиһаздың сәйкестігі.


2 Т А Р А У

Жобаны енгізудің негізгі кезеңдері

    1. Жобаны мектеп деңгейінде қалыптастыру кезеңі:

  • Әр мектепте мектептік жоба үйлестірушіні тағайындау;

  • Жоба бойынша мектеп командасын ұйымдастыру;

  • Ынтымақтастық туралы ресми келесім жасау.

2.2. Жоспарлау кезеңі: стратегиясы мен негізгі бағыттарды әзірлеу және ұзақ мерзімдік іс-әрекет жоспарын жасау

2.3. Енгізу кезеңі
Мектептік жоба үйлестірушіні тағайындау

Әр мектеп мектептік жоба үйлестірушіні (МЖҮ) тағайындауы тиіс, оның рөлі жобаны жергілікті деңгейде үйлестіру және жобаны енгізу процессінде мектептерге көшбасшы рөлін беру болып табылады. Және де, МЖҮ желіге кіретін ұлттық, аймақтық үйлестірушілермен және мектептермен өзара жұмыстар жүргізуі керек. Тағайындауды мектеп директорларының қолдауымен жоба басшылары жүзеге асыруы тиіс. Әрине МЖҮ әкімшілік штаттан құрамынан болғаны дұрыс (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары).


МЖҮ игеруі тиіс дағдылар:

  • Әрекет етуге ынталандыра білу қабілеті;

  • көшбасшылық;

  • командада жұмыс істей білу;

  • қарым-қатынас жасай білу;

  • мектеп ішінде де, одан тыс жерлерде де әртүрлі адамдармен хат-хабар алмаса білу қабілеті;

  • БАҚ-пен жұмыс жүргізу дағдылары;

  • жобаны мектепте енгізуге басшылық жасау қабылеті; яғни белгілі бір міндеттерді қабылдау;

  • мүмкіндіктерді анықтау, бағдарламаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу;

  • ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

  • мониторингті жүзеге асыра білу.



Жобаны енгізу бойынша мектеп командасын ұйымдастыру
Мектеп командасының құрамы:

  • директор;

  • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

  • мектептегі үйлестіруші;

  • мектептегі медицина қызметкері;

  • мектеп психологы;

  • мектептегі әлеуметтік педагог;

  • ата-ана комитетінің өкілі;

  • оқушылар комитетінің өкілі;

  • басқа да мүдделі тұлғалар.

СӨСҚП ҰО (жобаны қолдау орталығы), білім, денсаулық сақтау басқармалары, СӨСҚОО мен «ДНЫМ» арасында ынтымақсаттық туралы ресми келісім жасау.



2.4. Жоспарлау кезеңі: стратегиясы мен негізгі бағыттарды әзірлеу және ұзақ мерзімдік іс-әрекет жоспарын жасау

Жоспарлау кезеңі стратегияны әзірлеуден, жағдайды бағалау нәтижесін талдау негізінде жұмыстың негізгі бағыттары мен алдыңғы кезектегі мәселелерді анықтаудан басталады.

Сонан соң жобаны енгізу стратегиясы мен мекемеаралық өзара іс-қимылдар негізінде нақты жұмыс бағдарламалары әзірленеді. Осы кезең ішінде қаржыландыру мен қор жинақтау мәселелері де шешіледі.

Жобаны мектеп деңгейінде қалыптастыру кезеңдері:


  • мектептің техникалық жағдайы мен оқушылардың денсаулық жағдайын талдау.

  • стратегиясы мен негізгі бағыттарды әзірлеу, ұзақ мерзімдік (3 жылдық) іс-әрекет жоспарын жасау;

  • қаржыландыру мен қор жинақтау мәселелеріе шешу және жоба бойынша ықтимал серіктестер іздестіру;

  • Мектептерде денсаулықты нығайту мәселелеріне қоғамды қатыстыру.


жүктеу 294,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау