«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет24/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89


Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
міндеттерді  іске  асыруға  қоғамдық  институттарды  тартуға 
тиым салуды емес, мемлекеттік институттарды қоғамдықпен 
ауыстыруға тиым салуды білдіреді.
Жоғарыда аталған ережені Конституциядан алып тастау са-
яси партиялардың дамуы үшін ғана емес, саяси әралуандылық 
туралы конституциялық ережені іске асыру үшін оң мәні бар. 
Оның басқа барлық саяси сипаты жоқ қоғамдық ұйымдардың 
дамуына әсер ететін үлкен мәні бар. Мемлекет функцияла-
рын  жүзеге  асыруға,  атап  айтқанда  құқық  шығармашылық 
процеске,  кең  ауқымды  әлеуметтік  мәселелерді  шешуге, 
құқықтық тәртіпті бекітуге, сот төрелігін жүзеге асыруға және 
т.б жәрдемдесуге дайын қоғамдық өмірдің түрлі салаларын-
да жұмыс істейтін мемлекеттік емес ұйымдар сандық және 
сапалық жағынан ресімделген және дамып отыр. Мемлекет-
тік міндеттерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы 
үшін заңнамалық-құқықтық база қалыптаса бастады.
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  23 
қаңтардағы  қаулысымен  «Қазақстан  Республикасының 
үкіметтік  емес  ұйымдарын  мемлекеттік  қолдаудың 
тұжырымдамасы»  бекітілді.  Қаулыда  бұл  тұжырымдама 
Қазақстан Республикасы Конституциясының негiзін қалаушы 
қағидаттарға,  Коммерциялық  емес  ұйымдар  туралы  заңға 
сүйенетіндігі  айтылған.  Қоғамды  демократияландыруға 
әсер  ететін,  қоғамдық  бiрлестiктердiң  әлеуметтiк  маңызы 
бар  жобаларын  мемлекеттiк  қолдау  тетiгiн  әзiрлеу 
қажеттілігі  көрсетілген.  10  жыл  ішінде  үкіметтік  емес  сек-
тор  негізінен  қалыптасып,  нақты  қоғамдық  күшке  айнал-
ды.  Тұжырымдамада  үкіметтік  емес  ұйымдарды  мемлекет-
тік қолдаудың мақсаты мен негізгі міндеттері айқындалған. 
Негiзгi  мақсаты  -  Қазақстанда  әлеуметтiк  саясатты  жүргізу 
қатынастарының жаңа моделiн қалыптастыру, олармен бел-
сендi  ынтымақтастық  жасау,  оларды  әлеуметтiк  маңызы 


97
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
бар  проблемаларды  шешуге  тарту,  ақпараттық,  консульта-
тивтiк,  әдiстемелiк,  ұйымдық-техникалық  қолдау  көрсету 
арқылы әлеуметтiк бағдарланған үкiметтiк емес ұйымдарға 
тиімді  әсер  ету,  сондай-ақ  мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсы-
рыспен  ықпал  жасау  болып  табылады.  Міндеттердің  ішін-
де мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар арқылы әлеуметтiк 
бағдарланған  үкiметтiк  емес  ұйымдар  бағдарламаларын 
қаржыландыру  көрсетілген.  Үкiметтiк  емес  ұйымдарды 
мемлекеттiк қолдаудың негiзгi қағидаттары мен нысандары 
әзірленді. Олар: 1) заңдылық; 2) әрiптестiк; 3) ашықтық; 4) 
тең құқықтық; 5) келiсiмдiлiк; 6) жауапкершiлiк.
«Мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы қабылданды 
және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру салала-
рын анықтады. Олар: 
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт 
саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір сал-
тын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8)  жетім  балаларға,  толық  емес  және  көп  балалы 
отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10)  азаматтар  мен  ұйымдардың  құқықтарын,  заңды 
мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық келісімді нығайту;


98
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы кел-
мейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар.
Көрсетілген  барлық  нормативтік  құқықтық  актілерде 
қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдарға соңғыларына 
жүктелген міндеттерді шешуге ықпал жасауы туралы сөз бо-
лады. «Жүктеу» бір ғана «тегеуріндік» белгіге ие. «Жүктеуде» 
қоғамдық  институттың  келісімі  сұралмайды.  Мемлекеттік 
міндеттерді орындауға қоғамдық институттардың көмектесуі 
айрықша  көңіл  бөлумен  тек  ерікті  түрде  жүргізіледі,  оның 
үстіне ақылы негізде атқарылады.
Конституциядан мемлекеттік және қоғамдық институттардың 
бірігуіне  тиым  салу  туралы  ереженің  алынып  тасталуы 
«шешімін таба алмай» келе жатқан жергілікті өзін-өзі басқару 
мәселесін шешуге қозғау салды. Қазақстан Республикасының 
Конституциясын қабылдаған 12 жыл ішінде жергілікті өзін-өзі 
басқару туралы бірнеше заң жобалары әзірленді. Көптеген кон-
ференциялар, түрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдер өткізіліп, жер-
гілікті өзін-өзі басқару туралы «төбе-төбе» әдебиет шығарылды, 
алайда  мемлекеттік  және  қоғамдық  институттардың  бірігуі-
не тиым салу туралы ережені Конституциядан алынып тастау 
қажеттігін түсінбейінше, іс орнынан қозғалған жоқ. Бұл туралы 
түсініктеменің тиісті бөлімінде жан-жақты айтылған.
5.2.  Конституцияның  5-бабы  2-тармағы  қоғамдық  бір-
лестіктерді  мемлекеттік  қаржыландыруға  тиым  салады. 
Қоғамдық бірлестіктер өз қаражаты есебінен және басқа да 
заңнамада тиым салынбаған мемлекеттік емес қаражат есебі-
нен қаржыландырылуға тиіс болатын.
Заңмен Конституцияның 5-бабы 2-тармағының мәтінінен 
«қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға» де-
ген сөздер алынып тасталды.
Конституциядан  осы  ереженің  алынып  тасталуы  мемле-
кеттік  және  қоғамдық  институттардың  жақындасу  идеяла-
рын жүйелі жүргізуді білдіреді. Қоғамдық және мемлекеттік 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау