85
IX бөлім
94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика
Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005
жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика
Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына
байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы
бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға
қолданылатын болады.
Ескерту. 94-1-бап Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 21 мамырдағы № 254-III Заңымен енгізілді.
95-бап
1. Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы
төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл
мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен
сайланады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент
Мәжiлiсi депутаттарын партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау
туралы ережелерi екiншi шақырылатын Парламент Мәжiлiсi
депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.
Ескерту. 95-бап Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен енгізілген
толықтырумен.
96-бап
Конституция күшiне енген күннен бастап Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi онда белгiленген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құқықтарына, мiндет-
терi мен жауапкершiлiгiне ие болады.
86
Қазақстан Республикасының Конституциясы
97-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң
бiрiншi құрамы былайша құрылады: Республика Президентi,
Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжiлiсiнiң
Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден
үш жыл мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен
бiр бiрден алты жыл мерзiмге тағайындайды, Конституциялық
Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл мер-
зiмге тағайындайды.
98-бап
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу ор-
гандары тиiстi заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмде
құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс iстеп тұрған сот
төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және
Жоғары Төрелiк Сотының, жергiлiктi соттардың судьяла-
ры Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейiн өз
өкiлеттiктерiн сақтайды. Судьялардың бос орындары Конс-
титуцияда белгiленген тәртiппен толықтырылады.
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық баяндамасы
бойынша қабылданған жəне Президент қол қойған
«Қазақстан Республикасының Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңына
ТүСіНіКТЕмЕ
88
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Қысқартулар мен белгілеулер тізімдері:
№
Қысқарту
Белгілеу
1.
1993 жылғы Конститу-
ция
Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы
2.
1995 жылғы Конститу-
ция
Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы
3.
Заң
«Қазақстан Республикасының Кон-
с т и ту ц и я с ы н а ө з ге р і с т е р м е н
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21
мамырдағы № 254 Заңы
4.
Жергілікті мемлекеттік
басқару туралы заң
«Жергілікті мемлекеттік басқару тура-
лы» Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы Заңы
5.
Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заң
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
6.
мемлекеттік əлеуметтік
тапсырыс туралы заң
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
туралы» Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы
7.
мемлекеттiк нышандар
туралы заң
«Қазақстан Республикасының мемле-
кеттiк нышандары туралы» 2007 жылғы
4 маусымдағы Конституциялық Заңы
8.
Президент туралы заң
« Қ а з а қ с т а н Ре с п убл и ка с ы н ы ң
Президентi туралы» Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 26
желтоқсандағы Конституциялық заңы
9.
мемлекеттік қызмет
туралы заңы
«Мемлекеттік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 23 шілдедегі Заңы
10. БК
2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548
Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексі
11. Ұлттық қауiпсiздiк ор-
гандары туралы заң
«Қазақстан Республикасының ұлттық
қауiпсiздiк органдары туралы»
Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 21 желтоқсандағы Заңы
89
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
12. Президенттің Күзет
қызметi туралы заң
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Күзет қызметi туралы» Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 3
қазандағы Заңы
13. Сот жүйесі туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі
мен судьяларының мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
25 желтоқсандағы Конституциялық
заңы
14. Жоғары Сот Кеңесі тура-
лы заң
«Қазақстан Республикасының Жоғары
Сот Кеңе сі тура лы» Қазақст ан
Республикасының 2001 жылғы 28
мамырдағы Заңы
15. Тұңғыш Президент тура-
лы заң
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Пре зиденті тура лы» Қазақст ан
Республикасының 2000 жылғы 20 шіл-
дедегі Конституциялық заңы
16. Сайлау туралы заң
«Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464
Конституциялық заңы
17. Парламент туралы заң
«Қазақстан Республикасының Парламен-
тi және оның депутаттарының мәртебесi
туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңы
18. Халықаралық шарттар
туралы заң
« Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң
халықаралық шарттары туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
30 мамырдағы № 54 Заңы
19. мəжілісті тарату туралы
заң
«Үшінші шақырылған Қазақстан Респуб-
ликасы Парламентінің Мәжілісін тарату
және Қазақстан Республикасы Парламен-
ті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс
сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы
20. Қазақ КСР Президентін
сайлау туралы заң
«Қазақ КСР Президентін сайлау туралы»
1991 жылғы 16 қазандағы Заң
21. ӘБА туралы заң
«Қазақстан Республикасының Әділет
біліктілік алқасы туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 11 шіл-
дедегі № 234 Заңы
Достарыңызбен бөлісу: |