«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет25/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89


«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
институттардың  ынтымақтастығына  құқықтық  мүмкіндік 
жасалғандықтан,  мемлекет  қуатты  қаржылық-материалдық 
мүмкіндіктерге ие бола отырып, сөзсіз, қоғамдық институттар-
ды қаржыландыра алады. Қазірдің өзінде қаржыландырудың 
екі тәсілі белгіленген: 1) белгілі бір жағдайлардың болуымен 
саяси партияларды ақысыз қаржыландыру; 2) олар әлеуметтік 
тапсырыстарды  орындаған  жағдайда  коммерциялық  емес 
ұйымдарды ақылы қаржыландыру.
Саяси  партиялар  сайлаушыларды  қолдау  кезінде  және 
олардың өкілдері Парламент Мәжілісіне сайланғанда ақысыз 
қаржыландырылуы мүмкін. Өйткені Заң саяси партиялардың 
Парламенттегі  рөлін  елеулі  түрде  жоғарылатуды  көздейді, 
парламенттік  саяси  партиялардың  қызметін  қаржыландыру 
оларды белсенді оң әрекетке ынталандырады.
3. Мемлекеттік тілдегі 9-баптың мәтініне өзгеріс енгізілді, 
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
9-баптағы  «нышандары»  деген  сөз  «рәміздері»  деген 
сөзбен ауыстырылсын. 
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ 
9-БАБЫ
3.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
9-бап
Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк нышандары - Туы, 
Елтаңбасы  және  Гимнi  бар. 
Олардың  сипаттамасы  және 
ресми  пайдаланылу  тәртiбi 
конституциялық заңмен бел-
гiленедi.
9-бап
Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк  рәміздері  -  Туы, 
Елтаңбасы  және  Гимнi  бар. 
Олардың  сипаттамасы  және 
ресми  пайдаланылу  тәртiбi 
конституциялық заңмен белгi-
ленедi.
 
9. Мемлекеттiк рәміздер (белгілер) – Конституциямен немесе 
арнайы заңмен белгіленген, атап айтқанда, оның ұлттық егемен-


100
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
дігін көрсететін халық мүддесін, өзіндік келбетін, кейде белгілі 
идеологиялық мазмұнын беретін нақты мемлекеттің айрықша 
ерекшеленетін белгісі. Қазақстан Республикасының мемлекет-
тiк рәміздеріне - Ту, Елтаңба және Гимн жатады. «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан 
Республикасының конституциялық заң күші бар 2007 жылғы 4 
маусымдағы жарлығымен олардың сипаттамасы, Гимн мәтіні, 
сондай-ақ олардың ресми пайдаланылу тәртiбi бекітілдi

.
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Туы  ортасын-
да  шұғылалы  күн,  оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран 
бейнеленген  тік  бұрышты  көгілдір  түсті  матаны  білдіреді. 
Тудың  сабының  тұсында  ұлттық  өрнек  тік  жолақ  түрінде 
нақышталған.  Күн,  оның  шұғыласы,  қыран  және  ұлттық 
өрнек  бейнесі  алтын  түстес.  Тудың  ені  мен  ұзындығының 
арақатынасы - 1:2.
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы 
аңыздағы  қанатты  пырақ  бейнесін  суреттеумен  айнала  күн 
сәулесі  түріндегі  уықтар  (тіреу)  таралатын  көгілдір  түс 
аясындағы  шаңырақ  (киіз  үйдің  жоғарғы  күмбез  тәрізді 
бөлігі)  бейнесін  білдіреді.  Елтаңбаның  төменгі  бөлігінде 
«Қазақстан» деген жазу бар.
Оны бейнелеуде алтын және көгілдір түстер пайдаланылған. 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  сондай-
ақ  Қазақстан  аумағында  жүрген  адамдар  Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
туын, 
Мемлекеттік 
елтаңбасын,  Мемлекеттік  гимнін  құрметтеуге  міндетті. 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  туын,  Мемле-
кеттік  елтаңбасын,  Мемлекеттік  гимнін  қорлау  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен 
1
  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Жаршысы,  2007  ж. 
№  11,  72  б.  Қазақ  тіліндегі  9-баптағы  «рәміз»  сөзі  «нышан»  сөзімен 
ауыстырылған


101
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республика-
сы Конституциясының 9-бабының қазақша нұсқасына өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілді. Нақты айтқанда, 9-баптағы «нышан-
дары» деген сөз «рәміздері» деген сөзбен ауыстырылды. 
Рәміз  –  жаңа  термин.  Ол  мемлекеттің  ресми  белгілерін 
білдіретін термин ретінде орнығып келеді. Рәміз – белгілі бір 
әлеуметтік-саяси мәні бар идеяны әр түрлі нышандар жүйесі 
және сан алуан бейнелер арқылы астарлап жеткізетін заттық 
айғақ  немесе  шығарма.  Өзін-өзі  даралау  мен  қауымдасуға 
қызмет  етіп,  адамның  бойында  қажетті  сезім  туғызуға 
бағытталған арнаулы әсерлі ақпарат көзі. 
Ал «нышан» сөзінің жалпылық сипаты басым. Ол – заттың, 
құбылыстың,  ұғымның  немесе  идеяның  түп-төркініне, 
мағыналық  негізіне,  болмысына  меңзейтін  шартты  ұғым, 
көркем бейне. 
Демек, «нышан» сөзі өзінің әдет-ғұрыптар мен мағлұматтық, 
эмоциялық және басқа арнайы астарлар жиынтығынан тұратын 
төл болмысымен «рәміз» сөзінің негізін құрайды. 
Сондықтан  да  егемендік  пен  тәуелсіздік  идеяларының 
нақты  заттық  белгілері  –  ту  мен  елтаңбаны  және  осы  ізгі 
ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы болып саналатын 
әнұранды мемлекеттік рәміздер деп анықтау Ата заңымыздың 
9-бабының мазмұнына толықтай жауап береді.
4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. 
Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты терро-
ристік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында 
ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау