56
оқылатан ғылыми жұмыс, сондай-ақ ғылыми проблеманы зерттеу
нəтижелері жөнінде ғылыми-ақпараттық сипаттағы еңбек.
Ғылыми есеп (хабарлау) – зерттеудің мəнін жəне нəтижелерін
баяндаудың жазбаша рəсімделіп оқылуы;
Ғылыми баяндама – белгілі бір кəсіби-педагогикалық мазмұнда
дайындалған, көпшілік назарына ұсынылатын еңбек.
Мақала – ғылыми нəтижелерді баяндаудың жазбаша рəсімделіп
оқылуы;
Монография, кітап, брошюра
– зерттеудің барысы мен
нəтижелерін, қорытындыларын, ұсыныстарын, əдебиеттердің
библиографиялық тізімін егжей– тегжейлі баяндау;
Əдістемелік ұсыныстар – зерттеу нəтижелерін практикада пай-
далану жөніндегі еңбек;
Диссертация – магистр, PhD, ғылым кандидаты, докторы
дəрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған ғылыми нəтижелер баянда-
латын ғылыми жұмыс.
Эмпирикалық
деңгейдегі
зерттеу
əдістері:
байқап-
бақылау, педагогикалық эксперимент, сұрақ-жауап əдістері, білім
алушылардың, жаңашыл педагогтардың тəжірибесін зерттеу,
дəрігерлік-педагогикалық тексеру, педагогикалық құжаттарды зерт-
теу.
Теориялық деңгейдегі зерттеу əдістері: əдебиет көздерін зерт-
теу, талдау мен жинақтау (синтез), абстракциялау (талдап қорыту
жəне жекелеп бөлу), тұжырым жасаудың индуктивті жəне дедуктивті
əдістері, ұқсастыру, модельдеу, болжау əдісі, математикалық жəне
статистикалық əдістер.
Өздік жұмыстар үшін сұрақтар мен тапсырмалар:
* Дербес ғылым ретіндегі кəсіби педагогиканың пайда болуының
объективті алғышарттарын ашып көрсетіңіздер.
* Кəсіби педагогиканың объектісін, пəнін, функцияларын жəне
міндеттерін негіздеңіздер.
* Кəсіби педагогиканың негізгі категорияларының мазмұнын
ашыңыздар: кəсіптік білім, кəсіптік оқыту, кəсіби тəрбиелеу, кəсіби
даму, кəсіби қалыптасу, кəсіби бағдар беру, кəсіби өзін-өзі анықтау,
кəсіптік білім мекемелері.
* Тұтас динамикалық жүйе ретіндегі кəсіби педагогиканың
мəнін ашыңыздар.
57
* Кəсіби педагогиканың құрылымына сипаттама беріңіздер.
* «Кəсіптік
білім», «өндірістік
оқыту»
ұғымдарының
арақатынасы мен ерекшеліктерін анықтаңыздар.
* Кəсіби-педагогикалық
зерттеу
логикасына
сипаттама
беріңіздер.
* Өз қалауыңыз бойынша нақты бір проблема төңірегінде
зерттеудің мақсатын, міндеттерін, əдістерін анықтаңыздар.
* Кəсіби-педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін
анықтаңыздар.
* Кəсіби-педагогикалық зерттеулер объектісінің оның пəнінен
айырмашылығы неде?
* Кəсіби-педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық негіздері
дегенді қалай түсінесіздер?
* Кəсіби-педагогикалық
зерттеу
жұмысының
ғылыми-
теориялық, практикалық маңыздылығы дегенді қалай түсінесіздер?
* Кəсіби-педагогикалық
зерттеу
жұмыстарының
негізгі
түрлеріне мазмұндық сипаттама беріңіздер.
* Кəсіби педагогиканың философия ғылымымен өзара
байланысының мəн-маңызы неде?
* Кəсіби педагогиканың теориясы мен практикасында кəсіби
психологияның атқаратын қызметі қандай?
* Заманауи кəсіп проблемаларының мектептегі кəсіптік
оқытудың оқу бағдарламаларында көрініс алуын ашып көрсетіңіздер.
* «Педагогиканың
əдіснамасы»
ұғымына
берілген
анықтамаларға мəндік сипаттама беріңіздер.
* Кəсіби педагогика əдіснамасының негізгі аспектілерін
сипаттаңыз.
* «Халық қолөнерінің еңбек тəрбиесіндегі педагогикалық
мүмкіндіктерін анықтау» немесе «кəсіби-педагогикалық озық
тəжірибені мектеп практикасына ендірудің тиімділігін арттыру»
мəселелерінің қайсысы практикалық міндеттерді шешуге қатысты,
қайсысы ғылыми проблема болып табылады?
* Əдіснаманың əдіснамалық білімдер жүйесіндегі орнын
анықтайтын үш деңгейіне мысалдар келтіріңіздер.
* Зерттеу əдістерінің зерттеу мақсатына жетудің маңызды шар-
ты екендігін дəлелеп көріңіздер.
* Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған
білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен таны-
са отырып, техникалық жəне кəсіптік білім беру салалары қалай
58
жіктілетінін, оның қандай жолдармен жүзеге асырылатынын
талдаңдар?
* Жалпы орта білімі бар жоғарғы оқу орны студенттерінің оқу
мерзімі ұзақтығы неге байланысты?
* Орта кəсіптік білім беретін оқу орны, бағдарлы жəне
техникалық кəсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыра ала ма?
Егеp жүзеге асыра алатын болса, қандай жағдайда?
* «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған
индустриалды-инновациялық
даму
стратегиясы
бойынша
кəсіптік білім беру мен білікті жұмысшы кадрларды дайындаудың
алғышарттарын жүзеге асыру жолдары» тақырыбына реферат
жазыңыздар.
* Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім
беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын оқып, зерттеп, өз пікірлеріңізді айтыңыздар.
Əдебиеттер:
Негізгі:
Загвязинский В. И., Атаханов Р. Методология и методы психоло-
го-педагогического исследования. – М.: Издательский центр «Акаде-
мия», 2001. – 208 с.
Педагогика: Учеб. пособие для студентов педагогических вузов
и педагогических колледжей /Под ред. П. И. Пидкасистого. – М.: Пе-
дагогическое общество России, 1998. – 640 с.
Подласый И. П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед.
вузов: В 2-х кн. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999. – Кн.1.
Общие основы. Үдеріс обучения. – 578 с.: ил.
Профессиональная педагогика: Учебник. / Под ред. Батышева С.
Я., Новикова А. М. Издание 3-е, перераб. – М.: Ассоциация «Про-
фессиональное образование», 2010. – 456 с.
Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для
студентов, обучабщихся по специальности «Профессиональное об-
учение»: В 2-х книгах / Под ред. В. Д. Симоненко, М. В. Ретивых.
– Брянск: Изд-во Брянского государственного университета, 2003.
– 435 с.
Хмель Н. Д. Педагогический процесс как объект деятельности
учителя. - Алматы, 1978.- 210 с.
Жангисина Г.Д. Педагогика для технических вузов. –Алматы:
АГУ,2006.-192 с.
Достарыңызбен бөлісу: |